Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұрақты тіркестер

11 сәуір 2014, Жұма
Қазақ тілі 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Тұрақты тіркестер»
Сабақтың мақсаттары: а) Білімділік: Оқушыларға тұрақты сөз тіркестерінің біртұтас тілдік құбылыс екенін түсіндіру;
ә) Дамытушылық: Тұрақты тіркесті сөздік қорларына енгізіп, тіл байлықтарын дамыту;
б) Тәрбиелік: Тұрақты сөз тіркесін сөйлеу мен жазу дағдысына енгізуге тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: СТО элементтері, сұрақ - жауап, ізденіс
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, өзін - өзі тану.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, әдістеме, дидактикалық материалдар, грамматикалық ойындар, І. Кеңесбаев «Фразеологиялық сөздік» кітабы, таблица.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;
ә) зейіндерін сабаққа аудару.
Жаңа сабақ
Тілімізде еркін сөз тіркестері, тұрақты сөз тіркестері деген ұғым бар.
Еркін сөз тіркестері мен тұрақты сөз тіркестерін

Еркін сөз тіркестері: таза дәптер, әдемі киім, әдепті оқушы, баланың ісі, үздік оқушы, жақсы адам, кең бөлме, ашық есік, т. б.
Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөзбен орнын ауыстыруға бола беретін тіркестерді еркін тіркестер дейміз.
2. Құрамындағы сөздер жеке - жеке мағынаны білдіреді.
3. Құрамындағы сөздер жеке - жеке сұраққа жауап беріп, екі сөйлем мүшесі болады.

Тұрақты тіркестер: тайға таңба басқандай (анық), жүрек жұтқан(батыр), тіс жармау(үндемеу), бармағын тістеу(өкіну), мұрнын көкке көтеру(менменсу),
Бетінен оты шығу(ұялу), қолы ашық(жомарт), т. б.

1. Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөзбен орнын ауыстыруға болмайтын тіркестерді тұрақты тіркестер дейміз
2. Құрамындағы сөздер жеке - жеке мағына бермей, барлығы тұтас бір мағынаны білдіреді.
3. Бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болады.

Мысалы: Оқу инемен құдық қазғандай(қиын)
Көзі ашық(оқыған), көкірегі ояу(сапалы) азаматтар елге қызмет етеді.
Бірінші сөйлемдегі «оқу инемен құдық қазғандай» деген тұрақты тіркестер тұтас бір мағынаны білдіріп, қандай деген бір сұраққа жауап беріп, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады.
Екінші сөйлемдегі «көзі ашық», «көкірегі ояу» деген тұрақты тіркестер де тұтас бір мағынаны білдіріп, қандай деген бір сұраққа жауап беріп, сөйлемде бірыңғай баяндауыш қызметін атқарады.

Мағыналас сөздерді табу
(Синонимдік тұрақты тіркестер)
1. Үріп ауызға салғандай, ай десе аузы бар, күн десе көзі бар.
2. Ит арқасы қиянда, ит өлген жер.
3. Зәре - құты қалмау, көзі шарасынан шығу.
4. Мұрнынан шаншылып жүру, сүрініп жығылу.
5. Жүрек жұтқан, жүрегінің түгі бар.
6. Қоян жүрек, су жүрек.

Қарама - қарсы мағынадағы сыңарын табу (Антонимдік тұрақты тіркес)

1. Бетінен оты шығу --------- Ат ізін салмау
2. Ат ізін құрғатпау ----------- Беті шімірікпеу
3. Ит өлген жер --------------- Көңілі тасу
4. Құлақ аспау ---------------- Таяқ тастам жер
6. Көңілі басылу -------------- Құлақ қою

Кітаппен, дәптермен жұмыс
111 - жаттығу. 1. Төмендегі тұрақты тіркестерді жаттап алу.
2. Қайсылары антонимдік қатар, қайсылары синонимдік қатар құрап тұрғанын табу.
3. Тұрақты тіркестердің мағыналарын балама сөздермен ашу(ауызша).
113 - жаттығу. 1. Мәтінді оқу, ат қою.
2. Тұрақты тіркестерді теріп жазу.
3. Мәтіндегі тұрақты тіркестерді олардың синонимдерімен ауыстырып жазу.
4. Тұрақты тіркестерді қолдана отырып, шағын мәтін құрап жазу(шығармашылық жұмыс).

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 342
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Тұрақты сөз тіркестері ұғымын енгізіп, оның мағынасын тереңдете отырып түсіндіру. Тілдің дамуына, қызметіне, тиімді қолдануына назар аудару. Тұрақты тіркестен алған білімдерін саралай отырып, оқу жетістіктерін бағалау.
Тұрақты сөз тіркестері
Тұрақты сөз тіркестері
Тұрақты тіркесті еркін тіркестен ажырата білуге, ауыз екі сөйлеуде тұрақты сөз тіркестерін қолдана білуді үйрету. Топтық жұмыс арқылы оқушы белсенділігін арттыру.
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Мәтін ішінен тұрақты тіркестерді анықтай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады
Қысқа мерзімді жоспарлар
Қысқа мерзімді жоспарлар
Қазақ тілі мен әдебиеттен қысқа мерзімді жоспарлар.
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер туралы түсінік беру және оларды сөз аралығында қолдана білуге үйрету. Тұрақты сөз тіркесін сөйлеу, жазу дағдысына енгізе отырып, оқушылардың тіл байлығын, ақыл – ойын, сана – сезімін дамыту. Оқушылардың дағды - машықтарын, таным
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, №7 орта мектеп Айнура Жармуханбетова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×