Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі

01 сәуір 2014, Сейсенбі
Қазақ әдебиетінен ашық сабақ жоспары
Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі (5 - сынып)
Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаевтың «Толағай» ертегісіндегі Толағай бейнесі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ә. Тәжібаевтың «Толағай» әдеби ертегісін қаншалықты меңгергенін байқау, Толағайдың бейнесіне талдау жасап, әдеби кейіпкер ретінде сипаттау. Өткен тақырыптармен байланыстыра отырып, әдебиеттен алған білімін жетілдіру.
Тәрбиелік: Толағай бейнесі арқылы адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу. Оқушы бойына ерлік, батылдық қасиеттерді дәріптеу.
Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс істеуге, өз пікірін қорғауға дағдыландыру, әдебиетке қызығушылығын ояту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау, пікір айту, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Ақын суреті, иллюстрациялық суреттер, сөзжұмбақ
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, қазақ тілі

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
Ертегі мазмұнын сұрау, сурет бойынша әңгімелеу
Пысықтау сұрақтары:
1. Әдеби ертегілер дегеніміз не?
2. Өткен сабағымызда қандай ертегіні оқып таныс болдық? Ертегінің бас кейіпкері кім?
3. Ертегінің авторы кім?
4. Ә. Тәжібаев кім?
5. Қай жылы. қай жерде дүниеге келді?
6. Ақынның қандай шығармаларын білесіздер?
7. Ертегінің басты кейіпкері кім?
8. Толағайдың әке - шешесінің аты кім?
Жаңа сабақ:
Толағайдың әдеби кейіпкер ретінде сипаттап талдау
1. Дүниеге келуі
2. Ерекше болып, бөлекше өсуі
3. Портреті
4. Мінез - құлқы
5. Адамгершілік қасиеттері
6. Ерлік істері
7. Ел есінде сақталуы
Шығармадағы адамдардың көркем бейнесін кейіпкер дейміз. «Топтастыру стратегиясы». Толағайға мінездеме беру

Сергіту сәті. Батырлық, ерлік туралы мақал - мәтелдер айту.
Пікірталас
Сұрақтар беру:
1. Толағайға ұқсағың келе ме? Қай қасиеті көбірек ұнайды?
2. Осы ертегінің қай жеріне өзгеріс енгізер едің?
3. Толағай секілді ер болғың келе ме? Алда - жалда жұрт күйзелсе, сен не істер едің?
4. Толағай секілді халықтың таудай үмітін арқалап, таудай іс атқарып жүрген, Қазақстан атын әлемге паш ететін азаматтар бар ма?
5. Толағайдың бойындағы жақсы қасиеттер қазіргі жастар бойынан кездесе ме?

Бекіту:
Сөзжұмбақ шешу:
1. «Толағай» ертегісінің авторы кім?
2. Ә. Тәжібаев қай жерде дүниеге келген?
3. Толағайдың анасының авторы кім?
4. Толағайдың әкесінің аты кім?
5. Қай өңірде жауын көп жауады?
6. Толағай алысқан аңның аты?
7. Ә. Тәжібаевтың анасының аты кім?
Үй тапсырмасы:
«Туады ерлер ел үшін» деген тақырыпта ойтолғау жазу
Бағалау
17 145
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Толағай
Толағай
• екі командаға бөліну • командаларға ат қою
Толағай
Толағай
Сабақтың тақырыбы: Толағай
"Керқұла атты Кендебай" ертегісі
"Керқұла атты Кендебай" ертегісі
Жамбыл облысы, Қаратау қаласы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Батешова Гулжазира Қайырғалиқызы
Әбділдә Тәжібаев “Толағай” ертегісі
Әбділдә Тәжібаев “Толағай” ертегісі
Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сабырова Жамиля Сатыбалдықызы
Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған
Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі түзете - дамыта оқыту сыныбы мұғалімі: Сейтжапарова Анар Саясатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×