Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көнерген сөздер, тұрақты тіркестер және жаңа сөздерден өткенді қайталау

09 қыркүйек 2012, Жексенбі
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы:
"Көнерген сөздер, тұрақты тіркестер және жаңа сөздерден өткенді қайталау"
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың өткен тақырыптары бойынша алған білімдерін тексеру. Дамытушылығы: көнерген сөздер,жаңа сөздер,тұрақты тіркестер тақырыбы бойынша білімдерін кеңейтіп,тіл байлықтарын дамыту
Тәрбиелілігі: оқушыларды көркем әдебиетті сүюге,әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу

Сабақ түрі: қайталау, тіл ұстарту,
Сабақ әдісі: сайыс
Пәнаралық байланыс: көркем әдебиет,тарих
Көрнекіліктер: топшамалар,қобдиша, интерактивті тақта
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі;
Оқушыларды 3 топқа бөлу.
1. зерделілер
2. ойшылдар
3. тапқырлар

Үй тапсырмасына шолу.
Сұрақ-жауап. Интерактивті тақтадан көрсетіледі.
1. Лексика дегеніміз не?
2. Көнерген сөздер дегеніміз не?
3. Тұрақты тіркес деген не?
4. Жаңа сөздер деген не?

Ерте, ерте, ертеде бір үш қария дос болыпты.Олар: Көнебай, Жаңабай, Тұрақбай. Олар ұзақ жылдар бойы тату дос болған. Күндердің бір күнінде үшеуі бір мәмілеге келе алмай, дауласып қалады.
Көнебай былай дейді:
- Мен сендердің екеуіңнен де баймын. Менің сөздерім бірнеше ғасырдан бері келе жатқан халықтың асыл қазынасы, халық өткен тарихын мен арқылы біледі, сондықтан халық мені ғана қажет етеді,- дейді.

Жаңабай қарнын керіп:
- Ей, Көнебай, сен неменеге жетісіп тұрсың. Халық сенің сөздеріңді қолданбайды. Сенің сөздерің күнделікті қолданыстан шығып қалған. Халық оны ұмытып қалған да шығар. Ал, мен болсам қоғам дамыған сайын байимын. Халық менің сөздерімді жиі қолданады. Мен үлкен қажеттілікке иемін. Қазіргі қоғамда халыққа ең керегі мен боламын. – дейді.
Тұрақбай өзінің салмақты мінезімен:

- Ей, достарым, неменеге қызыл кеңірдек болып қалдыңыздар? Маған қараңдаршы, мен осы көнермеймін де, жаңармаймын да. Бірақ халық мен арқылы өз әдеби тілдерін байыта түседі. Өз ойларын тереңірек жеткізуге менің көмегім қажет.Мен халыққа көп қызмет етемін-дейді.
Сөйтіп, үшеуі дауласа келе арғы аталары Лексикаға келіп жүгінеді. Лексика бұлардың жауаптарын тыңдап алып:

- Мен сендерге төрелік айтпаймын. Сендерге халық төрелік етсін,- дейді. Енді үшеуі халыққа, мына отырған 5-сыныпқа қонаққа келеді.
Сонымен балалар, бүгінгі сабағымыздың қонағымен таныс болайық. / үш қариямен таныстыру / Бұл үш атамыз бізге құр қол келген жоқ. Олар өздерінің тапсырмалары арқылы сендердің қаншалықты бұлардың байлықтарын тілімізде қолданамыз екен, қаншалықты білеміз екен соны көргілері келеді.

1-тапсырма.
Берілген мәтін қай шығармадан алынғанын анықтап және мәтін ішінен тұрақты тіркесті табу керек
1.Өз үйіне келгенде ол бой жазып қалады. Үйі өте кішкентай болса керек. Киізі қырық жамау күркесіне келіп «Қайран өз үйім, кең сарай боз үйім» деп керілгенде, екі аяғы тізесіне дейін күркеден шығып жатады екен.
2.Ол қолына жүз батпан шоқпарын алып, Керқұла аттың шабысымен дәуге қарсы шаба жөнеледі. Көзді ашып-жұмғанша дәудің бір басы ұшып түседі.
3. Әкем би болмаса да, би түсетін үй болғаны ғой. Шешем қырық кісіні ренжітпей аттандырса, «Қырықтың бірі қыдыр» деген, маған бәлкім, қыдыр дарыған шығар, ата.

2-тапсырма. Мақал-мәтелді жалғастыру, ішінен көнерген сөзді табу, түсіп қалған дыбысты немесе сөзді жазу.
1.Кісі елінде с...лт...н болғанша
Өз еліңде ұлтан бол
2.Жаман ......... жал бітсе,(атқа)
Жанына т ... рс ...қ байлатпас. (торсық)
3.Иілген басты қ...л...ш кеспес.(қылыш)

3- тапсырма.
Сөйлемдерді тақтада талдау ішінен неологизмдерді табу.
1.Елбасы мінген ұшақ Астана әуежайына келіп қонды.
2.Орал қаласындағы Достық даңғылы боойында Сырым бабамызға ескерткіш орнатылған.
3.Үстіміздегі жылы атам мен әжемнің зейнетақысы көбейді.

4- тапсырма.
Берілген сөздердің мағынасын тұрақты тіркес арқылы беріңдер.
1. Жылдам - ........2. Көп - .............3. Айқын - .............
аз-
жақын-
алыс-
ұялу-
қорқу-
тату-

5- тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беру
1-нұсқа
1.Архаизмді тап
А) жеке кәсіпкер
Ә) қызыл отау
Б) Адалбақан
2. Жаңа сөзді тап
А) қымыз
Ә) бағдаршам
Б) әдебиет
3. Тұрақты тіркесті тап
А) ат ізін салмады
Ә) жоғары білм
Б) жүйрік ат
4. Тарихи сөзді тап
А) комсомол
Ә) мысы құру
Б) теледидар

6- тапсырма. Әдемі сөйлем.(Әр топ мүшелері неологизмдерді қатыстыра отырып ойдан сөйлем құрастыру)
7- тапсырма. Тұрақты тіркестің мағынасын ашу
1. Екі көзі төрт болу – (күту)
2. Салы суға кету –(шарасыздық)
3. Жұмған аузын ашпау –(үндемеу)
4. Түн ұйқысын төрт болу – (бағып-қағу)
5. Қол ұшын беру – (көмектесу)
6. Құр алақан қалу – (барынан айрылып қалу)
- Ал, балалар, берген жауаптарың бойынша алған дөңгелекшелеріңді санаңдар.
Сайысты қорытындылап, жеңімпаздарды анықтау.

Қорытынды: Міне, балалар, бүгін біз қонаққа келген үш атамыздың байлығын пайдаландық, кәдемізге жараттық. Олар бізге керек пе екен?
- Иә, олар біздің тілімізді, сөйлеу мәдениетімізді дамыту үшін үлкен қызмет атқарады екен.
Бұл үш атамыздың да байлығы бізге, халыққа қажет деп төрелігін айтайық. Осымен ертегіміз де аяқталды, сабағымызды да аяқтаймыз.
40 501
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер
Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру, олардың өзіне тән ерекшелігін түсіндіру, тіліміздегі басқа тіркестерден ажырата білу;
Көнерген сөздер
Көнерген сөздер
Көнерген сөздер туралы оқушыларға ізденте отырып, көнерген сөздердің мағынасын ашуға, сөйлем ішінде тура, ауыспалы мағынасында қолдана білуге үйрету, көнерген сөздер түрлерін меңгерту.
Көнерген сөздер (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Көнерген сөздер (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Қолданыстан шығып қалып, тарихи шығармаларда ғана кездесетін, мағынасы көмескі сөздерді көнерген сөздер дейміз. Кейбір көнерген сөздердің қайтадан жаңаратын кездері де болады.
Қысқа мерзімді жоспарлар
Қысқа мерзімді жоспарлар
Қазақ тілі мен әдебиеттен қысқа мерзімді жоспарлар.
Лексикадан өткенді қайталау
Лексикадан өткенді қайталау
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Уткельбаева Айгуль Макажановна
Көнерген сөздер, түрлері
Көнерген сөздер, түрлері
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Темірбекова Күләш Ахметқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×