Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар

22 сәуір 2014, Сейсенбі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға құстардың пайдасы туралы түсінік бере отырып, құстардың түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Құстарды аялауға, қамқор болуға бейімдеу. Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу.
Тәрбиелік: Оқушылардың құстар туралы ой - өрістерін, түсініктерін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс - тәсілдері: баяндау, түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап, тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: мәтін, сөздік, суреттер, тапсырмалар, слайд.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану, музыка.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
1. Оқушылармен амандасу
2. Кезекші жауабы
3. Сергіту сәті
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1. Жан - жануарлар, аңдар туралы 5 мақал - мәтел тауып жазу.
2. Тест сұрақтары:
1. Жануарлар нешеге бөлінеді?
А) 3 ә) 4 б) 2 в) 5
2. Жабайы жануарлар қайда тіршілік етеді?
А) үйде ә) орманда, далада б) аулада
3. Үй жануарларына жатпайтынын ата:
А) Қой, бота ә) Сиыр, құлын б) Жылқы, түйе в) Аю, барыс
4. Сиырдың пірін тап:
А) Шопаната ә) Зеңгі баба б) Қамбарата в) Ойсылқара
5. Аңдарды адамдар бағады ма?
А) Бағады ә) бағуға болмайды б) бақпайды
6. Аңдардың балалар кім асырайды?
А) Адамдар ә) Түйелер б) Аңдардың өздері
7. Не? Нелер? Сұрағына жауап бермейтін сөздерді атаңдар.
А) Қасқыр, аю ә) Сиыр, ешкі б) Қоян, түлкі в) Оқушы, мұғалім
ІІІ Жаңа сабақ
1. Ой қозғау
- Балалар, қазір қай мезгіл?
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
- Жерге не шығады?
- Күн жылынғанда жануарлар не істейді?
- Ал жылы жаққа қайтатын нелер?
- Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы - "Құстар" деп аталады екен.
Құстар, құстар келеді
Жерді шуға бөледі
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді.
2. Сөздік жұмысы
3. Мәтінмен жұмыс.
а) Мәтінді мәнерлеп рөлге бөліп оқыту.
ә) Бір оқушыға мәтінді аудартқызу.
4. Мәтіннен не? нелер? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып оқу.
5. Құстар туралы не білеміз?
6. Оқулықпен жұмыс
2 - жаттығу.
1. Ала қар... а қар... а қонды,
Қара қар... а жар... а қонды.
2. Тор... ай, тор... ай, тор... айсың,
Жақын келіп қонбайсың.
Жем шашайын, тойып ал,
Тор... ай сонда тоңбайсың.
3. Төрде тұр... ан тақтадан,
Түрлі бейне тапты а... ам.
Тоқылдақ, тор... ай, тырнаны,
Терек, тауық, тырманы.
7. Сәйкесін тап ойыны (Экраннан құстардың суреттері көрінеді және оның дыбыстары естіледі).
Көкте ұшқан құстардың қиқуланған, тыраулаған, шиқылдаған дауыстары естіледі. Құстар ұшқанда қандай дауыстар естиміз. Соны сәйкестендірейік.
Бұлбұл-------------қарқылдайды
Торғай------------бырқылдайды
Қарға-------------шықылықтайды
Үйрек-------------шырылдайды
Қаз----------------тыраулайды
Сауысқан--------сайрайды
Тырна------------қаңқылдайды
8. Суреттегі құстардың артына жасырылған сұрақтарға жауап беру.
Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктем жұлдыз аққандай (қарлығаш)
Орманда жоғары
Ағашқа қонады
Тұмсығын балға ғып
Тоқ - тоқ соғады (тоқылдақ)
Өзі сақ, өзі ұсақ
Шықылықтап тұрмайды
Құйрығы ұзын, өзі ала,
Бұл қандай құс? (сауысқан)
Заң жоқ еш уақытта
Біздерді атуға
Түсім де аппақ
Атым...... (аққу)
9. "Ән шырқайық қосылып"
Балалар біз құстар туралы жазылған өлең, ән білеміз бе?(«Бозторғай», «Ақ көгершін», «Аққулар», «Құстар қайтып барады»).
Ендеше, бәріміз қосылып, Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар қайтып барады» әнін орындайық.
10. Мақал - мәтелдерді жалғастыр:
1. Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер.
2. Қыста құсқа жақсылық жасасаң, жазда жақсылығыңды өтеп береді.
3. Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады.
4. Ит тамағы үшін жүгіреді.
Құс тамағы үшін ұшады.
5. Қыран құс шашып жейді, қара құс басып жейді.
6. Қарға қарғаның көзін шұқымас.
7. Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.
11. Халық болжамдары:
Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.
Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.
Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу болады.
Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.
Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
Шағала келсе сең бұзылады.
Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді. Халқымыз құстарды қастерлеп, бүркіт сынды аңдарды аң аулауға да пайдаланып отырған.
ІҮ Бекіту
1. Сұрақ - жауап
1. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)
2. Қандай құстарды жыл құстары дейміз? (күзде жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта келетін құстарды)
3. Құстың негізгі мекенін атаңдар? (ұя)
4. Қай құста мүлдем ұя болмайды? (көкек)
5. Құстардың жылы жаққа кетуінің себебі неде?
2. Топтастыру стратегиясы
Ү Үйге тапсырма
1. Мәтін
2. Ұнататын құстарының суретін салып, сол құс туралы әңгімелеу.
ҮІ Бағалау
5 766
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.
Жануарлар және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру. Олардың да өсімдіктер сияқты алуан түрі бар екені туралы түсінік қалыптастыру
Құстар
Құстар
Құстар туралы білімдерін кеңейту. Құстардың, жануарлардың маңызды тобы екендігі, Жабайы және үй құстары, олардың тіршілігі, күтімі, олардың адамға пайдасы туралы түсінік беру;
Құстар. Үй құстары
Құстар. Үй құстары
Қанатты жануарлар - құстардың табиғаттағы тіршілігі туралы соның ішінде жабайы құстар мен үй құстары туралы, олардың тіршілігі, дене бітімі, дамып - өсуі туралы түсінік беру.
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, "Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп" КММ даярлық тобының тәрбиешісі: Майликутова Сайлаухан
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Өтеген Жарқын
Құс мерекесі
Құс мерекесі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Ісанатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×