Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев

30 наурыз 2014, Жексенбі
Тақырыбы: Қазақ халқының ұлы ақыны - Мағжан Жұмабаев
(дөңгелек үстел)

Мақсаты: Қазақтың ұлттық ақыны Мағжан Жұмабаев өмірі, шығармашылығы туралы оқушылардың ойын дамыту, сөйлеу қабілеттілігін арттыру, ұлтын сүюге тәрбиелеу.
Ж: Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер! Біздер бүгін қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, шолпан жұлдызы, ұлттың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы ой бөлісу үшін дөңгелек үстел ұйымдастырып отырмыз. Дөңгелек үстелге қонаққа келіп отырған оқушыларды ортаға шақырайық. Қош келдіңіздер!
Ж: Мағжан - ең алдымен, сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса, сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз деген екен Б. Майлин.
Ж: Мағжан Жұмабаевтың туып - өскен жері, білім алған жерлері туралы не айта аласыздар?
Ж: Ал, ақынның отбасы туралы не білесіздер?
Ж: Мағжан Жұмабаев келешекті жастар деп ұғынған ақындардың бірі. Жастарды оқытуға бар күш - жігерін салған болатын. Ол туралы бір білгеніңіз бар шығар?
Ж: Ортаға 6б класс оқушысын шақырайық.
Ж: Мағжан - қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі. Ол артына өшпес рухани мол мұра, өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кетті. Оның бізге қалдырған мұрасы - поэзиясы. Оның өлеңдері мен поэмалары туралы не білесіздер?
Ж: Мағжан Жұмабаевтың шығармалары қандай жанрларда жазылған?
Ж: Мағжан ана тілінің мол байлығын бойына барынша сіңірген, орыс тілін де жетік меңгерген. Оның публицист екенін де білеміз. Ол кімдердің шығармаларын аударған?
Ж: Мағжанның "Түркістан" деген өлеңі - елім, ерім, жерім деп соққан ақын жүрегінің қайнарынан төгілген отаншылдық жырдың шынайы шебер үлгісі. Ортаға "Түркістан" өлеңін оқуға 9ә класс оқушысын шақырамыз.
Ж: Ақынның патриоттық шынайы сезімін осы жолдардан аңғарсақ керек.
Ж: Мағжан қазақ халқының болашағына сенген. «Мен жастарға сенемін».
Ж: Мағжан - ұлтжанды ақын. Оның қазақ тіліне қосқан үлесі зор. Ана тілін ата - бабасынан қалған мол мұра деп түсінген.
----------------- "Қазақ тілі"атты өлеңін оқып беруге ортамызға шақырайық.
Ж: Мағжанға «ұлт жауы» деген жала жабылып, абақтыда отырғандығы бізге мәлім. Ақынның абақтыға отырғандығы туралы не білесіздер?
Ж: Сол кездегі ақынның ішкі дүниесін "Сағындым" шығармасынан анық көруге болады.
Ж: Ол "Алаш"партиясының беделді мүшесі болғаны да белгілі. Ол туралы бір білетініңіз бар шығар?
Ж: 7"а"класс оқушысын "Толқын" шығармасымен ортаға шақырамыз.
Ж: Мағжан Жұмабаев өлеңдерін шынайы өмірмен ұштастырып жазғаны бізге осы шығармаларынан көре аламыз.
Ж: Мағжан Жұмабаев қай жылы дүниеден озды? Ол дүние салған соң оның атына көше атын қойды ма немесе ескерткіш? Ол туралы не айтасыздар?
Ж: Ал, енді ортаға Жарқынова Арайлымды "Сүйемін" атты өлеңін оқып беруге ортаға шақырамыз.
Ж: Қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлға Мағжан Жұмабаевтың ақын болу, қалыптасу кезеңі қазақ тарихындағы, осы, бір жағынан ұлттық ояну, екінші жағынан, жаңа жол іздеп, дағдару дәуіріне тура келді. Өмірі халық тарихындағы күрделі кезеңмен тұспа - тұс келіп, сол дәуірдің барша қарама - қайшылығын жүрегімен сезінген, тарихтың тар жолдарында бүкіл ғұмырын шындық іздеумен тауысқан, сол тауқыметі мол жылдар тез есейтіп, қиялына қанат, қаламына қайрат бітіріп, қатарға қосқан Мағжан Жұмабаев – «қазақ халқының ұлттық ұлы ақыны».

Ж: Бүгінгі дөңгелек үстелге ат салысқандарыңызға рахмет. Мағжан Жұмабаевтың өмірінен сыр шерткендеріңізге көп - көп рахмет! Келесі кездескенше сау болыңыздар!
12 755
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңін талдау
М. Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңін талдау
Мағжан атамның рухымен сырласа отырып, оның ұлттық құндылық екенін, қазіргі заман жастарына маңыздылығы
М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы
М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасынан алынған үзіндідегі әдебиет пен тарихтың өзара үндестігін зерттеу арқылы оқушылардың білімін тереңдете түсу
Мағжан Жұмабаев «Мен кім?», «Қазақ елі»
Мағжан Жұмабаев «Мен кім?», «Қазақ елі»
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №163 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ысмайылова Алтынсара Әбушахманқызы
Мағжан Жұмабаев "Сүйемін" өлеңі
Мағжан Жұмабаев "Сүйемін" өлеңі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"ММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аққұлова Күнжамал
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Атырау облысы, Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагулова Гүлжан Жәрдемқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×