Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз мерген сайысы

30 наурыз 2014, Жексенбі
]«Сөзмерген» сайысы

Сайыстың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың мақал - мәтел, тұрақты сөз тіркесі, көнерген сөздер турасында білімдерін тексере отырып, мағыналарын аша білуге ұмтылдыру.
2. Дамытушылық: оқушылардың өз ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір - қасиетін дарыту.
3. Тәрбиелік: тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айтуға, топ алдында алдында еркін сөйлеуге баулу.
Мұғалімнің сөзі:
♦ Армысыздар, ардақты ағайын көз көрген,
Алдарыңызда тіл сайысы - «Сөзмерген!»
Енді ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
Қазылар алқасымен таныстыру.

І кезең: «Мықты болсаң, тауып көр».

Бұл кезең 7 тапсырмадан тұрады, әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Тұрақты сөз тіркестеріне мықты екендеріңізді байқаймыз.
1. Мұзға отырғызу – алдау, арбау.
қар
су
мұз
бу
отыру

2. Құлақ асу – тыңдау, назар айдару.
құлақ
бет
жақ
ауыз
асу

3. Тонның ішкі бауындай – дос, тау.
ішек
тон
жиде
жекет
бау

4. Ауыз ашпау – сөйлемеді, дыбыстамады.
ауыз
көз
мұрын
құлақ
ашпау

5. Бармағын тістеді – өкінді.
қол
бармақ
білек
тырнақ
тістеу

6. Көрер таңды көзімен атыру - ұйықтамау.
таң
кеш
түс
түн
атыру

7. Қыздың жиған жүгіндей – әдемі.
ана
әке
қыз
бала
жүк


ІІ кезең: «Жүйрік болсаң, шауып көр».


Бұл кезең 5 тапсырмадан тұрады, әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Кестедегі сөздерден мақал - мәтелдер құрастыру. Мақал - мәтелдер мына сөздерден құралады.
1. Талаптыға нұр жауар.
Оқыған
Талапты
Білімді
Саналы
жауар

2. Туған жерге туың тік.
Құс
Балапан
Торғай
Үкі
іледі

3. Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.
Ер
Батыр
Дос
Сұлтан
намыс

4. Оқу – инемен құдық қазғандай.
Білім
Ғылым
Оқу
Ақыл
құдық

5. Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы - ой.
Жарақ
Қару
Құрал
Сайман
тіл


ІІІ кезең: «Ойлы болсаң, озып көр».

Бұл кезең 3 тапсырмадан тұрады, әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Көнерген сөзбен байланысты сөзді табу, мағынасын ашу.
1. Қорамсақ – садақтың жебесін салып, белге байлайтын жеке - жеке ұясы бар оқсалғыш.
мылтық
найза
садақ
айбалта
қорамсақ

2. Ерулік – жаңадан көшіп келген үйді көрші - қолаңның қонаққа шақыруы.
қала
ауыл
үй
жылқы
ерулік

3. Шаршы – ұзатылып бара жатқан қыздың өзінен кейінгі сіңлісіне орамалын беруі, аманат етуі.
киім
орамал
бұйым
аспап
шаршы

Мұғалімнің сөзі: - Құрметті көрермендер, міне, «Сөзмерген» сайысы да өз мәресіне жетті. «Жүзден - жүйрік, мыңнан - тұлпар» шыққан, сөзге жүйрік, тілге шешендігімен көзге түскен оқушыларымызды анықтау мақсатында сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.
Қорыта келе айтарым, әрдайым Ұлтымыздың ұлы байлығы Тілімізді қадірлеп, қастерлей білейік!
8 703
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тапқыр достар
Тапқыр достар
Міндеттері: 1.Оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру; 2.Сөздік қорын байыту, дүниетанымын дамыту;
Сөз мерген
Сөз мерген
Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ана тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз қадірін түсінуге баулу.
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мақал - мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету. Адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата - бабаларымыздың өсиетін қадір тұтуға, мақал - мәтел, жұмбақ арқылы өз елінің ауыз әдебиетін сыйлауға
Сөзмерген сайысы
Сөзмерген сайысы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Сөзмерген (Тіл  сайысы)
Сөзмерген (Тіл сайысы)
Атырау облысы, Индер ауданы, Боран Нысанбаев орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нигметова Самал
Сөз тапқанға қолқа жоқ
Сөз тапқанға қолқа жоқ
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×