Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бауырластық деген не?

18 шілде 2012, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы. Бауырластық деген не? М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесіндегі жетімдер тағдыры.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға соғыс жылдарындағы жетім балаларға жасалған қамқорлықты таныту.
дамытушылық: шығарманың адамгершілік, тәрбиелік мәнін ұғынып, өз пікірлерін қалыптастыра білуге бағыттау.
тәрбиелік: қайырымдылыққа, бірлік пен достыққа, ұлттық салт-дәстүрімізді биік ұстауға тәрбиелеу.

сабақтың түрі: аралас
сабақтың әдіс-тәсілдері: проблемалық оқыту, баяндау, тестілеу, сөздік
пәнаралық байланыс: тарих
сабақтың көрнекілігі: жазушы портреті, шығармалар жинағының шағын көрмесі
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау (үзіндіні өзбетінше оқып келу тапсырылған болатын)
Ой шақыру.

Бауырмалдық Достық Қайырымдылық
(оқушылар тірек сөздерге байланысты өз ойларын айтады, пікірлері дәлелді болу үшін шығармамен байланыстыра өрбітеді)
Шығарманың мазмұны мен кейіпкерлерін тереңірек ұғыну үшін проблемалық-бағыттаушы сұрақтар ұсынылады.

1. Шығарма кімнің сөзімен басталады, оның сөзінен нені байқауға болады?
2. Шуылдасып, таласып тұрған балалар неге тына қалды?
3. Ахмет ақсақал мен Дәуренбек арасындағы түсініспеушілік неден туындады?
4. Ахмет ақсақалдың отбасына Зигфридтің бауыр басып кетуіне кімдер ықпал етті?
5. Ахмет өз ұлдары мен Зекеннің қандай мінез-құлықтарын ұқсастырады?

Венн диаграммасы.
Тапсырма.
Қазақ халқының
салт-дәстүрлері ұлттық ойындар
тілін кәлимаға келтіру көкпар
сүндетке отырғызу күрес
асық жілік ұстар тойы «Айгөлек», асық
Түсіндірме сөздікпен жұмыс.
Гимнастерка – әскери киім, тығыз матадан тігілген жейде.
Протез – адамның жоқ дене мүшесінің орнына ыңғайлап жасалған жасанды дене мүшесі
Лобогрейка- егін шабатын машина.

Раса-нәсіл (жер бетіндегі адамдардың өң-түсіне байланысты бөлінуі)
детдом – жетім балалар үйі
галифе – тізеден жоғары жағы делдиген тар балақты шалбар.
Сабақты бекітуге арналған тест тапсырмасы.
1) – Ал, ағайын, тегіс жиналсаң, сөзіме құлақ сал. – деген кімнің сөзі?
а) Дәуренбек б) Ахмет в) басқарма г) есепші
2) Қара галифе шалбар, әскери гимнастеркалы жігіт кім?
а) Берден б) Дәуренбек в) Тілеубай г) Бегімбетов
3) Ауылға неше жетім бала келді?
а) алты б) бес в) жеті г) төрт

4) Ахмет ақсақал Сейітбек қожаны не үшін шақырды?
а) тілін кәлимаға келтіру үшін в) қазақша ат қою үшін б) сүндетке отырғызу үшін
5) Кеште айтылған әндер.
а) «Маңмаңгер», «Ақ босаға» в) «Бір бала», «Жеті арал жерім-ай»
б) «Күміс құмған-ай» г) «Атамекен»
6) «Жауды аяған жаралы» дегенді білмеуші ме едің? – деп Дәуренбек кімге айтты?
а) басқармаға б) Ахметке в) елге г) өз-өзіне
7) Зигфрид қай дыбыстарды дұрыс айта алмайды?

а) Г, Ғ б) Ұ, Ү в) Х, Ң г) К, Қ
8) Ертай мен Нартай неге ажырағысы келмеді?
а) үйренісіп қалғандықтан б) әр үйдің балалары в) еш себепсіз
9) Зигфридтің мінезі қандай?
а) кекшіл б) жайдары, пысық в) қорқақ г) бұзық
10) Ахмет ақсақал қай ауылға қоныс аударды?
а) «Қызыл ту» б) «Ауыл тұрмысы» в) «Қайрат» г) «Қайыңды»
Сабақтың қорытындылау.

- Сонымен, балалар, шығармаға арқау болып отырған соғыс жылдарындағы жетім балаларды жатсынбай бауырына басып, тәрбиелеп, азамат етіп өсірген пейілй кең қазақтың бауырмал халық екеніне тағы бір көз жеткізгендейміз. Оның дәлелі бүгінде көп ұлтты мемлекетіміздің бірлік пен татулықта өмір сүріп жатқандығын айтуға болады.
Үй тапсырмасы: «Біз – бейбіт елдің ұландарымыз» деген тақырыпқа шығарма жазып келу.
Сабақты бағалау.
5 469
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
С. Сарғасқаев «Тәмпіш қара» повесінен үзінді
С. Сарғасқаев «Тәмпіш қара» повесінен үзінді
Шығармадағы достықты, әділдікті, еңбексүйгіштікті өз бойында қолдану.
Сансызбай Сарғасқаев. Шыбық
Сансызбай Сарғасқаев. Шыбық
Сансызбай Сарғасқаевтың өмірімен, шығармаларымен тереңірек танысу. Мәтінді тереңірек түсініп оқуға, талдауға үйрену, мәтіндегі түйінді ойды ашу.
Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі
Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі
Шығарманың мазмұнын меңгереді, жоспар құрады, тақырыбын ұғынады, кейіпкерлер бейнесін ашады, өз пікірін қорғайды, салт - дәстүрдің мәнін түсінеді, пікір алысады, талдайды, кейіпкерлер бейнесін жинақтайды, қорытынды жасайды;
М Мағауин «Бір атаның балалары» (Повестен үзінді)
М Мағауин «Бір атаның балалары» (Повестен үзінді)
Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, ашықтық, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу.
Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» хикаяты
Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» хикаяты
Қызылорда қаласы, №215 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Манат Бекетова
Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары»
Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары»
Атырау облысы, Атырау қаласы №31 жалпы орта білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Губайдуллина Бағдагүл Бақтығалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×