Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы

01 шілде 2014, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы

Жалпы мақсаттары: Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін тексеру, дамыту;
Міндеттері:
- Ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани - адамгершілік қағидаларымен танысу;
- Өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру;
Оқыту нәтижесі: Ақын өлеңдерінің идеясын ашады, рухани - адамгершілік қағидаларымен танысады.
Шағын топтарда жұмыс жасау арқылы өз бетімен білім алады, бірін - бірі оқытады.
Тапсырмалар:
1.«Кір қыстырғыш» әдісі
2. «Жигсо» әдісі
3. «Конверттегі деңгейлік тапсырмалар» әдісі
4. «Бір айналым сөйлесу» әдісі

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, түгелдеу.
Оқушыларды әр түрлі түсті үлестірмелі қағаздар арқылы төрт топқа бөледі.
Бағалау критерийін оқушыларға ұсынып, бағалау шкаласы бар карточкалар таратады.
Өте жақсы, жақсы жауап берген оқушыларды сыйлықтармен марапаттау, топты қол шапалақтау арқылы марапаттау.
1 - тапсырма
« Кір қыстырғыш» әдіс
Тірек сөздер:
Қашаған Күржіманұлы
(1841 - 1929)
«Адай тегі», «Атамекен», «Топан» атты дастандары
XIX ғасырдың екінші жартысы
«Әдебиет майданы»журналы
(Оқушылар берілген тірек сөздер арқылы Қашаған Күржіманұлының өмірі мен шығармашылығын баяндайды.)
«Шәкәрім Құдайбердіұлы» тақырыбында бейне жазба көрсетеді.
2 - тапсырма.
«Жигсо» әдісі
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы бойынша жұмыс
1 - топ: Шәкәрім кім? Ол туралы не білесіңдер? Шәкәрім қандай дастандар оқыған?
2 - топ: «Еңлік - Кебек» поэмасы кімнің ақыл - кеңесімен жазылған?
«Еңлік - Кебек» поэмасы туралы не білесің?
3 - топ: «Еңлік - Кебек» поэмасының композициялық құрылысына сатылай
кешенді талдау жасау.
(Шағын топтық жұмыста орындарын ауыстыра отырып тапсырмаларды орындайды, өз білгендерін постерге жазады, сатылай кешенді талдау жасайды, бағалайды, талдайды, постер қорғайды.)
3 - тапсырма.
«Конверттегі деңгейлік тапсырмалар» әдісі
1 - деңгей: Шәкәрімнің өмір жолы.
2 - деңгей: Оқушының шығарманы түсінуі, ұйқас, тармақ, бунақ, буын, троп түрлеріне талдау.
3 - деңгей: «Мен таныған Шәкәрім» ( шағын ой толғау).
(Конверттегі деңгейлік тапсырмаларды қабілеттеріне қарай таңдайды, орындайды, ауызша баяндайды, жатқа айтады, эссе жазады.)
4 - тапсырма
« Бір айналым сөйлесу» әдісі
Бүгінгі өткен сабақ барысында алған білімдерімізді бір сөйлеммен түйіндеп айту.
(Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы туралы алған білімдерін бір сөйлемнен түйіндеп айтады.)
Кері байланыс «Өрмекшінің торы»
- Бүгінгі сабақта саған не әсер етті?
- Қандай қиындық кездесті?
- Сабақта не ұнады?
- Нені үйрендің?
(Сұрақтар төңірегінде стикерге жауап жазады, өрмекші торына жабыстырады.)
Бағалау критерийлері бойынша оқушылардың жиынтық бағасын қояды.
Үйге тапсырма.
Шәкәрім дастандарының тақырыбы мен идеясын зерттеу. «Дана сөздің дарасы» ой толғау.
Бағалау.
5 624
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, «Адамдық борышың» өлеңі жайлы толық түрде мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру.
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірімен танысып, поэманың идеясын ашу, білімдерін жан - жақтылы кеңейтеді, поэманың негізгі түйінін таба білуге дағдыланады.
Етістік. Етістіктің категориялары
Етістік. Етістіктің категориялары
Атырау қаласы, Геолог селосы, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Хисамеденова Айсұлу Сайлаубайқызы
Шәкәрім "Жастарға" өлеңі
Шәкәрім "Жастарға" өлеңі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі ММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жумагалиева Алтын
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Қалқаман - Мамыр” поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Қалқаман - Мамыр” поэмасы
Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы КММ “Амангелді орта мектебі Бибосинова Г. Т.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×