Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Театр. Сын есім

17 наурыз 2014, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Театр.
Сын есім. 11 – ші сынып. Нәтиже сабақ.
Мақсаты: Оқушылардың театр туралы алған лексикалық білімдерін қорытындылау, тақырыпқа сәйкес сөйлеу әрекеттерін пысықтау. Сын есімнің жасалу жолдарын қайталау.
Дамытушылық: өзара байланыстыра сөйлеу дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыта оқыту.
Тәрбиелік: өнерге деген қызығушылықты арттыра отырып, сонымен бірге құрметтеуге, бағалауға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: жұптық, топпен жұмыс істеу, алты телпек де Боно, аудирование.
Көрнекілік: Нақыл сөздер: « Еңбексіз өнбек жоқ», « Жаман үлесінен құр қалар», « Өнер – ағып жатқан бұлақ», презентация «Театр», А - 3 формат қағаздар, маркерлер, кесілген смайликтер, алты телпек.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі – Сергіту минутасын өткізу:
- Сәлеметсіздерме, балалар! Бүгінгі күніміз сәтті өту үшін көңіл – күйімізді көтеріп алайық. Қазір тақта алдына кімдер жапон халқы болғысы келеді? Ал кімдер еуропалықтар, африка халқы кімдер болғысы келеді? Енді осы халықтардың амандасуы бойынша біздер бір – бірімізге сәлем берейік: еуропалықтар қолмен амандасады, жапондықтар еңкейіп амандасады, ал африкалықтар аяқтарымен бір – бірімен шалысады. Осылайша көңіл көтеріп, оқушылардың назарын аударамыз.
Оқушыларды топқа бөлу үшін олардың сүйікті заттарын алып, телпекке саламыз, енді әр заттың иесін дайындалған үстелдерге отырғызамыз – «Ақ телпек», «Сары телпек», « Көк телпек», «Жасыл телпек», «Қызыл телпек», «Қара телпек». ( оқушылардың санын белгілеп отыру керек).
Тақтада « Театр» - презентациясын көрсетіп, жұптарға тапсырма беріледі – Төменде берілген сөз тіркестерін аударыңдар. Өзара тексеріп алыңдар, тақтада жазылған дұрыс жауаптарын топпен тексеру.
Классическое произведение, место игр и представлений, спектакль, великолепное чувство, коллективное искусство, вдохновение, ценность культуры.
Өлеңдерді мәнерлеп оқып, сын есімдерді теріп жазыңдар.
1. Сәулетті, сәнді тұрмысты
2. Байлығы шалқар шалқыған.
3. Ақ пейіл, азат, ырысты,
4. Айналдым туған халқымнан.
(Жамбыл)
2. Әуеден алтын сәуле қарға құлап,
Жанданды жазды көріп жарғақ лақ.
Жүгірді айдын – айдын айна бұлақ,
Орғылап ойдым – ойдым ойға құлп.
Бұлт жөңкіп айдалаға аспан көшкен,
Танымсыз дүние тулап астан – кестен.
(Т. Айбергенов )
Топтарға жалпылай тапсырма:
Театр – өнер ордасы.
1. Сөздік құру.
2. Театр ерекшеліктері.
3. Театрға бару – сөйлемдерді үлгілерін құру: Мен театрға....
4. Біз театрда қойылымды...
5. Бізге... ұнады, себебі... Театрда көрген қойылымдар.
1. Театр неден басталады?
2. Театр – ұжымдық өнер( драматург, режиссер – қоюшы, гримерші, киім – кешек жасаушы, жарық берушілер, декоратор) сөйлемдерді құрастыру.
3. Театрға не үшін бару керек?

Топтардың осы кезеңдегі жұмысын презентация бойынша тексеріп, сөйлемдерді қайталаймыз.
«Алты телпек» - тәсіліне көшпек алдында топтағы оқушыларға « жеті гүл» түсті қағазда жазылған топтағы оқушылардың атқаратын рөлдерін белгілейміз – (генератор идей, лидер группы, секретарь – оформитель, суретші, советник ). Әр топтың жұмысын тексеру үшін постер дайындап, барлық топтардың алдарында қорғауды талап ету.
«Ақ телпек» - белгіленген сұрақтары: Қазақ театрының қалыптасуы, алғашқы «Ұлт театры» кітаптарының шығуы, бірінші труппа актерлері кімдер?...
«Сары телпек» - Театрдың ерекшеліктерін көрсету, тиімді жолдарын сөйлемдер арқылы айту, дәлелдеу.
« Көк телпек» - «Театр керек пе?, Театр қойылымдары қызықты және әсерлі – сөйлемдерді құру, сұхбат ашық, жабық сұрақтардан болуы керек. Кино өнерімен салыстыру.
« Жасыл телпек» - «Театр – өнер ордасы». Өнер күрделі, өркендеу жолы қиын болса да маңызды деген ойды талқылау, ашып көрсету.
«Қызыл телпек» - Театрсыз қазіргі өмір қараңғы – деген ойды сын есімдерді арқылы құрастырып, дәлелдеу.
«Қара телпек» - Театрдың ертеңі жоқ, себебі... адамдар үйде жиі кино көргенді ұнатады, театр қойылымдары бір кездері түсініксіз болып келеді...
Қорытынды: Рефлексия жасау – смайликтер арқылы топтар өзара бағалайды және де мен сабақтан біліп алдым.... (әр оқушы сөйлем айтады)
Үй жұмысы: « Менің сүйікті көрген қойылымым» - Фрейм сызбасы бойынша әңгіме құру.
8 514
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Дара сан есім бір сөзден жасалады: бес, алты, бір, үш. Күрделі сан есім екі не одан да көп сөзден жасалады: он тоғыз, екі жүз алпыс төрт, он екінші, қырық бес, бесінші.
Маша мен аю
Маша мен аю
Балаларды таныс ертегі кейіпкерлерін ажырата білуге, таныс ертегілер бойынша қойылымдарды сахналауға үйрету. Театр жанрларын меңгерту. Дамытушылық: Балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Сын есімді қайталау
Сын есімді қайталау
Ешбір жұрнақсыз түбір күйінде айтылатын сын есімді негізгі сын есім дейміз. Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.
Есім сөздерді қайталау
Есім сөздерді қайталау
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушылардың ой - өрісін кеңейту, есім сөздер тақырыбынан алған білімдерін жетілдіру, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту, түсінік негізінде қорыттыру.
Етістіктің райлары. Кино. Театр
Етістіктің райлары. Кино. Театр
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласындағы № 2 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Альбина Улмагамбетова
Қазақ театрлары
Қазақ театрлары
Сабақтың тақырыбы: Қазақ театрлары. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тақырыптармен ұштастыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×