Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тасымал. Екпін

16 сәуір 2020, Бейсенбі
Тасымал. Екпін

Жазу барысында бір жолға сыймаған сөз буын жігі арқылы екінші жолға тасымалданады. Тасымал дауыссыз дыбыстан басталып жасалады. Мысалы, қа - раторғай, қара - торғай, қаратор - ғай; күн - делікті, күнде - лікті, күнделік - ті, т. б. Санаулы сөздер дауысты дыбыстан басталып тасымалданады. Мысалы, ау - ыл, бу - ын, қи - ыр, жи - ын, т. б.

Төмендегі сөз түрлері тасымалданбайды:

1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: нан, көл, ор, ел, күрт, жұрт, т. б.
2. Жалғыз әріпті бірінші жолға қалдыруға немесе екінші жолға шығаруға болмайды.: ана, ата, ұлы, екі, ұя, үю, тыю, қия, т. б.
3. Қысқартылып жазылған адам есімін тегінен бөліп тасымалдауға болмайды: А. Құнанбаев, М. Әуезов, С. Торайғыров, Г. Дулатова, т. б.
4. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын алдындағы саннан бөліп тасымалдауға болмайды: 11 - сынып, ХХІ ғасыр, 2012 жыл, 22 наурыз,
70 км, 52 кг, 120 г, т. б.
5. Бас әріптері, бас әріп пен сөздің басқы буынынан қысқарған сөздер тасымалданбайды: ҚР, БҰҰ, ҚазҰУ, ҚБТУ, т. б.


Сөз ішіндегі бір сөздің, бір буынның, бір дыбыстың көтеріңкі айтылуы екпін деп аталады. Қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынына түседі.

Екпін 1) сөз екпіні, 2) ой екпіні, 3) тіркес екпіні, 4) дыбыс екпіні болып бөлінеді.

Сөз екпіні – екі немесе көп буынды сөздің бір буынының көтеріңкі айтылуы. Көктем таңының мұншалық сұлулығын бұрын байқамапты.

Ой екпіні – сөйлем ішіндегі бір сөзді оқшаулап, даралап бөліп айту. Ой екпіні түсетін сөз көбінесе баяндауыштың алдында тұрады. Мысалы, Тілектің әкесі ертең Астанадан келеді. Ертең Астанадан Тілектің әкесі келеді. Тілектің әкесі Астанадан ертең келеді.

Бірнеше сөздің тізбектеліп келіп бір ғана екпінге ие болуы тіркес екпіні деп аталады. Мысалы, ар - ұждан, ұзын бойлы, үнсіз қалды, қоңыр ала, төбе шашы тік тұрды, құлақ қой, т. б.

Бір сөздің ішіндегі бір дыбысты көтеріп, созып айту дыбыс екпіні деп аталады.

Дыбыс екпіні қуанышты көңіл күйді білдіргенде дауысты дыбысқа түседі: тама - ша - а, жара - а - йсың, т. б. Ренжу, қынжылу сезімін білдіргенде дауыссыз дыбысқа түседі: отыр - р - р, тоқт - тат, ж - жап есікті, т. б.
258 024
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тасымал тақырыбы бойынша тест сұрақтары
Тасымал тақырыбы бойынша тест сұрақтары
Тасымал тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
Буын. Буынның түрлері
Буын. Буынның түрлері
Буын дегеніміз сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынана жасалған фонетикалық бөлшек. Дауысты дыбыстың бір өзі буын бола алады. Дауыссыз дыбыстар жеке тұрып буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын
Буын және тасымалды қайталау
Буын және тасымалды қайталау
Буын, тасымал туралы бірінші сыныпта алған білімдерін еске түсіру, қайталау; дауысты дыбыстың буын құрайтыны, буынға бөлінген сөздердің барлығы бірдей тасымалдана бермейтіні туралы түсініктерін тереңдету;
Жазба жұмысына байланысты қатемен жұмыс жүргізу жолдары
Жазба жұмысына байланысты қатемен жұмыс жүргізу жолдары
Қызылорда қаласы, «Казрис» негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әсем Пірімова
«Ана тілім – ардағым" Буын. Тасымал
«Ана тілім – ардағым" Буын. Тасымал
«Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК Ахметова Г. К.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×