Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шәкәрім шығармаларының тарихи сипаты мен адамгершілік үлгісі

22 тамыз 2012, Сәрсенбі
ШҚО облысы., Абай ауданы, Саржал ауылы
«Ш. Тоқжігітов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Смағұлова С. С.

Шәкәрім шығармаларының тарихи сипаты мен адамгершілік үлгісі
Оқып біліп, айтып көріп жүрген ақын – жазушылардың ешқайсысында ұқсамайтын Шәкәрім шығармалары бір шеті Алтай өңірі, бір шеті Қытай еліне де жақсы таныс. Әр шығарманың өзіндік қалыптасу дәстүрі, тарихи терең тағлым бар. XIX ғасырдың 2 жартысында қазақ халқының тарихы мен әдебиетін, мәдениетін қалыптастыру жолында елеулі еңбек еткен, Шоқан, Ыбырай Абайлармен тұстас, замандас болған, сол кезеңнің аумалы - төкпелі дәуірдің куәсі Шәкәрім Құдайбердіұлының өз заманындағы адамға, қоғамға, өзін қоршаған ортаға әлеуметтік жағдайларға байланысты туындаған көзқарасты, ой - түйіні бағыты болуы шартты еді.

Сондықтан да Шәкәрім XIX ғасырдың аяғы XX ғасыр басындағы қазақ өміріндегі оқиғаларға құбылыстарға қызу үнін қосты. Оның ішінде жаңа заман жастарын оқу - білімге өнерге шақыру лебі бар. Осы оқу білім, өнер жолында бір адамнан үлгі алып үйренейік, соған жүгінейік деген ой айттады. «Жастардың рухани азық алып, жан сарайы тазартуда үлгі болар адам біреу ғана ол - Абай» - дейді жастайынан өз пір тұтып үлгі алған Абай бойындағы адамгершілік пен мейірім, адалдық пен ар, ұят тәрізді ұғымдарды философиялық терең толғауларда

Абай өсиеті арқылы беруді мақсат тұтады.
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас амал берелік,
Бір білімді данышпан жан табалық.

1877 жылы жазылған бұл өлеңнің меңзегені жастар болашағы. Оқу - білімсіз ел ертеңі жоқ екенін айтып түсіндіруге айтып тырысады. Өзі жүріп өткен өмір өткелдерінде, тағдыр алқасында Шәкәрім ұстанған бағыты. Таңдаған жолы өздіген іздену, оқу, білім, үйрену ұлылардан үлгі алу. Сондықтан да ол білімділікті дәріптеген, ұлағатты ойлар айтып, өздігінен білім алу, оқу, іздену жолдарын ұсынған, соны дамытуға күш салған. Білім алудың ең оңтайлы кезеңі жастық шақ екендігіне де назар аударады. Абайша толғап, Абайша өкінеді. Өз өкінішін өсиет етіп қалдырады. Ол арнайы білім беру, оқыту ісіне арласып, белгілі бір еңбектер жазбағанымен, осы салада терең ой толғап, болашақ ұрапақты қайткенде білімді салауатты санала етіп тәрбиелейміз, - деген мәселелер төңірегінде сөз қозғап, өзіндік көзқарас туындырып жол нұсқайды. Жастардың өздігінен ізденіп оқу жолындағы мақсат - міндетін айқындауға өзінің Меккеге сапарын үлгі қылады.

Сезіндім біразын байқай,
Кітап, ғылым, ой алмаққа.
Маған жол болды сол жаққа,
Жұмылдым Мекке бармаққа.

Шәкәрімнің бүкіл шығармашылығының өң бойына желі болып табылған ой - толғаныс, парасат - пайымы, ұстанған бағыт бағдары - Шығыс пен Батыстың озық ойлы даналарының үлгі өнегесі - тәлім тағлымы. Өздігінен оқып, бірнеше тілді жетік білген ғұламаның кейінгілерге берері, айтпақ ақылы, қалдырған мұрасы да осы жан - жақты білімді меңгеру жолы. Ақынның жүріп өткен жолы, өмір кезеңі оның шығармашылығының тарихылылығын айқындайды. Сондықтан да Шәкәрім өлеңдерінде жеке адамның өсу кезеңдерінен бастап, ол өмір сүрген орта, қоғам өмірінің өзгерістері, тарихи саяси болмысы белгілі бір замандылықпен суреттеледі.

Шәкәрім өзі өмір сүрген, қазақ еліне ерекше тарихи өзгерістер енгізген. Халқымыздың санасын жаңғыртып, түрлі жаңалық, өзгерістер әкелген. Шәкәрім ұстанған дәстүр мен жаңашылдық Батыс пен Шығыстың әдеби мұраларынан бастау алып, Абайға ұласқан жалғастық оны өзіндік көзқарасын қалыптастырғанын, ол дәстүрлерді қабылдағынын көрсетеді. Ақынның қоғам өміріндегі өзгерісті асқан парасаттылықпен меңгеруге себеп: оның қазақ зиялыларымен орыс интеллегенциясымен жақын таныс, пікірлес болғандығына олармен бірге қоғамдық маңызы бар істермен араласуында. Маңызды істерге араласа жүріп халқына түзу жол, бағыт - бағдар сілтеп отырды.

Адам табиғатының диалектикалық күрделі де, қат - қабат қайшылықты құрамын жасауда, сонымен қоса, қазақ қоғамының шындығын көрсетуде Шәкәрім өз тұрғысынан келді. Ол өлең өрнегі және философия сонымен қоса адамның ішкі психологизімін бірлестіре отыра, қазақ тарихына жаңаша мазмұн мен түр әкелді. Адамның «Ішкі әлемнің» күрделілігін, құндылығын ішкі сапа мәселелерін алға қойды. Адам мінезіндегі сан түрлі қайшылықтарды жеңуде, оған сыртқы ортаның әсерін, онымен қарым - қатынаста бола тұра, адамның «ішкі әлемнің» өзінің - өзі игеруі керек деген идеяны ұсынды. Шәкәрімнің адам жайындағы түсінігі және оны көркемдеп суреттеу тәсілдері қазақ тарихы мен философиясына маңызды өзгерістер әкелді.

Жалпы адам тануда, «Құдайтануда», «Ішкі әлем» жөнінде айтқан ойлары тек қана әдебиет пен философияның ғана сыбағасына тиетін үлес қана емес. Сонымен қоса ұлттық санаға, ұлттың дамуына әсер ететін дәрежедегі идеялар еді. Шәкәрім күн тәртібіне адам сапасын арттырудың, оған қандай мінез - құлықтың әсері және қандай адами құндылықтарды дамыту керек деген мәселелерді қойды. Шәкәрім сыртқы ортаның әлеуметтік жағдайдың адамға ықпалын әсерін анық байқай отыра, сол ортаны, қоғамды, әлеуметтік өмірді өзгерту жағдайына, адамның рухани толыққанды қалыптасқан әсерінің күштілігін мойындайды. Адамның іштей дамуын, ішкі жан дүниесінің өзгеруі, психологиясын, дүниетанымын өзгерту, дұрыстыққа бұруы адамның өз қолында.

Шәкәрім шығармашылығының бір иірімі, Жаратушы мен адам, махаббат адамшылық, адами қасиеттер мен құндылықтар, адамның жекелік дамуының көрінісі деген ойларда жатыр. Шәкәрім оптимизмі де ұлт болашағына қатысты. Оның болашаққа деген үміті зор, ұлттың дамуын, өз ұлтының озық дәстүрлерімен ерекшеліктерін сақтай отыра, оның дамуының қайталанбас көздерін, бағыттарын табуды мақсат тұтты. Ұлттың өткен тарихына сүйене отырып, жаңашылдығы басым жан - жақты ізденістер мен дүниетаным дамытуда көркемдік тәсілдерді кеңінен пайдаланды. Өлең сөздерінің байлығы, сұлулығы қазақ тілінің бай сөздік қорына айналып отырды.
12 252
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ш. Құдайбердіұлының өлеңдерінің әдеби - көркемдік ерекшеліктері
Ш. Құдайбердіұлының өлеңдерінің әдеби - көркемдік ерекшеліктері
Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдерінің әдеби - көркемдік ерекшеліктері. Ақынның өмірі мен шығармаларының мазмұны мен мағынасына талдау, әдеби - көркемдік ерекшеліктерін меңгерту, үзінділер жаттау, мазмұнын түсіндіру.
Шәкәрім Құдайбердиев «Ақындарға», «Қарттық туралы»
Шәкәрім Құдайбердиев «Ақындарға», «Қарттық туралы»
Шәкәрім Құдайбердиев «Ақындарға», «Қарттық туралы» Ақын шығармаларының тақырыптары мен идеясын ашу, құрылысына, тілдік ерекшелігіне талдау жүргізу, ой түйіндеу.
Жаз келер
Жаз келер
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Өлеңді оқыту арқылы жаз мезгілі жайлы білімдерін кеңейту, өлеңнің негізгі ойын ашу.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің дамуы
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің дамуы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Тамды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнін мұғалімі Есенова Дамира
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, шығармашылығы
Ақтөбе облысы, Хобда ауданы, Жиренқопа орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Даулетиярова Айман Биржановна
Шәкәрім атаға
Шәкәрім атаға
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті, №85 орта мектептің 3-сынып оқушысы Өтепова Аяулым Ерланқызы Жетекшісі: Қайруллаева Айгүл Әділбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×