Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз – жыл басы

30 тамыз 2014, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Наурыз – жыл басы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Наурыз мейрамы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: түрлі әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Тәрбиелік: ұлттық дәстүрімізді танып - білуге баулу, тілге құрмет көрсету, қоршаған ортаны аялауға баулу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Әдістері: сұрақ – жауап, сөйлесу, ойын әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, тақырыбына байланысты суреттер, үнтаспа.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Жұмбақ жасыру
Қар еріп, су ағады,
Сарқырап сайға толады.
Күн ұзарып жылынады,
Бұл қай кезде болады?
Шешуін табайық
Оқушылардың жауабы

Бүгін бізде ерекше сабақ. Сабақ түрі – саяхат. Саяхатқа аттану үшін, сендер үйде дайындап келген тапсырманы, өлең жолдарын айтыңдар

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Қазір біз сендермен саяхатқа аттанамыз (слайд)
Бірінші слайд: бірінші аялдама -«Ертегі әлемінде»
1 Бауырсақ - 3а сынып оқушылар
2 Жыл басына таласқан хайуанаттар - 3в сынып оқушылар
Ертегілер, сендерге ұнады ма?
Осы ертегілердің ішіндегі қай кейіпкерді, біз танимыз?
Оқушылардың жауабы:
Бауырсақ – қазақ ұлттық тағам
Тағы қандай қазақ ұлттық тағамдарын білесіңдер?
1. Бауырсақ
2. Ет
3. Құрт
4. Ірімшік
5. Май
6. Қаймақ
7. Уыз – коровье молозиве
Енді, біз екінші аялдамаға барайық (слайд)

Екінші аялдама: сөзжұмбақ
Наурыз
1. Аяулы, мейірімді, балаға жақын адам
2. Сүттен ұйытып жасайтын тағам
3. Жаз мезгілінің ай атауы.
4. Көктем мезгілінің ай атауы.
5. Мергендікке, тездікке үйрететін балалардың ұлттық ойыны.
6. Бие сүтінен ашытылатын сусын.
Үшінші аялдама
Мәнерлеп оқу
Көктем
Наурыз, сәуір, мамыр. Оқушылардың өлең жолдарын оқу.
- Наурыз айында қандай мерекелер бар?
- Сегізінші наурыз – аналар, әжелер, әпкелер, қарындастарымыздың мерекесі.
- Шығыс халықтары наурыз айында қандай үлкен мереке тойлайды?
- Наурыз мерекесі
Наурыз
Наурыз – жыл басы. Наурызда күн мен түн теңеледі. Қазақ күнпарағы бойынша наурыз - жаңа жыл. Жиырма екінші наурызда наурыз көже пісіреді. Қаламызда Наурыз тойы жақсы өтеді. Наурыз күні ауа райы да жақсы болады.
Наурыз көже - молочно - просевной кислый суп
Теңеледі - приравнивается
Күнпарағы - календарь
Слайд көрсету.
Ұлттық тағамдар.
Наурыз тойы.
Үнтаспа тыңдау «Наурыз».
Қане, бата берейік. (Бокаев Радион)
Сабақты қорытындылау?
Наурыз қандай мереке?
Наурызда не пісіреді?
Қандай жыл мезгілі туралы әңгімелестік?
Бағалау және үйге тапсырма. Наурызды қалай отбасында, мектепте, тойлайсыңдар. Әңгімеле.
6 874
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы
Балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы туралы білім бере отырып, ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы жақсы екендігін ұғындыру; Наурыз мейрамын сипаттау арқылы байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Қыс
Қыс
Оқушылардың «Қыс» тақырыбына байланысты сөздік қорын байыту, сөздерді дұрыс айтуын талап ету. Тез ойлау, сауатты жазуды дағдыландыру, сөздерді өзара дұрыс байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
Оқушыларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру Диалог жүргізе отырып, сөздік қорын дамыту
Наурыз көже
Наурыз көже
Әңгімені түсініп, мәнерлеп оқуға, мазмұнын әңгімелей алуға үйрету. Наурыз көже туралы түсінік беру. Ұлттық тағамдарды қадірлей білуге, салт - дәстүрімізді сақтауға, елінің байлығын дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.
Қызыл бет. Антоним
Қызыл бет. Антоним
Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру Сабақтың көрнектілігі: Саяхат картасы, қыс, тақырыпқа байланысты суреттер, автобус (қағаз).
Көктемгі ауа райы. Етістіктің шақтары
Көктемгі ауа райы. Етістіктің шақтары
Қызылорда қаласы, №198 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бакенова Анар Сарсенбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×