Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі

15 наурыз 2014, Сенбі
Әдебиет 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайында мағлұматтар беру, ақын тілінің ерекшелігін таныту, өлеңнің мән - мағынасын ашу;
Дамытушылық: СТО стратегияларын пайдалана отырып оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білуін, өз ойын еркін айтып жеткізе білуін, ой - өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту;
Тәрбиелік: Ақынның өлеңі арқылы оқушылардың туған жерін, туған тілі ана тілін құрметтеуге, адамгершілікке, адам бойындағы асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау, талдау жасау, өз пікірін қорғау.
Сабақтың көрнекілігі: Қ. Аманжолов өмірі жайлы видео, слайд.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, музыка
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, сыныпты түгендеу.

І. Үй тапсырмасын сұрау, пысықтау
Оқушылар, біз өткен сабақта Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасын өттік. Ендеше, үй тапсырмасын пысықтап алайық.
Тақтадан «Құралай сұлу» поэмасының композициялық жоспары көрсетіледі. Сол бойынша сюжеттік дамудың әр кезеңіне бір - бір оқушыдан тоқталып айтып өтеді.
Оқиғаның басталуы: Елге сыйлы Ойбас Қыпшақ Монтай би.
Оқиғаның дамуы: Монтайдың Келден баймен кездесуі.
Оқиғаның шиеленісуі: Келден байдың жан баласына ашпаған сырын ашуы.
Оқиғаның шарықтау шегі: Қалмақтың Сейқын ханының қызы Құралаймен кездесуі
Оқиғаның шешімі: Келденнің Құралайдан айрылуы.
Иса Байзақовты біз кім деп танимыз?
Ол қай ғасырда өмір сүрген?
Біз алдыңғы сабақтарда ХХ ғасырдың ақын - жазушыларынан кімдерді өттік?
- Ал, бүгінгі сабағымыз ХХ ғасырдағы ақын - жазушыларымыздың ішіндегі өзіндік орны бар, туған халқының сөз өнерінің төрінде «өртке тиген дауылдай» жырларымен мәңгі орын тепкен, дауылпаз ақын – Қасым Аманжолов жайлы болмақ.

ІІ. Мағынаны тану
1. Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайлы видео көрсетіледі.
2. Слайд арқылы отбасымен таныстыру

ІІІ. Мәтінді игерту
1. «Өзім туралы» өлеңін мәнерлеп оқып шығамын.
2 Түртіп алу әдісі бойынша оқушылар түсініксіз сөздерді түртіп отырады (жасық, бір мезет, тымырсық түнек, бұлқына, шартарап сөздерінің мағынасы түсіндіріліп өтеді.)
3. Оқушылар бір - бір шумақтан оқып шығады.
Топпен жұмыс
1 - топ Екінші, үшінші бағандарды толтыру 1. Өлеңдегі негізгі мәселелер 2. шумақтары 3. тармақтары
Өз жайлы
Өмір мен өлім туралы
Ақындық, оның мақсаты
Болашаққа өсиет

2 - топ Ақынның поэтикалық тіліне талдау жасау
Теңеу, эпитет, метафораларды табу
Өлең шумақтары бойынша өз түсінгендерін қара сөзбен жеткізу.
1 - топ
Өлеңнен үзінді
Өмір жоқ түскен жерде бір арнаға,
Көп күттім, көп тіледім құмарлана.
Қайтейін, жетер емес қысқа өмірім,
Алыстан көрінгенмен құмарлана

Менің түсінігім:
Ақын арманы шексіз, бірақ сол арманын жүзеге асыруға уақыт жетпейтіндігін, өзінің өмірінің қысқа болатындығын сезгендігі байқалады.
2 - топ
Өлеңнен үзінді
Қасыммын, сол баяғы бір Қасыммын,
Бақытын ойламаймын құр басымның.
Тымырсық түнек болсаң – дұшпаныңмын,
Ақ көңіл адал болсаң – сырласыңмын.

Менің түсінігім:
Ақынның кең пейіл, жайдары мінезін байқаймыз. Ақтықты, адалдықты сүйетін өзі де пәк ақын деп білеміз.
Өлең жолдарындағы ұқсастықтар, үндестіктер.
1 - топ: Абайдың «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» деген ойымен Қасым өлеңіндегі қай жолдар үндеседі.
2 – топ: Мұқағалидің «Шаң басқан архивтерден табылармыз» деген ойымен Қасым өлеңіндегі қай жолдар үндеседі.

ІҮ. Білімді бекіту:
1. Өлең «Өзім туралы» деп аталса да, ақын тек өзі туралы толғаған ба?
2. Өзі арқылы тағы қандай мәселелерді көтерген?
3. Өлеңде қандай көңіл - күй басым?
Ү. Қорытындылау. Қасым Аманжолов – өзі айтқандай елінің ерке ақыны. Қанша ғасыр, қанша жыл өтсе де солай болып қала бермек! Аз ғана ғұмыр кешіп әдебиетімізге зор үлесін қосып кеткен дауылпаз ақынды біздер мәңгі жадымызда сақтаймыз және мақтан тұтамыз!
ҮІ. Үйге тапсырма: «Өзім туралы» өлеңінен үзінді жаттау.
Өлеңді оқи отырып ақынға мінездеме беру.
ҮІІ. Білімді бағалау. Оқушылардың сабаққа араласуына, жауаптарына қарай бағалап өту
8 507
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнделікті сабақ жоспары Қ. Аманжолов «Дауыл»
Күнделікті сабақ жоспары Қ. Аманжолов «Дауыл»
Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай жасау, «Дауыл» өлеңі жайлы түсінік беру, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
Қасым Аманжолов «Дүниеге жар»
Қасым Аманжолов «Дүниеге жар»
Қасым Аманжоловтың поэзиясының ерекшелігін, «Дүниеге жар» өлеңінің идеясын таныту, мән - мағынасын ашу. Дамытушылық: Дүниетанымын кеңейту, өзіндік зерттеу арқылы ой қорытуға дағдыландыру.
Қасым Аманжолов «Өзім туралы»
Қасым Аманжолов «Өзім туралы»
Жалпы мақсаттар: Қасым Аманжолов өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру, поэзиясының ерекшелігін таныту, өлеңнің мән - мағынасын ашу, идеясын таныту.
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Пшанова Аманкул Абубакировна
Қасым – жыр, Қасым – ән.
Қасым – жыр, Қасым – ән.
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, «Ю. А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кутпаева Раушан Рамазановна
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев қазақ мектеп – интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әсем Қайратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×