Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көнерген сөздер

29 наурыз 2014, Сенбі
Сыныбы: 5
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Көнерген сөздер
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға көнерген сөздер туралы толық мағлұмат беру.
ә) Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту
б) Оқушыларды ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар, слайд
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру сәлемдесу, түгендеу
2. Поэзия минуты:
Оқушыларға тәуелсіз елдің ұрпағы екендігін сезіндіру.
Мен қазақтың ұлымын
Мен қазақпын ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан,
Қайыспайтын қара нардай көтерер.

3. Үй тапсырмасын сұрау
1. Көнерген сөздер нешеге бөлінеді?
2. Архаизмдер дегеніміз не? Мысал келтір.
3. Тарихи сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.
4. Сөздік қор дегеніміз не?
5. Сөздік құрам дегеніміз не?
6. Көнерген сөздер сөздік қорға кіре ме, әлде сөздік құрамға кіре ме?

152, 153 – жаттығу.
4. «Көнерген сөздер» қоржыны.
1. Мата атаулары: биқасап, торқа, дүрия, патсайы
2. Киім – кешек атаулары: сәукеле, тымақ, шоңқайма, кимешек.
3. Қару – жарақ атаулары: адырна, қалқан, найза, сауыт.
4. Әдет – ғұрып атаулары: барымта, бесік құда, ұрын бару, сауын айту.
5. «Кітап – білім бұлағы» (кітаппен жұмыс), (тақтамен жұмыс).

155 – жаттығу.
Мәтінді оқып, мәтіндегі қыздың ұлттық киімдерінің атауларын теріп жазу. Үлгі: бешпет, көйлек, мәсі, құндыз бөрік.

6. 154 – жаттығу.
Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру. Мәжеге қатысты сөздер мен сөз тіркесін қатыстырып сөйлем құрау.
7. Суретпен жұмыс. Суретте көнерген сөздер берілген. Сол көнерген сөздерді қатыстырып, мәтін құрау. І деңгей
1. Көнерген сөздер деген не
2. Жырдан көнерген сөзді тап
Бадана көзді кіреуке
Жауға қарсы жетпеген,
Жел айырдың оғы өтпеген,
Сатуға басын сұрасаң,
Мың ділдә да жетпеген. ( «Ер Тарғын»)

ІІ деңгей
1. Тарихи сөздерді бір бөлек, архаизмді бір бөлек жаз.
Торқа, дүрия, қөқер, болыс, шиден, сәукеле, жаушы, қызыл отау, найза, жебе, бұзаушық.
2. Тарихи сөздер мен архаизмдердің айырмашылығы неде?

ІІІ деңгей
1. Көнеріп барып қайта жаңарған сөздерді жаз.
2. Көнерген сөздерге байланысты өлең – жырлардан мысалдар жаз.

8. Шығармашылық жұмыс: Өлең құрастыру.
... – бабалардың ұраны,
... – еліміздің жыр - әні.
...... жас ұрпақ,
...... шығады.
Тәуелсіздік - бабалардың ұраны,
Егемендік - еліміздің жыр - әні.
Берік ұстап туымызды жас ұрпақ,
Әлі талай биік шыңға шығады.

Бекіту. «Тізбек сөз» әріпті 2 жол тастап сағат тілімен оқысаң нақыл сөз оқи аласыз
Топтық жұмыс
1. Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық.
2. Бақпен асқан патшадан,
Мимен асқан қара артық.

Бағалау.
Оқушыларды жауап беруіне қарай қоржындағы асықты тарату арқылы бағалаймын.
Үйге тапсырма:
34 067
0
  • 80
2 дауыс


Жаңалықтар
Көнерген сөздер
Көнерген сөздер
Көнерген сөздер туралы оқушыларға ізденте отырып, көнерген сөздердің мағынасын ашуға, сөйлем ішінде тура, ауыспалы мағынасында қолдана білуге үйрету, көнерген сөздер түрлерін меңгерту.
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер туралы мағлұмат беру, екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру. Сөйлем ішінен біріккен сөздерді таба білуге, әртүрлі түбірлерден біріккен сөздер жасап алуға үйрету.
Көнерген сөздер (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Көнерген сөздер (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Қолданыстан шығып қалып, тарихи шығармаларда ғана кездесетін, мағынасы көмескі сөздерді көнерген сөздер дейміз. Кейбір көнерген сөздердің қайтадан жаңаратын кездері де болады.
Жаңа сөздер
Жаңа сөздер
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы, №31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Тутеева Динара Серикбаевна
Сөзжасамнан өткенді қайталау
Сөзжасамнан өткенді қайталау
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қайнар ауылы, №32 В. В. Маяковский атындағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Мықтыбекова Фатима Жексенбековна
Көнерген сөздер, түрлері
Көнерген сөздер, түрлері
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Темірбекова Күләш Ахметқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×