Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан – біздің Отанымыз

06 мам 2014, Сейсенбі
Оқушылардың Отан, ел туралы түсініктерін молайту; тақырып бойынша тиянақты, нақты жауап беруге үйрету; ойларын ауызша айта білуге дағдыландыру
Сабақтың міндеттері:
1. Тақырып бойынша толық түсінік беріп, мәтіндерді талдау арқылы жаңа сабақты жан - жақты меңгерту.
2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Отанын сүйетін, еліне, жеріне қамқор болатын патриот азаматы тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру, аударма, баяндау, тексеру, ізденіс.
Интеграциялық байланыс: орыс тілі, тарих.

Кезекшінің міндетін тексеру
- Бүгін сыныпта кім кезекші
- Сыныпта кім жоқ?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыстың қай айы?
- Айдың нешесі?
Үй жұмысын тексеру
*Өткен сабақта үйренген сөздерді жатқа айт
*Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастыр. Мемлекет, тәуелсіз, қонақжай, рәміздер, салт - дәстүр, халық.
* Берілген сөздер арқылы пирамида құрастыр. Отан, менің, Қазақстан, тәуелсіз, көпұлтты.
* Сұрақтарға жауап бер.
Қазақстан қандай мемлекет?
Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
Қазақ халқы қандай халық?
*Мәтінді мазмұнда.
Мұғалім сөзі: Қазақстан біздің Отанымыз. Ол біздің үлкен Отанымыз.
- Ал, балалар Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Қарағандының суреті

Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл даланы анам жаспен суарған.
Бұл далаға өзім жылап келіп қуанғам.
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
- Настя, сенің туған жерің қай жер?
- Менің туған жерім Қарағанды қаласы.
- Дұрыс айтасың. Кристина, сен қалада тудың?
- Мен Қарағанды қаласында тудым.
- Балалар, Қарағанды қаласы қандай?
- Біздің туған жеріміз Қарағанды қаласы, ол біздің кіші Отанымыз.
Адамның үлкен Отаны да, кіші Отаны да болады Біз кіші Отанымыз деп Қарағанды қаласын айтамыз. Мінекей, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - Отан.
Бүгін сабақта Отан тақырыбы бойынша жаңа сөздермен танысып, әр түрлі тапсырмалар орындап, әңгіме құрастырамыз.
Сабағымыздың ой қазығы! Отан оттан да ыстық» деп аталады. «Отан оттан да ыстық» дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар, қазір жаңа сөздермен таныспас бұрын
«Кім көп сөз біледі?» ойынын ойнайық!
Әр топқа «Отаным» деген сөз жазылған плакат таратылады.
Осы сөзден сөздер құрастыру керек.
Отаным - от, отан, он, тон, нота, таным, тым, ым, мына, там, атым, отым, ынта, отын.
Тыңдалым әрекетін іске асыру.
Жаңа сөздермен жұмыс.
Кіші Отан – малая Родина.
Тұрған үйі – дом, в котором живет
Бақытты – счастливый
Көршілер – соседи
Табиғат – природа
Қорғау – защишать
Қажет – нужен
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастыр.
Отанды сүю
Табиғатты қорғау
Тату көршілер
Бақытты балалар
Қорғау қажет
Сурет бойынша сөйлем құрастыр.
Қазақстанның табиғатының суреті

Қазақстанның табиғаты бай. Қазақстанның жері үлкен. Мынау Қазақстанның табиғаты. Қазақстанда бидай өседі. Қазақстанда биік таулар, көп орман, ұзын өзендер бар. Құлпырған гүлдер өсіп тұр.
Айтылым әрекетін іске асыру.
Мақал - мәтелдер сайысы
Отан - оттан да ыстық
Отансыз адам ормансыз бұлбұл.
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
Туған жер - алтын бесік.
Өз елім - өлең төсегім.
Отан отбасынан басталады.
Балалар, сендер Отан туралы тақпақ білесіңдер ме? (Тақпақтар айтылады)
Оқылым әркетін іске асыру
Мәтінді оқы.
Отан – адамның туып - өскен жері. Қазақстан Республикасы. Балыққа – су, құсқа – ауа, жануарға – орман, дала, тау қажет. Ал адамға Отан керек. Табиғатты қорғау дегеніміз – Отанды қорғау.
Адамның кіші Отаны да болады. Ол – тұрған үйі, ауласы, көшесі, ауылы, мектебі, достары, көршілері. Отанды сүйе білген адам бақытты. Отанды сүю отбасынан басталады.
Сергіту сәті
Биік, биік таулары бар,
Орманы бар, көлі бар.
Кең даласы құлпырған,
Отанымыз Қазақстан!
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
1. Отан деген не?
2. Қазақстан Республикасы кімдердің Отаны?
3. Қандай адам бақытты?
4. Отанды сүю неден басталады?
Жазылым әрекетін іске асыру.
Мәтінде қарамен жазылған сөздерді буынға бөліп, буын түрін анықта.
Адамның, Қазақстан, Отаны, болады, ауласы, достары, бақытты, отбасынан.
Жуан сөздерді бір бағанға, жіңішке сөздерді бір бағанға жаз.
Жуан сөздер: Жіңішке сөздер:
Отан жер
Қазақ ел
Ата - ана кіші
Аула үй
Грамматикалық тапсырма.
Менің Отаным жерім табиғатым
Сенің Отаның жерің табиғатың
Сіздің Отаныңыз жеріңіз табиғатыңыз
Оның Отаны жері табиғаты
Сөздер жазылған кубик

«Кубик лақтыру» ойынын ойнау.
Бір оқушы есімдіктер жазылған кубикті келесі оқушыға лақтырады. Кубикті қағып алған оқушы сол есімдікті берілген сөзбен тәуелдік жалғауын жалғап айтады. Мысалы; Менің жерім, сенің жерің сіздің жеріңіз, оның жері.
Сөйлемдердің сәйкестігін тап.
Отанды сүю орман, дала, тау қажет.
Жануарға отан керек
Адамға отанды қорғау
Табиғатты қорғау дегеніміз - отбасынан басталады.
Адамның кіші Отаны - ауласы, көшесі, мектебі, достары.
Тақтаға Қазақстан туралы суреттер шығады. Балалар қазір осы суреттерге қарап, Отан, туған жер туралы шағын әңгіме жазыңдар.(ақырын музыка жүріп тұрады)
Тілдесім әрекетін іске асыру.
Жаңа сөздерді қайтала.
Сөз тіркестерін қайтала.
Сабақты қорыту
- Балалар бүгін қандай тақырыпты өттік?
- Отан деген не?
Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысуына, білімдеріне байланысты бағалау
Үй жұмысы.
Мәтінді мазмұндап, сөздерді жаттау
11 651
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
ашық сабақ жоспары беріледі. мұғалімдерге көмек ретінде
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Жаңа сөздермен таныстыру, оларды оқушылардың белсенді сөздік қосуға жаттықтыру. Оқушылардың сөйлеу әрекетін (оқу, тыңдау) қазақша ойлауын, есте сақтауын дамыту.
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіздік туралы түсінік беру. Тақырып бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету. Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу, тәуелсіз еліне деген мақтаныш сезімдерін оятып, сүйіспеншілікке баулу.
Қазақстан Республикасы. Септеулік шылаулар
Қазақстан Республикасы. Септеулік шылаулар
Қарағанды қаласы, №66 ЖББ ОМ қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі (орыс мектептерінде) Молдабаева Жанагуль Сапаровна
Қазақстан – біздің Отанымыз  Жіктік жалғау
Қазақстан – біздің Отанымыз Жіктік жалғау
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті, Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Кошанова Нұргүл
Кітапхана тарихынан
Кітапхана тарихынан
Ақтөбе қаласы № 53 орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Изтлеуова Айнур Жаксыбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×