Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістік. Етістіктің категориялары

02 шілде 2014, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Етістік. Етістіктің категориялары.
Жалпы мақсаттары: Етістік. Етістік категорияларын қайталау, морфемалық құрамына талдау жасау
Міндеттері:
- Етістіктердің морфемалық құрамын анықтау
- Етістіктердің басты белгілері мен ерекшеліктеріне талдау жасау
Оқыту нәтижесі:
Етістік. Етістіктің категорияларын қайталайды, етістіктерге морфологиялық талдау жасайды.
Шағын топтарда жұмыс жасау арқылы өз бетімен білім алады, бірін - бірі оқытады.
Тапсырмалар:
1. Жіпке ілінген сұрақтар (сұрақтарға жауап беру)
2. Қораптағы мысалдар (морфемалық құрамына талдау)
3. «Ротация» әдісі (топтық жұмыс)
4. Ортадағы тірек сөзді тап...
5. Бірге талдаймыз... (оқулықпен жұмыс)
6. «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, түгелдеу.
Оқушыларды топқа өткен тақырып бойынша үлестірмелі қағаздар арқылы бөледі. (мысалдар арқылы)
Оқушыларды қол шапалақтау арқылы марапаттау.
Бағалау критерийін оқушыларға ұсынып, бағалау шкаласы бар карточкалар таратады.

1 - тапсырма.
«Жіпке ілінген сұрақтар»
Сұрақтар:
1. Морфология нені зерттейді? Қазақ тілінде сөз табының неше түрі бар?
2. Зат есім дегеніміз не? Құрамына қарай неше түрге бөлінеді?
3. Зат есімнің септелуі.
4. Зат есім мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?
5. Зат есімнің тәуелденуі.
6. Сын есім дегеніміз не? Сын есім мағынасы және құрамына қарай неше түрлерге бөлінеді?
7. Сын есім шырайларының түрлері мен жұрнақтарын ата.
8. Сан есім мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?
9. Есімдік дегеніміз не? Мағыналық топтары.
«Қораптағы сөздер»
Кейбіреу, бұл, әрбір, сол, бәрі, бесеу, тоғыз жүз жетпіс тоғыз, он үш - он төрт, үш жүз, екінші, кең, таза, ақшыл, өнерлі, қара торы, ат, Асан, арман, қалам, ата - ана.
(Тапсырманы орындау барысында оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Берілген сөздерге толықтай морфемалық талдау жасайды.)

2 - тапсырма (топтарға)
«Ротация» әдісі
Етістік. Етістіктің категориялары бойынша үш топқа тапсырмалар беріледі.
1. Етістік және оның түрлері. Етістіктің сөйлемдегі қызметі. 2. Етіс және оның түрлері. 3. Етістіктің шақтары. Етістіктің рай түрлері.
(Шағын топтық жұмыста тапсырмаларды орындай отырып өз білгендерін постерге жазады, бағалайды, талдайды, постер қорғайды.)
3 - тапсырма
Ортадағы тірек сөзді тап...
Тәуелсіздік
1. Тәубенің басы тәуелсіздік болсын.
2. Ұлттың, дәстүрдің тірегі - тәуелсіздік.
3. Тәуелсіздік – азаттықтың алтын діңгегі
4. Тәуелсіздікті ата - анаңдай ардақта.
5. Тәуелсіздікті қорғау - ұлттың ұйытқысын сақтау.
6. Халықтың рухани өзегі - егемендік.
7. Ең қасиетті күрес - тәуелсіздік үшін күрес.
8. Тәуелді елдің сұлтаны болғанша, тәуелсіз елдің ұлтаны бол.
9. Тәуелсіздік - тарих тұлпарының тізгіні
10. Тәуелсіздік тойын тойла, тойлай жүріп, өркендетуді ойла.
(Оқушылар ортадағы тірек сөзді табады, өз ойын айтады, етістіктерді тауып, морфемалық талдау жасайды.)
4 - тапсырма
«Бірге талдаймыз» әдісі бойынша оқулықпен жұмыс.
1 - топ: 171, 172 - жаттығулар.
2 - топ: 176 - жаттығу.
3 - топ: 178 - жаттығу.
(Оқулықтағы жаттығу жұмыстарын орындайды, етістіктерге талдау жасайды.)
5 - тапсырма
«Бір сөйлеммен түйіндеу»
Етістік...
(Бүгінгі өткен сабақ барысында алған білімдерін бір сөйлемнен айтып өз пікірлерін білдіреді.)
Кері байланыс картасы
(Кері байланыс парағын толтырады.)
Бағалау критерийлері бойынша оқушылардың жиынтық бағасын қояды.
Үйге тапсырма.
Бағалау.
10 059
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сабақты етістік пен салт етістік
Сабақты етістік пен салт етістік
Етістіктің сабақты және салт етістік түрлерін табыс септігімен байланыстыра отырып меңгерту Тақырып бойынша алған білімдерін ауызша, жазбаша тілде пайдалану дағдысын қалыптастыру.
Етістік
Етістік
Заттың қимыл іс-әрекетін білдіретін сөзді етістік дейміз.
Тұйық етістік (күнделікті сабақ жоспары)
Тұйық етістік (күнделікті сабақ жоспары)
Етістіктің ерекше бір түрі тұйық етістіктің мағынасы мен тұлғасын түсіндіру, оқушылардың етістік жайлы ілімдерін кеңейту. оқушыларға тұйық етістіктің түрленуінің ерекшеліктерін ұғындыру, білім - білік дағдыларын қалыптастыру.
Етістік
Етістік
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №17 И. И. Трубицын атындағы ОМГ Алимсеитова Гүлнұр Айтқұлқызы
Етістік
Етістік
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Панфилов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Намазбаева Айнаш Джексембековна
Етістік
Етістік
Қоңырбаева Нұрсұлу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×