Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Екі дос

14 наурыз 2014, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Екі дос.
Сабақтың мақсаты:
I. Білімділік: Достар туралы мәтінді оқытып, мазмұнын игерту. Дос қадірін ұғындыру.
II. Дамытушылық: оқушыларға жаңа тақырып бойынша жалпы түсінік бере отырып:
- оқу, оқыту, аударма, сұрақ - жауап арқылы түсіндіру;
-«БиС» технологиясы бойынша мәтіннен ең негізгіні бөліп алу, мазмұндату және сұрақтарға жауап беру арқылы меңгерген білімді тексеру.
- сөздік қорын байыту.
ІІІ. Тәрбиелік: Мәтіндегі Абыз бейнесі арқылы оқушыларды адал достыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: «БиС» технология, «Ауызша сабақ - 1» картасы.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, тақта, сабақтың девизі.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. (оқушылармен амандасу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту)
Сабақтың девизі: « Жақсы дос үшін жан пида»
І ЖСК - 5 мин.(45 сөз)
(балалар тексереді, дәптерлерін алмастырып, матрицаға жазу)

ІІ. Жаңа сабақ
1) Оқушыларға достық туралы 4 жол өлең оқып беремін.
Кіріспе:
- Балалар бұл кімдер туралы өлең білесіңдер ме?
- Дұрыс, достар туралы. Достар қандай болу керек?.
- не айта аласыңдар?

2) Сөздік жұмыс (сөздер тақтада)
Үйдің арасымен – между домами
Денсаулығы нашар - здоровье слабое
Қаш - убегай
Шыбық - тросточка
Нағыз - настоящий
Сүйсініп - с любовью
а) Тақтадағы сөздерді 1 минут оқып, есте сақтаңыз
б) Енді осы сөз тіркестерді дәптерге жазыңдар. бір минут уақыт беріледі. Тексеріледі.(матрицаға жазамыз)

ІІІ. Мәтінді оқу (5 мин.) тақтадан көрсету
ІV. Қарама - қарсы сұрақтарға жауап беру:
1. Достардың аттары кім?
2. Кімнің денсаулығы нашар?
3. Үйдің жанынан не шыға келді?
4. Абыз не істеді?
5. Ақселеу не істеді??
6. Ақселеуді кімдер құтқарып алды?
7. Ақселеу неге қашпады?
8. Абыз досына не деді?
9. Екеуінің әңгімесін тыңдап тұрған ақсақал не айтты?
10 Абыздың шалбары қандай болып қалды?
11. Ақселеу мен Абыз кімдер?

V. Сын тұрғысынан сұрақ қою.
1. Ақселеу мен Абыз - нағыз достар. (иә)
2. Абыздың денсаулығы өте жақсы (жоқ)
3. Үйдің жанынан мысық шыға келді. (жоқ)
4. Абыз досына қаш деп айқайлады?(иә)
5. Ақселеу де қашып кетті? (жоқ)
6. Ақселеу қашпай, итке қарсы ұмтылды.(иә)
7. Ақселеуді көршілері құтқарып алмады?(жоқ)
8. Абыздың денсаулығы нашар, жүгіре алмайды (иә)
9. Ақселеу досын қорғап қалу үшін қашпады(иә)
10. Ақсақал балаларға сүйсініп қарады(иә)
11. Ақселеуді көршілері құтқарып алды.

VІ. Сабақта оқыған, сұрақтарға берген жауаптарыңды естеріңізге түсіріп, эссе жазыңдар.
VІІ. Тексеру.
VІІІ. Бағалау матрица бойынша.

IX. Қорытынды сұрақ:
Балалар сонымен бүгін достық туралы біраз мағлұмат алдық. Енді бәріміз ойланайықшы Осы бүгінгі сабағымызды қандай мақал - мәтелдермен қорытуымызға болады?
Балалар әдебиет сабағынан өткен дос, достық тақырыбындағы мақал - мәтелдерді айтып өтеді.
X. Үй тапсырмасы. Ақселеуге мінездеме беру
17 783
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспарлары
Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспарлары
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ №1. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық №2. Тақырыбы: Малды пайдаға жарату № 3. Тақырыбы: Мектеп біздің анамыз. Ыстық қой, шіркін, туған жер
Екі дос
Екі дос
Достық туралы түсінік беру. Достықтың маңыздылығын ұғындыру. Достықты қадірлей, қастерлей білуге, адал дос болуға тәрбиелеу.
Тапқыр достар (интеллектуалдық ойын)
Тапқыр достар (интеллектуалдық ойын)
Қызылорда облысы, №187 М. Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің Ән - әуез пәні мұғалімі: Қожарипова Айгүл
Жануарларға ауа, жарық, жылу және су қажет
Жануарларға ауа, жарық, жылу және су қажет
БҚО, Ақжайық ауданы, Мерген ауылы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нигметова Маншук Ханзадақызы
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
БҚО, Ақжайық ауданы, Мерген ауылы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нигметова Маншук Ханзадақызы
Қазақстан – Менің Отаным
Қазақстан – Менің Отаным
Астана қаласы, №36 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Тұрсынхан Гүлжан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×