Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүсіпбек Аймауытов

07 сәуір 2014, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытов
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
Суреткер - жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру, жазушының азаматтық тұлғасы, туған халқына, оның әдебиеті мен мәдениетіне сіңірген еңбегін оқушылардың өздеріне іздендіре отырып меңгерту; алған білімдерін басқа салаларда ақпарат көзі ретінде қолдана білуге үйрету.
2. Дамытушылық: әдеби шығармашылық сипатта жазба жұмыстарын орындай алуға үйрету, оқушылардың өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білу қабілетін, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: жазушының шығармашылығы арқылы оқушыларды елін, әдебиеті мен тарихын сүйе білуге, адамгершілікке, қайырымдылыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті:
1. Мазмұнға байланысты міндет:
шығармаларының мазмұнымен таныса отырып, тақырыптарына қарай топтайды, мәтін мазмұнын өмірмен байланыстырады;
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: оқушылар ой талқысына түсе отырып, өзара пікір алмасады, іс - әрекеттерін талдайды;
3. Топтық міндет: оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді, бір - бірін тыңдайды, толықтыру арқылы мәтін мазмұнының түсініксіз жерлерін айқындайды.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: іздену сабағы
Сабақтың формасы: ұжымдық, топтық, жекелік
Сабақтың әдістері: түсіндірмелі – иллюстриативті, репродуктивтік,
проблемалық (эвристикалық, жартылай іздену), СТО
Сабақтың тәсілдері: әңгімеге тарта отырып дәріс беру, көрсету, баяндау,
өздік жұмыс, қосымша әдебиеттермен жұмыс
Пәнаралық байланыс: әдебиет теориясы, тарих, педагогика, қазақ тілі
Сабақтың көрнекілігі: Жүсіпбек Аймауытов портреті, шығармалары, интербелсенді тақта, сызбалар, кестелер, кеспе қағаздар, суреттер

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жан - жақты білімін тексеру
(Сыныпты төрт топқа бөлу)

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту
1. Ой ашар

- Жүсіпбек Аймауытов туралы не білеміз?
2. Мұғалім сөзі
Қазақ әдебиеті алыптарының бірі – Жүсіпбек Аймауытов. Оның қазақ әдебиетінің жанр жағынан дамытудағы еңбегі орасан зор. Ол – ақын, прозашы, публицист, сыншы, театр режиссері, аудармашы, педагог болды. Бір өзі әдебиет пен ғылымның әр саласында еңбек етті. Қазақ әдебиетін проза, драматургия жанры жағынан қалыптастыруды және мектептер мен оқу орындарының оқушыларына арнап бірнеше оқу құралдарын жазуға қатысқан. Осындай әдебиетіміздің, театрдың, ғылымның дамуына айрықша қызмет еткен қаламгердің еңбектері 60 жыл бойы оқушының назарынан тасада қалып келді. Еліміздегі қайта құрудың нәтижесінде болған өзгерістерден кейін ғана – 1988 жылдан бастап Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен еңбектері және мақалалары жарық көре бастады. Жазушы Жүсіпбек өз еліне көп еңбек сіңірген.
Жан - жақты өнер иесі, сегіз қырлы бір сырлы дарын Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы (кей деректерде 1890 жылы) қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан текті, дәулетті, атақ - абырой біткен, ел арасындағы білікті кісілер. Жас күнінен Жүсіпбек бірге туған бауырлары Ахмет, Жақыпбек секілді арабша хат тану, оқу үстіне, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерін қатар үйренеді. Он бес - он алты жасында өзі ұмтылып, үй ішінің рұқсатынсыз Павлодарға қашып барып, орысша - қазақша екі сыныпты мектепке түседі, бір жағынан бала оқытып, қаражат таба жүріп, оқуын 1914 жылы бітіреді де, Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі, оны 1918 жылы аяқтайды. Қазақстан Кеңестерінің құрылтайына делегат, Оқу коммисариатының коллегия мүшесі болу, «Қазақ тілі» газетін өңдеу, «Ақ жол» газетінде істеу, Шымкенттегі педагогикалық техникумының директорлығы – міне мұның бәрі Жүсіпбек Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 жылы басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек Аймауытов 1931 жылы атылған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 592
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәбит Мұқанов «Сұлушаш»
Сәбит Мұқанов «Сұлушаш»
Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру. «Сұлушаш» поэмасын талдау жасау арқылы меңгерту. Жазушының биік тұлғасы, туған халқына, оның әдебиетіне сіңірген еңбегін танып білу.
Жүсіпбек Аймауытовтың “Әнші” әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі
Жүсіпбек Аймауытовтың “Әнші” әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі
ШҚО, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы, «М. Әуезов атындағы орта мектебі»КММ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Мухаметкалиева Гульмира Нуржановна
Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары»
Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары»
Құбиева Нұргүл Паңгерейқызы Атырау қаласы, №35 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығын оқыту
Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығын оқыту
Балпық би кентіндегі қазақ орта – мектеп гимназиясының қазақ тіл мен әдебиеті пәні мұғалімі Базилова Динара Мауленовна
Жүсіпбек Аймауытов  «Әнші»
Жүсіпбек Аймауытов «Әнші»
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Мойылды ауылы, Горячкин негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хамзина Армангүл Серікқызы
Жүсіпбек Аймауытов
Жүсіпбек Аймауытов
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупова Торғын Бекенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×