Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем

14 мам 2014, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Себеп - салдар салалас
Сабақтың мақсаты: Мысалдар келтіру, жаттығу жұмыстарын орындау арқылы, себеп - салдар салалас түсіндіріп, меңгерту, оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы балалардың тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге баулу;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;
Сабақтың түрі: СТО
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтастыру, дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар, АКТ, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.
Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Оқушыларды топқа бөлу

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Топтық жұмыс арқылы үйге берілген тапсырманы сұраймын.
І топ. 148 - жаттығу.
Құрмалас сөйлем деген не?
Құрамына қарай түрлерін ата
Мысалдар келтір
ІІ топ.
148 - жаттығу.
Салалас құрмалас сөйлем деген не?
Түрлерін ата. Мысалдар келтір
ІІІ топ.
148 - жаттығу.
Ыңғайлас салалас сөйлем деген не?
Құрамындағы жай сөйлемдердің байланысуы
Мысалдар келтір

Ой шақыру
Тіл туралы өлең шумақтары мен мақал - мәтелдер
Біз қазақ тілін дамытуымыз керек, себебі ұлт болашағы тіліне тәуелді.
Жаңа сабақты түсіндіру: Топтық жұмыс арқылы
І топ.
Берілген жай сөйлемдерді күрделі сөйлемге айналдыр
Ережесін шығар
Биыл шөп қалың шықты. Жаңбыр көп жауды.
ІІ топ.
Берілген сөйлемді жалғаулық шылау арқылы байланыстыр.
Жалғаулық шылауларын ата
Қорадан мал ұрланыпты. Базарбайды қатты соққыға жықты
ІІІ топ.
Берілген құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін қойып, себебін анықта
Біз ауылға жаяу тарттық: көлік жүре алмайтын тар жол бізге басқа амал қалдырмады.
Бұл араның малы қыс жұтауға тиісті емес себебі ондағы көлдің
төңірегіне жайыла шалғын өседі.
Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салалас құрмаластың түрін себеп - салдар салалас дейміз. Бірінші құрмаласта соңғы сөйлем алдыңғы сөйлемнің себебін білдіріп тұрса, екінші құрмаласта алғашқы сөйлем соңғы сөйлемнің себебін білдіріп тұр.
Биыл шөп қалың шықты, жаңбыр көп жауды.

Себеп - салдар салаластағы жай сөйлемдер жалғаулықсыз іргелес те, жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады. Ол жалғаулықтар мыналар: өйткені, себебі, сондықтан, неге десеңіз.

Себеп - салдар салаластағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстырып айта беруге болады. Жалғаулықсыз себеп - салдар салаласта жай сөйлемдердің қайсысы бұрын тұрғанын тыныс белгілері арқылы айырамыз. Егер себеп мәнді сөйлем салдар мәндіден бұрын тұрса, арасына үтір қойылады. Керісінше, салдар мәнді сөйлем себеп мәндіден бұрын айтылса, арасына қос нүкте қойылады. Қорадан мал ұрланыпты, сол себепті Базарбайды қатты соққыға жықты

Жалғаулықты себеп - салдар салаласта жай сөйлемдердің қайсысы бұрын тұрғанын шылауларына қарай білеміз. Егер сондықтан, сол себепті деген жалғаулықтар тұрса, себеп мәнді жай сөйлем бұрын орналасып, салдар мәндісі соң орналасқан болады.
Себебі, өйткені, неге десеңіз деген шылаулар тұрса, салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасып, себеп мәндісі соң орналасқан болады. Мысалы. Біз ауылға жаяу тарттық: көлік жүре алмайтын тар жол бізге басқа амал қалдырмады. Бұл араның малы қыс жұтауға тиісті емес, себебі ондағы көлдің төңірегіне жайыла шалғын өседі.

Сабақты бекіту: Жаттығумен жұмыс:
150 - жаттығу.
Мәтіннің мазмұнына байланысты себеп – салдар құрмаласқа 5 сөйлем құрастырыңдар.
151 - жаттығу.
Берілген кестені бағдарға алып, жалғаулықты немесе жалғаулықсыз дауыс ырғағы арқылы байланысқан салаласқа мысал келтіріңдер, тыныс белгілеріне назар аударыңдар.
152 - жаттығу.
Мәтін мазмұнына сүйене отырып, бірнеше себеп – салдар салалас сөйлем құрастырыңдар, қалай байланысып тұрғанын түсіндіріңдер.

Сергіту сәті. Мақал – мәтел бойынша сурет салу
І топ. Туған жерге туың тік.
ІІ топ. Бақа көлінде патша,
Жігіт елінде патша.
ІІІ топ. Туған жердің жері де көрікті, елі де көрікті.

Білімді қорыту: Ой толғаныс
І топ
Себеп – салдардың мақсаты
ІІ топ
Себеп – салдардың байланысуы
ІІІ топ
Себеп – салдардың тыныс белгісі

Бағалау: Критериалды бағалау, топтық бағалау
Үйге тапсырма

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
52 375
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Қарсылықты салалас құрмалас және оның жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлерінің жасалу жолдарын меңгерту. Зейін, ынта қабілеттерін, ой - өрістерін дамыту, ББД қалыптастыру.
Талғаулы салалас
Талғаулы салалас
Оқушылардың салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы білімдерін нығайту, талғаулы салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын ұғындыру, өзге салалас сөйлемдерден ажырата білуге дағдыландыру. Білім - білік дағдыны қалыптастыру.
Себеп - салдар құрмалас (жаттығу орындау)
Себеп - салдар құрмалас (жаттығу орындау)
Себеп - салдар салаластың құрмаласу жүйесін, тыныс белгілерін, жасалу жолдарын теория - практикалық тұрғыда игерту; Ойларын жүйелі айту дағдысын жетілдіре отырып, тілдік талдауларыды жетік, дағдылы түрде талдау машықтарын тереңдету.
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем Өзіндік оқу арқылы салалас құрмалас сөйлемдердің, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары туралы түсінік қалыптастыруы тиіс, тілдік талдау жасауға үйренеді.
Отбасы
Отбасы
Отбасы мүшелерінің мінездері туралы сипаттайтын ережесімен таныстыру және себеп - салдар салалас құрмалас сөйлемдерді дұрыс құрастыра алуларына үйрету
Себеп бағыныңқы сабақтас
Себеп бағыныңқы сабақтас
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағалиева Нүргүл Қайыржанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×