Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәкен Сейфуллин"Ақсақ киік"

24 мам 2014, Сенбі
Әдебиет 5 - сынып
Сабақ жоспары:
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. С. Сейфуллин туралы және шығармашылығы бойынша мағлұмат бере отырып, өлеңнің көркем өнер туындысы ретінде ақындық қуатын аңғару
2. Дамытушылық. Өлең желісін бейнелі түрде көзге елестетіп, эстетикалық тұрғыдан бақылай білуге, өзіндік пікір айта алуға және өз тарапынан ұсыныс беруге ұмтылдыру
3. Тәрбиелік Сұлулықты көре білуге, бағалай білуге, адам мен табиғат гармониясын сезінуге, сүйіспеншілік, аяныш сезімдерін тану сезіну

Сабақтың түрі: Аралас _____________________________________
Сабақтың әдіс тәсілі: Ой қозғау. СТО. талдау, пікір алмасу _____________________
Сабақтың көрнекілігі: Карта, музыка, сурет, интербелсенді тақта _________________________
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу.
2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын сұрау: Ж. Жабаев туралы не айтар едіңдер? Өтеген батыр өмірде болған ба? Не білесің? Өтеген батыр мен Асан қайғы ұқсастығын айқында. Сенің елесіңде Өтеген батыр қандай бейнеде көрінеді?

3. Жаңа сабақ: Сергіту сәті
Балалар бір - бірінің қолдарын ұстап айтады. Бүгінгі күн - біз үшін, біздің туыстарымыз үшін сәтті күн болсын. Біз мектебімізге, ауылымызға, Отанымызға, бүкіл жер шарына бейбіт күн тілейміз.
«Жезкиік» әні тыңдалады. Балалар «киік» дегеніміз не? Ойларымызды ортаға салайықшы.

Бетпақ дала
Қызыл кітап
Сәби тәріздес
Аң періштесі
Табиғат
Жануар
Киелі

Балалар, біз бүгін Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» деген өлеңімен танысамыз.
Мен мәнерлеп оқып шығамын. Балалар бұл өлең сендерге қалай әсер етті? Сендердің бойларыңды қандай сезім биледі? Балалар сендер түгіл тіпті мен де жылап қалдым. Әрине, аяныш сезімі бәрімізді баурады. Осы аянышты хәлге киікті кім әкелді? Әрине мерген. Мерген кім? Ол - Адам.

Адам киікті атпауы керек одан бұрын табиғатты сақтауы керек. Әдемілікті көре біліңдер, табиғатты аялаңдар!!! Демек, біз «Ақсақ киіктен» қандай қорытындыға келдік? Киікті атқан адам мейірімді ме, әлде зұлымдығы басым адам ба? Дәлелде.
Тезис - жоспар
1. Бетпақ дала - киіктер мекені
2. Киіктің сипаты
3. Мерген жауыздығы

1) Бетпақ дала - Сарыарқа аймағында орналасқан, шөлейт зона.
Бұл жерді шөлге төзімді киіктер мекендейді.

Бетпақ далада өсетін өсімдіктер.
Шөптер
жусан
көкпек

2) Киіктің сипатына тоқталайық:
Қап - қара екі көзі мөлдіреген

Эпитет
Әдемі екі танау желбіреген
Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды

теңеу
Жел түрткен жусаннан да селдіреген

Сөздікпен жұмыс
Қос - отырыс
Сегіз көштік – көлемді
Бетеге - қырат, қыр

Сергіту сәті
Білесің бе?
Қызыл кітапқа енетін сирек кездесетін құстар мен жануарлар:
Марал, елік, ақбөкен, барыс

«Ақсақ киік»
Өлең
17 шумақ, 51 тармақ
11 буынды, қара өлең ұйқасы
3 бунақты

4. Пысықтау
Сонымен, сендердің бойларыңда табиғатқа, экологияға деген жанашырлықтарың оянды ма?
Сендер өз тараптарыңнан табиғатты қорғау үшін қандай ұсыныстар берер едіңдер? Қазіргі кездегі киік атушыларға ыза - кектерің қандай?

5. Қорытынды:
6. Білімдерін бағалау.
7. Үйге тапсырма: «Табиғатты аялайық» ой толғау
7 846
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас) (1894 - 1938) Қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.
Сәкен Сейфуллин "Ақсақ киік"
Сәкен Сейфуллин "Ақсақ киік"
Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай жасау, «Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу. Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»
Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»
Сәкен Сейфуллиннің ақындық қуатын таныта отырып, «Ақсақ киік» өлеңін талдау, идеялық мәнін ашу.
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
Бастауыш сынып мұғалімі Жолшибекова Индира Тұрғанбекқызы
Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»
Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»
Астана қалас, № 8 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ермаганбетова Марал Маратовна
Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)
Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)
Батыс Қазақстан облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы Құлсары гуманитарлық - техникалық колледжі Бастауыш білім беру бөлімінің ІІІ (11) студенті: Батыр Нұрайым
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×