Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бөлек жазылатын сөздер

12 қазан 2020, Дүйсенбі
Бөлек жазылатын сөздер

Күрделі атаулардың (мемлекет, республика, облыс, мекеме, ұйым аттарының) әрбір сөзі бөлек жазылады.
Мысалы: Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Анықтауыш пен анықталушы сөздер тіркестеріндегі әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: бас киім, аяқ киім, іш киім, су диірмен, темір жол, тас жол, ағаш көпір, ат қора, қой қора, қолқа тамыр, қыз бала, ұл бала, ала бұлт, асыл тас, ақ бас.

Күрделі сан есімдердің күрделі сын есімдердің әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: он бір, он сегіз, жиырма бір, жиырма сегіз, он жеті, екі жүз жетпіс төрт, бір мың тоғыз жүз елу үш, отыз екі жарым; қара ала, көк ала, ақ құба, ақ сары, қызыл күрек, қара кер, сары шұбар, қара торы, ақ сұр, құла қасқа, құла жирен, торы төбел, ақ шабдар.

Күрделі етістіктердің әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: жаза бер, жазып отыра бер, жүгіре жөнелді, жүгіріп ала жөнелді, бара алмады, бара алмай қалды, бара алмай қалып еді.

Есім, еліктеуіш сөздер мен етістіктерден құралған күрделі сөздердің әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: қызмет ет, жұмыс қыл, жәрдем ету, жәрдем етіп жібер, жәрдем беру, шап ету, лап қою, тап беру, қол шапалақтау, ду ете түсті, орақ ору, баж ету,

Идиомалық, фразалық тіркестердегі әрбір сөз бөлек жазылады. Мысалы: таяқ жеу, жан қию, ат салысу, бой ұру, ат үсті қарау, қырғи қабақ болу, қой аузынан шөп алмайтын, тіс қаққан, қас пен көздің арасында, ұр да жық.
119 871
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Бөлек жазылатын сөздер
Бөлек жазылатын сөздер
Екі зат есім қатар айтылып, бір ғана затты, құбылысты, ұғымды атап, алдыңғысы соңғысының тегін (неден жасалғанын), неге, кімге арналғанын, немен жұмыс істейтінін және өзге заттардан ажыратылатын белгілерін білдірсе, олар бір - бірінен бөлек
Бөлек жазылатын сөздер
Бөлек жазылатын сөздер
Күрделі атаулардың (мемлекет, республика, облыс, мекеме, ұйым аттарының) әрбір сөзі бөлек жазылады.
Шылаудың ерекшелігі
Шылаудың ерекшелігі
Шылаудың ерекшелігі. Шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылықтары бар.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Сын есім туралы алған білімдерін пысықтай отырып, түрлі тапсырмалар мен жаттығулар орындату арқылы дара және күрделі сын есімдерді ажырата білу;
Бірге жазылатын сөздер
Бірге жазылатын сөздер
Тұлғасы өзгеріп барып біріккен сөздер қосылып жазылады.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, №3Алға қазақ орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Жаксылыкова Назгүл Тоқтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×