Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Айтыс. Айтыстың түрлері

01 шілде 2014, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Айтыс. Айтыстың түрлері.

Жалпы мақсаттары: Айтыстың жанрлық ерекшелігі, түрлері, қазіргі даму сипаты, қазіргі айтыстың мәні мен маңызы туралы білу.
Міндеттері:
- Айтыс туралы ақпарат жинау
- Қайым айтыс құрастыру
- Интернеттен материалдар іздеу
- Өлең шығару
Оқыту нәтижесі: Айтыс туралы ақпарат жинайды, интернеттен материалдар іздейді, веб - сайтпен жұмыс жасайды. Көне дәуірлерден жеткен жазбалардағы айтыс үлгілері, айтыстың даму ерекшелігі туралы мәлімет алады.

Тапсырмалар:
1. Психологиялық тренинг «Мен өзімді... таныстырғым келеді»
2. Сыр сандық ішіндегі тапсырмалар.
3. Зерттеушілер. (айтыс туралы ақпарат жинау, постер қорғау)
4. Топпен жұмыс.
5. Топтастыр, салыстыр ( венн диаграммасы)
6. Бортты журнал.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгелдеу.
Психологиялық тренинг.
«Мен өзімді... таныстырғым келеді» тренингін өткізеді.
Сыныпқа жағымды психологиялық ахуал тудырады.
Оқушылар үш топқа топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.
Оқу құралдарын алып сабаққа әзірленеді.

«Қыз Жібек» жырының үзіндісі бойынша топқа бөледі.
Бағалау критерийін оқушыларға ұсынып, бағалау шкаласы бар карточкалар таратады.
Өте жақсы жауап берген оқушыны алтын, жақсы жауапты күміс, орташаны қола медальдармен марапаттау, топты қол шапалақтау арқылы марапаттау.
1 - тапсырма.
«Сыр сандық» әдісі бойынша үй жұмысын сұрайды. Сыр сандықтың ішіндегі сұрақтарға жауап берместен бұрын бірінші топ оқушыларына бір мен он сан есімдері арасындағы бес түрлі сан есімді, ал екінші топ оқушыларына он бір мен жиырма арасындағы бес түрлі сан есімді таңдауларын сұрайды. (Бірінші топ оқушылары бір мен он сан есімдер арасындағы бес түрлі сан есімді таңдайды. Ал екінші топ оқушылары он бір мен жиырма арасындағы бес түрлі сан есімді таңдайды. Таңдаған сан есімдері бойынша екі топтан бес - бес оқушыдан шығып, сыр сандықтың ішіндегі сұрақтарға жауап береді. Жырды көркемдік ерекшелігіне талдайды.)
Сұрақтар:
1.«Қыз Жібек» жырының композициялық құрылысы.
2.«Қыз Жібек» жырындағы кейіпкерлерді ата.
3. Жырда Төлеген бейнесі қалай беріледі?
4. Жырда Қыз Жібекті қалай суреттейді?
5. Жырда кездесетін салт - дәстүрлерді ата.
6. Жырдан теңеуді тап.
7. Жырдан метафораны тап.
8. Жырдан эпитетті тап.
9. Жырдың басты маңызы қандай?
10. Төлеген алыс та азабы мол жолға неліктен бел байлады?
11. Төлеген Жібектің күймесіне киіліккенде одан жауап ала алды ма?
12. Төлеген Жібектің жүзін қалай көреді?
13. Жібектің портретін суреттеуде жыршы қандай көркемдегіш құралдар қолданған?
Айтыс өнері туралы бейне жазбадан үзінді көрсетеді.
2 - тапсырма (топтарға)
Зерттеушілер
Оқушыларға алдыңғы сабақта айтыс, оның түрлері туралы зерттеу жұмысын жүргізіп келуге береді. Топтағы жұмысты бақылайды.

3 - тапсырма
Топпен жұмыс.
«Өнерпаздар» тобына
Қайым айтыс ұйымдастыруға береді.
«Ақындар» тобына сезімнен туған жолдар.
«Ізденушілер» тобына бүгінгі таңдағы айтыс өнері туралы интернеттен іздеу жұмыстарын береді, бақылайды.
(Айтыс туралы ақпарат жинап келеді. Талдайды, өз ойларын, идеяларын ортаға салады, постер қорғайды.
«Өнерпаздар, ақындар, ізденушілер» деп жазылған қағазды топ басшылары таңдайды.
«Өнерпаздар» тобы дайын жыр тармақтары арқылы қайым айтыс құрастырады, айтады.
Өздері таңдаған тақырып бойынша өлең шығарады.
Тақырып бойынша интернеттен материалдар іздейді, веб - сайтпен жұмыс жасайды.)

4 - тапсырма
«Топтастыр, салыстыр»
Венн диаграммасы
(Венн диаграммасы арқылы оқушылар бұрынғы айтыс пен қазіргі айтыстың айырмашылығы мен ұқсастығы туралы айтады, салыстырады.)
5 - тапсырма
«Бортты журнал» әдісі бойынша сабақты қорытындылайды.
(Оқушылар кестеге тақырып бойынша бұрыннан не білетінін, бұл туралы не білу керек екенін болжап жазады. Жаңа ақпарат бойынша «бұл туралы енді не білдім? Қандай маңызды сәттерді мен енді анықтадым?» деген сауалдарға жауап жазады, кестені толтырады.)
Кері байланыс.
«Ізгі тілек ағашы»
(Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, тілек лебіздерін жапырақшаларға жазып, «Ізгі тілектер» ағашына жапсырады.)
Бағалау критерийлері бойынша оқушылардың жиынтық бағасын қояды.
Үйге тапсырма. Айтыстан үзінділер жаттау. Презентациялар дайындау.
Бағалау.
19 677
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Айтыс, оның түрлері. Айтылу дәстүрі, жанрлық ерекшелігі
Айтыс, оның түрлері. Айтылу дәстүрі, жанрлық ерекшелігі
Айтыс тақырыбын оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлап талқылауға үйрету. Осы мақсатқа жету үшін пайдаланылатын стратегиялар біздің маңызды істерге бастайды.
Айтыс туралы түсінік (күнделікті сабақ жоспары)
Айтыс туралы түсінік (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс — халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі.
Аяз бен Қыдыр (айтыс)                                              (4-сынып)
Аяз бен Қыдыр (айтыс) (4-сынып)
Қызылорда қаласы №172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Искакова Үміт
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (интеллектуалды сайыс)
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің химия - биология пәні мұғалімі Айтөреева Ақмарал Бақытқызы
Айтыс - шешендік өнердің падишасы
Айтыс - шешендік өнердің падишасы
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жакупова Назия Казымовна
Айтыс
Айтыс
Айтыскер ақындарға тән қасиеттер туралы ата өтейік. Ақынға тән қасиеттер: 1. парасат, білім 2. сөзге тоқтау 3. намыс, жігер, қызу шабыт 4. талант, арқа 5. тапқырлық, ұтымды ой, қолма - қол суырыпсалушылық
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×