Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек...

23 наурыз 2014, Жексенбі
Кеш тақырыбы: «Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек...»

Кештің мақсаты: Ақиық ақын М. Мақатаев өмірі мен шығармашылығынан мәлімет бере отырып, ақынның өлеңдері мен әндерін оқушылар назарына ұсыну.
Дамытушылық: Оқушылардың поэзияға деген ынтасын арттыру, тіл мәдениетіне баулу, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Поэзия әлемімен оқушылардың жан дүниесіне үңілу, өнер адамына патриоттық сезімді ояту, эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: М. Мақатаевтың портреті, кітаптар қойылған бұрыш, домбыра, ақын - жазушылардың Мұқағали туралы айтылған естеліктері.
Кештің басталуы: Домбырада баяу күй ойнайды. Домбырамен ілесе сахна ішінде өлең оқылады:
Ойлы жас! Өлең менің сырласымдай,
Сырлассам да құмарым бір басылмай,
Айтып өткен ақында арман бар ма?
Жүрегінің түбіне кір жасырмай, - деп ақын өзі айтқандай, ол артына көптеген отты жылдар мен мұңды өлеңдер қалдырды.
Ортада жүргізушілер:

Кеш жоспары:
1. «Поэзия, менімен егіз бе едің?...»
2. «Шетінен өлең жыры шұғылалы,
Біз түсініп болған жоқпыз ұғып әлі».
3. Жазылар естеліктер мен туралы...

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде әр жылдың ақпан айының қарсаңында М. Мақатаевтың туған күніне орай әдеби шаралар өткізу дәстүрге айналған. Міне, осындай әдеби тақырыптағы өтілгелі отырған «Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек...» атты әдеби кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер!

Ақпан айы ақиық ақын М. Мақатаевтың дүниеге келген айы, яғни
9 ақпан. Биыл ақын 83 жасқа толып отыр. Тума талант бұл күнде өмірден өтсе де барша қазақтың жүрегінде берік орныққан. Ол жалындап өткен 45 жыл ғұмырында ана тілі үшін күресіп өткен ақын. Ол ана тілін туған халқы мен Отанын әсте кем санамай, осы өмірдегі бірегей үш бақытының біріне санайды.
Жүргізуші: Ақын шығармаларының тақырыбы әр алуан, бірақ оның ерекшеліктері өзгеге ұқсамас сыры мен қырында жатыр. Дүниедегі бар құбылысты адамзат санасындағы сан қырлы сезімді сөз арқылы жеткізуге болады. сондықтан да сөз құдіретінің мән мағынасына терең бойлап, мың сөзден бір сөз таңдап, сөз маржанын бейнелі өрнекпен кестелейтін Мұқағалидай ақын қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздарының бірі. Ендігі кезекті бейнелі - слайдқа береміз.
Таныстыратын: Әнуарбеков Наурызбай. М. Мақатаев өмірі, шығармашылығын таныстырады.
«Менің анкетам» өлеңі. Оқитын: -----------------------------
Туған жерің?
Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
Туған жылың?
1931. Құрдасымын Шәмілдің.
Жынысың кім?
Еркекпін ғой, еркекпін!
Және дағы тәуірмін...
Партияда барсың ба?
Жоқпын.
Шыққан тегің?
Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
Білімің ше?
Орташа ғой.
Алайда өзім жоғарыға балаймын.
Мекен жәйің?
Мекен жәйім жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған
Мен өмірдің жырлау үшін келгенмін!
Жүргізуші: Бүгінде М. Мақатаевтың 35 000 жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды.
«Поэзия, менімен егіз бе едің» Оқитын: ---------------------------
«Үш бақытым» Оқитын: ---------------------------
Мұқағалиды ақын еткен де, мәртебесін биіктеткен де, ақындық ғарышқа самғатқан да – осы қазақтың қара өлеңі. Ақын осы қара өлеңді бағалайды, бас иеді, тағзым жасайды, иә, байырғы бабалар дархан даламыздың қас жауына қарсы аттанғанда жазылған қара өлең, соғыста қанмен жазылған қара өлең, ақ жүректі аналар дүниеге сәби әкелгенде, ақ сүтімен жазылған қара өлең ақынды барша баурап алған да. Ол шыр етіп дүниеге келгенде бесік жырымен, ана әлдиімен көзін ашқан -ды. Сол бесіктен жазылған жыр оны ақыры ақынға айналдырды.
«Қара өлең». Оқитын: --------------------------
Ән: «Сарыжайлау». Орындайтын: Музыка пәнінің мұғалімі -------------------------------
Жүргізуші: Балалар, Мұқағали ақын жылдың қай мезгілін ұнатқан? Күз
Жары Лашын естелігінен:
«Ол күз мезгілін айрықша ұнататын. Жапырақ түсіп, жауын құйып тұрған түндерде қолынан қаламын тастамайтын, көктемде сайрандадық, жасардық,
күз – енді жазатын мезгіл деп әзілдейтін».
«Сап - сары жапырақтар». Оқитын: -------------------------

Жүргізуші: Мұқағали – махаббат жыршысы. Ол махабатты асқақтата жырлайды. Махаббатты сөзбен емес, жүрекпен жазды. Оның шығармаларын оқып отырып біреуге ғашық болғандайсың, армандайсың.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 733
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бүгін менің туған күнім!
Бүгін менің туған күнім!
Дайындаған: Ақпейіл Курманбаева
Мұқағали-мәңгілік ғұмыр
Мұқағали-мәңгілік ғұмыр
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебі Бастауыш сыныптар бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі: Көкен Гүлжамал Өмірзаққызы
«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!...»  (Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш)
«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!...» (Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш)
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек (поэзия кеші)
Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек (поэзия кеші)
Айна Адамбаева «Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек» (поэзия кеші)
Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек
Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек
Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек атты ақынның 80 жылдығына арналған әдеби - сазды сыныптан тыс сабақ.
Мұқағали Мақатаев “Фантазия"
Мұқағали Мақатаев “Фантазия"
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×