Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мағжан Жұмабаев "Сүйемін" өлеңі

17 сәуір 2014, Бейсенбі
Қазақ әдебиетінен ашық сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев (1893 - 1938)
«Сүйемін» өлеңі

Сабақтың мақсаттары:
1) Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығынан қысқаша түсінік беріп, «Сүйемін»өлеңімен таныстыру, көркемдік ерекшелігін таныту.
2) Оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу, ұлтжандылықты, дәріптеп, туған жерді, ананы, елді сүйе білуге үйрету.
3) Танымдық қызығушылығын арттырып, мәнерлеп оқуға, еркін сөйлеуге, шығармашылық шеберлікке, ізденімпаздыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, суреттер кесте плакаттар, үлестірмелі парақшалар,
баспасөз маериалдары, бүктеме - слайдтар
Сабақтың әдістері: СТО, сатылай талдау, түсіндірме, мәнерлеп оқу, еркін жазу, топтастыру, салыстыру
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
(Оқушыларды түгендеп, оқу құралдарын тексеру)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
І. Жансүгіров
«Ағынды менің Ақсуым»
Қайталау сұрақтарымен жұмыс
1). І Жансүгіровтің ақындық әлеміне берілген баға?
2). Қандай шығармаларын білесіңдер?
3). Өлең туған жер табиғатын ғана суреттеуге арналған ба?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Мағжан Жұмабаев

(1983 - 1938)
«Сүйемін» өлеңі
ақын, философ, аудармашы, педагог, қоғам қайраткері, журналист

І. Ақын туралы мәлімет.
• Қазақтың танымал ақыны - ұлттық, халықтың сыршыл ақыны
• Туған жері - Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы
• Ата - анасы - беделді, дәулетті Жұмабай қажы
• Білімі – 4 жасында ауыл молдасы, «Ғалия» медресесі. Омбы
Мұғалімдер семинариясы.
• Ұстаздары - Ғалымжан Ибрагимов, Міржақып Дулатов
• Қызметі - мектеп мұғалімі, газет редакторы
• Ақындығы «Мен жастарға сенемін», «Сағындым», «Қорқыт»,
«Шолпан».
• Мағжан туралы айтылғандар:

1) «Мен Мағжанды сүйемін!
Оның Еуропалығын, әншейін сүйемін» (М. Әуезов)
2) Мағжан - алдымен сыршыл ақын.
Қай өлеңін оқысаңыз да, әлде мұңайтады, әлде өкіндіреді, әлде оятқызады, әлде ескертеді, әлде жігер береді. (Ж. Аймауытов)

«Сүйемін» өлеңі
«Сүйемін» - сөзімен мағыналас синоним сөздері, жақсы көремін, ғашықпын өте жақсы көремін.

ІV. 1. Өлеңді мәнерлеп оқу. (Мұғалім)
2. Тізбектей оқу отырып талдау.
Ана --------- шашы - ақ (күлдей күңгірт)
жасы – тоқсан бесте
ермегі - тасбиық
Жары ------ артық сөзі жоқ.
сыпайы
білгені қазан - ошағы (отбасы)
Елі ------ мінезі - жалқаулық
кәсібі - мал бағу
әдеті - ескі

Туған жері ------- қысы - суық
жазы - ыстық
шөлді - дала

Сөздік жұмыс: Тасбиық - діни адамдардың сиыну үшін қолданылатын моншақ тізбектері.
Алаш – қайтыс болған жандарды орайтын ақ шүберек

Жұмақ – о дүниедегі жайлы жер.
Салыстыру.
Мағжан ------------------- Мұқағали
«Сүйемін» -------------- «Үш бақытым»
«Қарт ана» -------------- «Халқым»
«Адал жары» ----------- «Отаны»
«Халқы» ----------------- «Тілі»

«Туған жері»
Өлеңді құрылысына талдау.
Көркемдегіш құралы.

Шығармашылық жұмыс:
«Туған жерім, берекелі Бейнеуім»
«Егеменді елдің ұланымын»

V. Бекіту тапсырмасы.
1) М. Жұмабаев кім?
2) Ақынның қандай өлеңдерін білесіңдер?
3) Өлең неге «Сүйемін» деп аталған?
4) Ақын кімді сүйеді?
5) Сарыарқа қай жерде орналасқан?

«Жаттап ала қояйық» тапсырмасы.
Күлдей – шашы бар
Тоқсан бесте ----- ----- ------
------ ------ ----- сұп - сұр көр
------------- үкіліп
------------- көрме ---------------
Менің бір -------------- ------- бар
Сол ----------- ------- сүйемін.

VІ. Үйге тапсырма беру: өлеңді жаттап келу.
VІІ. Оқушыларды бағалау
6 133
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығының қыр - сырларын меңгеруге, мазмұнына тереңдей бойлай отырып, шығармаларына жан - жақты талдау жасауға ықпал ету.
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»
Қызылорда қаласы, Қаракөл ауылы №39 “Қызылөзек” орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Сапаржанова Лаура Айдарбекқызы
Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күзекбаев Жеңісбек Дүзелбайұлы
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Мағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңі
Ақтөбе қаласы, № 5 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Еспембетова Айнаш Жолшыраковна
Мағжан Жұмабаев "Қазақ тілі" өлеңі
Мағжан Жұмабаев "Қазақ тілі" өлеңі
Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сабырова Жамиля Сатыбалдықызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.