Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Иса Байзақов «Жазғы кеш» өлеңі

19 наурыз 2014, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Иса Байзақов «Жазғы кеш» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Иса Байзақовтың жыр әлемімен таныстыру; өлең авторы туралы мағлұмат беру, жазғы кеш көрінісін танытудағы сөз қолдану ерекшелігін, суреттеу шеберлігін сезіну; ұға білу және әдеби теориялық талдауға үйрету;
Дамытушылық: Оқулық және қосымша материалдар деректерін тиімді пайдалануға, ойын еркін айтуға, өз ойларын әдеби тілмен жеткізе білуге төселдіру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік: Өлеңнің, сөздің астарына, қыр - сырына мән беруге, идеясын түсініп бағалай білуге баулу; табиғатты сүю, сұлулық талғамын байыту, әдемілікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, жинақтау, мәнерлеп оқу, сұрақ - жауап, сатылай кешенді талдау.
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, тірек - сызба, пейзаждық сурет, ақын шығармалары, ақын туралы пікірлер.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру бөлімі
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
2. Зейіндерін сабаққа аудару.

II Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың назарын үй тапсырмасына аударамын да, төмендегі сұрақтарды қоямын.
- Шоқанның бала күнгі көргендері мен үйренгендерінің болашақ өмір жолында пайдасы болды ма?
- Балалар, сендер достықты қалай түсінесіңдер?
- Болашақта кім болуды армандайсыңдар?
«Кім болам?» атты шығармаларын ішінара оқыту, жинау, оқушылардың жауабын толықтыра отырып, қорытындылаймын.

III Жаңа сабақ
3. Сабақтың мақсат – міндетін түсіндіру.
- Балалар, бүгін біздер ақын Иса Байзақовтың өмірімен, шығармашылығымен, соның ішінде «Жазғы кеш» өлеңімен танысамыз.

4. Кіріспе әңгіме.
«Балапан ұяда не көрсе – ұшқанда соны іледі» дейді халық. Исаның әкесі Байзақ та, анасы Ғазиза да әнші, сауықшыл, өнерге жақын адамдар болған. Иса ақын жас шағында ән – жырдың, сұлулықтың өшпес нұрына қанық болып өседі. 1900 жылдың Павлодар облысының Ертіс өңірінде Иса дүниеге келеді. Тоғыз жасында шешесі өліп, нағашы атасының тәрбиесінде өседі. Туған нағашысы Рахмет әнші болған екен.
Иса өткір әрі отты өлең шығаратын ақын еді. Ол туралы Елубай Өмірзақов деген қазақтың даңқты әртісі «Өз жасымда Исадай ақынды көргем жоқ» деп жазған.
Тамаша әртіс, домбырашы, ақын, әнші болып елді риза етіп жүрген. Оның әйгілі «Құралай сұлу» дастаны, «Алтай аясында», « Қойшының ертегісі», «Кавказ», «Он бір түн, он бір күн», « Ақбөпе» атты шығармалары бар.

5. «Жазғы кеш» өлеңін сурет арқылы түсіндіре отырып, мәнерлеп жатқа оқып шығу.
6. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту.
7. Сұрақтар қою арқылы өлеңнің мазмұнын ашу мақсатында жұмыстану.
Соңғы екі жолды оқып:
- Табиғат көрінісін осылай суреттеуді көркем шығармада не дейміз?
- Жазғы кештің батуын қандай суретті сөздер арқылы берген?
Теңеу: жібектей, тудай, шашындай.
Эпитет: жасыл гүл, көк шатыр, қызыл арай, қызыл нұр, т. б
8. Сызбамен жұмыстану.
- Өлеңнің тақырыбы «Жазғы кеш»
- Мазмұны: Ақын жаздағы кешкі шапақтың тууын әдемі суреттеген;
- Өлең шумағы: 3 шумақты өлең.
- Өлең тармағы: 4 тармақты.
- Ұйқасы: қара өлең ұйқас.
- Буын саны: 11 буын.

9. – Сонымен «Жазғы кеш» өлеңінде қай мезгіл туралы айтылған?
- Жаз мезгілі.
- Олай болса, осы «жаз» сөзін басқа сөздермен тіркестіре, салыстыра отырып, мән - мағынасын тереңірек ашып көрейік.
Жаз.
1. Мағынасы: мезгілдік.
2. Туынды мағынасы: Жаз - іс – әрекет.
3. Қарама - қарсы мағынасы: қыс.
- Ендеше, балалар осы жаз, қыс сөзіндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беріп көрейік (2 оқушы ауызша орындайды)
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс туралы қандай өлең білесіңдер?
- Кімнің өлеңі?
- Енді, балалар Венн диаграммасы арқылы жаз бен қыс мезгілдерін салыстырайық.
♦ Жаз - Жаңбыр, жел, айнала жап - жасыл
♦ Қыс – Суық, қар, боран, ақ, айнала аппақ
♦ Мезгіл - 1 буынды бітеу буын

9. «Жүгіртпек» ойыны. Екі қатарға екі парақ беріліп, тапсырма беріледі. Жаз, қыс суреттеріне қарай отырып әр қатар бір сөйлемнен жазып, соңғы оқушыға мәтінді түгел оқып шығады.
IV. Бекіту. Сөзжұмбақ шешу.
Әдеби -------1. Ә. Тәжібаевтің «Толағай» ертегісі қандай ертегі?
Домбыра ----2. Бала Абайға Барлас ақын нені тарту етті?
Ерназар -----3. Ер Төстіктің әкесі кім?
Балғожа---- 4. Ы. Алтынсариннің атасы?
Исатай ------5. Махамбеттің серігі, батыр, қолбасшы кім?
Еңбек -------6. Абай өсиет еткен бес асыл істің біреуі.
Томаға ------7. Құстың көзін жауып тұру үшін басына кигізіп қоятын былғары тұмылдырық.

V. Қорытындылау.
Ақын туралы пікірлерді оқытып, мағынасын ашу.

VI. Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

VII. Үйге тапсырма.
Өлеңді көркемдеп, мәнерлеп жаттау.
Жаз туралы әңгіме жазу, сурет салу
7 374
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнделікті сабақ жоспарлары. Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Күнделікті сабақ жоспарлары. Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Мағжан Жұмабаевтың жыр әлемімен танысу, поэзияның тереңіне бойлау; өлеңнің, сөздің астарына, қыр - сырына мән беруге, идеясын түсініп, бағалай білуге баулу
Иса Байзақов «Алтай аясында»
Иса Байзақов «Алтай аясында»
Атырау облысы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Гүлмаржан Қадірліқызы
Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күзекбаев Жеңісбек Дүзелбайұлы
Иса Байзақовтың «Жазғы кеш» өлеңі
Иса Байзақовтың «Жазғы кеш» өлеңі
Ақтөбе қаласы,№26 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асқарова Гүлмира Амангелдіқызы
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева Баяндама: Әдебиет сабағында «Сатылай кешенді талдау” технологиясын пайдаланудың тиімділігі
Мұқағали Мақатаев “Фантазия"
Мұқағали Мақатаев “Фантазия"
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×