Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл тарихы

27 қыркүйек 2012, Бейсенбі
Шығыс Қазақстан облысы,
Көкпекті ауданы, Самар ауылы
№1 Самар орта мектебі Нурпиисова Ж.К

Сабақтың тақырыбы: Тіл тарихы
Мақсаты: Оқушыларды қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып қалыптасу тарихының кезеңдерімен таныстыра отырып, тілге деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың интеллектуалдық ой-өрісін, білім деңгейін көтеру, танымдық деңгейлерін өрістету. Мемлекеттік тіліміз –қазақ тілінде еркін сөйлеуге, оны құрметтеуге, тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеу
Көрнекілігі: Слайдтар, «Ана тілі» өлеңі
Әдісі: ауызша журнал

Сабақтың барысы
Мұғалім: Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан да егеменді бола алмайды, болуы да мүмкін емес.
Яғни, қазақ халқы болашақта өз ана тілін сақтап, дамыта алмаса, күндердің күні өз алдына мемлекет болып өмір сүруін тоқтатады.
Бұл жалғыз Қазақстанға ғана емес, жалпы барлық елге, бүкіл мемлекеттерге ортақ шарт.
Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке киімім көк, тамағым тоқ болсын деп емес, керісінше, ең алдымен ұлттық қадір-қасиеттін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.
Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен қазақ халқының ұлттық мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрін, ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн
1 слайд ...Қасиетті қазақ тілінің болашағы жоқ дегендердің көмейіне құм құйылсын. Ғабит Мүсірепов

1 жүргізуші:
Қазақ тілі ( Б.Серікбаев)
Сан дәуірден сарабдал асыл мұрам,
Сені қалай басқаға басындырам?!
Күмбірлеген үніңе құлақ түрсем,
Құм астына көмілген ғасырды ұғам.
Сенде -
Қайсар халықтың азат күні,
Сенде -
Ата-бабамның азап-мұңы.
Абай туған ғасырда әлем танып,
Байсал таптың киелі қазақ тілі!

2 жүргізуші:
Талай сұңқар ұшырдың сен тұғырдан,
Мұхтар тудың ғаламда тәнті қылған.
Саған тілін тигізсе,
Төбелестім,
Қалсам-дағы таяқ жеп тантық ұлдан.
Көзін ашып, Жырлатсам бір жылғаңды,
Сайрап берер шаршамай мың жылғы әнді.
Ана тілін білмейтін тақуалар
Кейде әлі де түсірер ұнжырғамды!..

Журналдың бірінші беті: Қазақ тілінің қалыптасу тарихы
Қазақ тілінің қалыптасу тарихы, түркі тілдерінің негізгі бір тобы ретінде ежелгі сақ (б.з.д.ғ.), үйсін және қаңлы тайпаларынан басталады. Орта ғасырларда, бірнеше феодалдық мемлекеттердің ресми тілі болып саналған түркі тілдерінің тобына кіреді.

VII – VII ғғ – Батыс-түрік қағанаты;
- Түркеш қағанаты;
- Қарлұқ қағанаты
–IX-Xғ.ғ Оғыз мемлекеті;
- Қарахан мемлекеті;
- Қимақ мемлекеті.
XI-XII ғ.ғ. - Моңғол-татар шапқыншылығының нәтижесінде құрылған Алтын Орда, Ақ Орда және Көк Орда мемлекеттерінің түрік-моңғол ресми тілі;
- Түркі тілдерінен бөліне бастау кезеңі және Дешті Қыпшақ мемлекетінің ресми тілі болып қалыптасуы.
XV-XVII ғ.ғ. – Қазақ ұлтының және Қазақ халықтарының ұлттық және ресми тілі ретінде қалыптасу кезеңінің аяқталуы;
XIX-XX ғ.ғ. – Ресей құрамындағы қазақ халқының ұлттық тілі.
1920 ж. 26.08. – Қазақ АКСР-ның ресми тілі.
1923 ж. 20.03. – Іс қағаздарды қазақ тілінде жүргізу жөнінде ҚазОАК- нің Декреті.
1933 ж. 15.05. – Республикалық терминологиялық комиссияның құрылуы.
1936 ж. 05.12. – Қазақ КСР-нің ресми тілі.
1957 ж. 05.11. – «Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді жетілдіру туралы» Қазақ КСР-і министрлігінің қаулысы.
1989 ж. 22.03. – «Қазақ тілінің мәртебесін көтеру туралы» Қазақ КСР-і министрлігінің қаулысы.
1991 ж. 16.12. – ҚР Президентінің Жарлығымен қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды.
1995 ж. 25.09. – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: 7-бап – Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
1996 ж. 04.10. – ҚР Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы тіл саясатының тұжырымдамасы мақұлданды.
1997 ж. 11.07. - ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңы қабылданды.
1998 ж. 05.10. - ҚР Президентінің Жарлығымен «Тілдерді қолдану мен дамытудың Бағдарламасы» бекітілді.
1999 ж. 08.01. – Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
2001 ж. 07.02. - ҚР Президентінің Жарлығымен «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы» бекітілді.

2010 ж. 19.03 - ТІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Журналдың екінші беті:
1 слайд Қазақ тілін зерттеген ғалымдар.
Радлов Василий Васильевич
(1837-1918 ж) Бартольд Василий Васильевич
(1869-1930 ж) Сауранбаев Нығмет Тінәліұлы
(1910-1958 ж) Айдаров Ғұбайдолла
(1921ж туған)

Әйгілі түрколог, Шығысты зерттеуші ғалым Академик, шығыстану ғылымының аса көрнекті өкілі, әйгілі тарихшы Қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, түрколог, филология ғылымының докторы Ғалым, филология ғылымының докторы

3 жүргізуші:
Жасымнан жетік білдім түрік тілін...
Жасымнан жетік білдім түрік тілін,
Сол тілге аударылған барлық білім.
Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды,
Жарқырап қараңғыдан туып күнім.
Адаспайсың ақылды, арлыға ерсең,
Долай көрме жылмайы сопы көрсең.
Тапқыр , адал, ақ ниет адамдардың
Алданбайсың артынан ере берсең.

Журналдың үшінші беті: Алфавиттердің ауысуы
1 жүргізуші:
Алфавитті біліңдер,
Онда қалып жүйе бар
Біздің қазақ тілінде,
42-әріп бар
Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Қазақтар ежелгі заманда руна жазбасын қолданған. 1912 жылдан 1930 жылға дейін араб жазу таңбасына, ал 1930 жылдан 1940 жылға дейін латын жазу таңбасына көшірілді. 1940 жылдан қазіргі уақытқа дейін кириллица жазу таңбасын қолданып келеді. 1957 жылға дейін қазақтың төл дыбыстары алфавиттің соңынан орын тапты. 1957 ж ҚО Жоғарғы Президиумының Жарлығымен қазіргі орнын тапты.

Журналдың төртінші беті: Мемлекеттік тіл
2 жүргізуші: 1991 ж. 16.12. – ҚР Президентінің Жарлығымен қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды.
Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды,
Орыс тілі сіңген ғой санамызға.
Неге олар «тілім» деп қуынбайды,
Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба?
Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым.
Өз тілімде керемет ақыл –ойым.
Қасиетті қазақ тіл – бабам тілі,
Ол тарих, сенің, менің абыройым!

Журналдың бесінші беті
ТІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ
Бағдарламаның атауы
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіздеме

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқы Ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3-тармағына, Ұлт бірлігі доктринасына сәйкес әзірленді.

Бағдарламаның басты мақсаты
Қазақстанда тұратын барлық этностар тілдерінің сақталуы жағдайында ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қызметін қамтамасыз ететін үйлесімді тілдік саясат

Бағдарламаның мақсаттары
1. Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің негізгі факторы.
2. Мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуын көпшілікке тарату.
3. Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың күш-қуаты.
4. Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту.

Іске асыру мерзімі
2011 – 2020 жылдар
бірінші кезең: 2011-2013 жылдар
екінші кезең: 2014-2016 жылдар
үшінші кезең: 2017-2020 жылдар
7. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ

Бағдарламаны іске асыру үш кезеңде жүзеге асырылатын болады.
Бірінші кезеңде (2011-2013 жылдар) тілдерді одан әрі қолдану мен дамытудың нормативтік-құқықтық және әдіснамалық базасын жетілдіруге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу болжанады.

Екінші кезең шеңберінде (2014-2016 жылдар) мемлекеттік тілді оқып-үйрену және қолдану саласында, сондай-ақ тілдік әр алуандықты сақтауда жаңа технологиялар мен тәсілдерді енгізу бойынша практикалық іс-шаралар кешенін іске асыру болжанады.

Бағдарламаның үшінші кезеңінде (2017-2020 жылдар) басқа тілдердің қолданылуын одан әрі сақтай отырып, қоғам өмірінің барлық саласындағы мемлекеттік тілге деген сұраныс дәрежесіне, оның тиісінше қолданылу сапасына және меңгерілу деңгейіне жүйелі мониторинг жүргізу болжанады.

Қорыту беті: Құрметті балалар, ана тілінде сөйлеу, оған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік, әдептілік өлшемі болып табылады. Оның мәні - әр азаматтың ана тілін Отанындай, туған халқындай, ата-бабасындай сүйіп, ардақтап, ол тілде сөйлеуді тәңірінің ұлы сыйындай көруінде.
14 970
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Мемлекеттік тілді оқыту арқылы ұлт аралық достық қарым - қатынасты қалыптастыру
Мемлекеттік тілді оқыту арқылы ұлт аралық достық қарым - қатынасты қалыптастыру
Өскемен қаласы, №38 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Смагулова Айжан Даулетбекқызы
Ана тілі – білімнің кілті
Ана тілі – білімнің кілті
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Ақдидар Рашитқызы
Тілге құрмет - елге құрмет
Тілге құрмет - елге құрмет
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылы, №29 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бектасова Айымжан Дастанбекқызы
Ана тілім - ардақтым (ертеңгілік)
Ана тілім - ардақтым (ертеңгілік)
Л. Қылышев атындағы Шилі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бахтыгереева А. К.
Қазақ тілі – менің тілім
Қазақ тілі – менің тілім
Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі.
Тәуелсіздік белестері
Тәуелсіздік белестері
Қазалы ауданы,Қызылорда облысы № 182 мектеп ,Басықара ауылы, география пәнінің мұғалімі, Аюбаева Жанар Аққожақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×