Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Міржақып Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»

05 сәуір 2014, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»

Сабақтың мақсаты: Білімділік – М. Дулатұлы өмірі мен шығармашылығының қыр - сырын меңгеріп, бойлату. Өлеңге жан - жақты талдау жасай отырып, тақырыбын ашу; дамытушылық – оқушыларды өз беттерінше әрекеттендіру арқылы сын тұрғысынан ойлауы мен жазуын дамыту; тәрбиелік – оқушыларды ананы сүюге, құрметтеуге, қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Қолданылған технология: ойлау мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Стратегиялар: эссе, бес жолды өлең, еркін жазу.
Көрнекілік: электронды презентация, интерактивті тақта

Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын бақылау. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Интерактивті тақта арқылы «Бес арысты» көрсету.(А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов)
Неліктен «Бес арыс» деп атаған? А. Байтұрсынов туралы айту (Қысқаша)
Қайда туды? Ол кім? Өлеңі қандай?
– Балалар, осы адамдардың ішінде тағы кімдер сендерге таныс? (Ш. Қ. Абайдың інісі). Жаңа тақырып.
Ал бүгін, балалар, біз осы «Бес арыстың» тағы бір өкілімен танысамыз. Ол М. Дулатов. Мақсатымыз:
М. Дулатұлының өмірі мен шығармашылығын хронологиялық таблица арқылы түсіндіру.
Оқып, есте сақтауға тырысу.
Бүгін, балалар, М. Дулатовтың «Шешенің балалардың сүюі» өлеңімен танысамыз.
Кім сендерді балалар сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Оқып мазмұнын ашу, талдау.
1. Мәнерлеп өлеңді оқу.
2. Жаңа сөздердің астын сызу, түсіну.
3. Синонимі, антонимі бар сөздерді табу.
4. Әр шумақты оқи отырып, оқушылар аударады, талдайды.
Оқулықпен жұмыс. Сұраққа жауап беру. Нәтижесін айту. Түйін шығару.
Бұл өлеңде ана баласы жақсы болса қуанады. Жаман, жалқау болса ренжиді. Баласы үшін түнде ұйықтамайды, бірнеше рет оянады, баласы үшін мақтанады. Төбесі көкке жетеді. М. Дулатов ананың баласына деген махаббатын жыр етеді.
– Ал енді, балалар, жан Аналарымыздың осы қандай мерекесі жақындап келе жатыр? Әрине, 8 - наурыз мерекесі! Балалар сендер өз аналарың туралы не айта аласыңдар?
Электрондық презентация.
Сендердің араларыңда анасына өз өлеңін кім сыйлық ретінде дайындады?
Ал ендігі шығармашылық жұмысымыздың мақсаты аналарымызға сыйлық жасау. Бұл жұмысты біз топпен істейміз.

Ақындар тобы. Бес жол өлең. Ана, мереке, қуаныш.
Шешендер тобы. Мақал - мәтелдер айту. Мақал - мәтелдермен сөйлем құрастыру.
Жазушылар тобы. Ана туралы еркін жазу.
Нәтижесін шығару.
Мына сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Бүгін сендермен кімнің шығармашылығымен таныстық?
2. Өлең қалай аталады?
3. Өлеңнің негізгі идеясы неде?
4. Өлеңде біз кімнің портретін көрдік?
5. Портрет қандай?
Келесі жұмысымыздың мақсаты өткен тақырыпты бекіту, тексеру.
Тесті шешіп, көршілеріңмен ауыстыра тексеру. Нәтиже.
Бағалау.
Үйге тапсырма: өлеңді жаттау.

1. Бүгін сендермен кімнің шығармашылығымен таныстық?
2. Өлең қалай аталады?
3. Өлеңнің негізгі идеясы неде?
4. Өлеңде біз кімнің портретін көрдік?
5. Портрет қандай?

Ақындар тобы. Бес жол өлең.
Ана, мереке, қуаныш.
Шешендер тобы.
Мақал - мәтелдер айту. Мақал - мәтелдермен сөйлем құрастыру.
Жазушылар тобы. Ана туралы еркін жазу
10 761
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
Жаңа сабақпен танысу; оқушыларға өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру, түсініп дұрыс оқуға, қорытынды шығаруға машықтандыру. Отбасы ата - анаға деген сүйіспеншілік құрметтерін еске түсіндіру.
Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов
Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов
Жезқазған қаласындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебі КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Ақтоты Рахимберліқызы
Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі
Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі
Атырау облысы, Атырау қаласы Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп - гимназиясының орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуллина Балауса Гайнеденовна
Шешенің балаларын сүюі
Шешенің балаларын сүюі
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылы, «В. П. Чкалов атындағы орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Тоқтасынова Гүлжанат Қабдыләшімқызы
Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі
Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Ж. Кереев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатаева Гүлнар Есентайқызы
Міржақып Дулатұлы "Шешенің балаларын сүюі"
Міржақып Дулатұлы "Шешенің балаларын сүюі"
Атырау қаласы, Абай атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Досжанова Райхан Лекерқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×