Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұрлаусыз мүше

24 қыркүйек 2014, Сәрсенбі
Қазақ тілі 8 сынып
Ашық сабақ
Тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелерден өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың тұрлаусыз мүшелер туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану, ауызша білімдерін бекіту;
ә) Ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту, ой қорытып нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру;
б) Сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Қайталау, пысықтау.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топтастыру, сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, парақшалар, формативті бағалау парақшалары, тірек сызбалар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиетпен, тарихпен.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу, зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын пысықтау.
1. Пысықтауыш дегеніміз не?
2. Пысықтауыштың түрлерін ата.
3. 76 - жаттығу. Берілген үстеулерге сөйлем құраңдар, пысықтауыштың қай түрі екендігін айтыңдар.
Ал, балалар, бүгінгі сабағымызды одан әрі қарай жалғастырайық.
Бүгінгі сабағымды Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесінің желісімен бастайын. Үш жолаушы бір бұлақтың басында кездесіп қалыпты. Біреу бұлақтың басына тас қойып, оған жазу жазып кетіпті. «ей, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол, егер алдарыңда кездескен қиыншылықтарды жеңе білсеңдер, мол байлыққа кез боласыңдар». Жолаушылар жазуды оқып. кеңесіп:- Қой, біз үшеуміз бұл қиыншылықтарды жеңе алмаспыз. Одан да анау жердегі балалардан көмек сұрайық,- дейді.

1 тапсырма. Зерттеңіз.
- Ал, балалар, осы үш жолаушыға көмектесеміз бе? Олай болса, алдарымызда кездескен қиыншылықтарды барлық сұрақтарға жауап бере отырып жеңе білейік.

2 тапсырма. Ой бөлісіңіз.
1. Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
2. Толықтауыш дегеніміз не? Түрлерін ата. Сұрақтары қандай?
3. Тура толықтауыш дегеніміз не?
4. Жанама толықтауыш дегеніміз не?
5. Анықтауыш дегеніміз не? Мысал келтір. Сұрақтары қандай?

3 тапсырма. Қолданыңыз. (Кітаппен жұмыс.)
75 - жаттығу. Тапсырмаларды орындаңдар.
1. Жаңбыр жауып келеді қар аралас,
Бір топ әйел келеді бала аралас.

2. Мақпал 5 сөзден құралған бір сөйлем ойлап жазыпты. Оның бастауышы - қазақ халқының атақты ағартушы ақынының аты, тура толықтауышы - кәрі сөзінің антонимі, жанама толықтауышы - қос сөз, оның бірінші сыңары білім сөзімен қосарлана айтылатын сөз, баяндауышы - үндеді сөзінің синонимі.
Мақпалдың жазғаны қандай сөйлем?
(Ыбырай – жастарды оқу - білімге шақырды.)
4 – тапсырма. Талдаңыз.
Сөйлем мүшелеріне талдап, тұрлаусыз мүшелерін түрлеріне қарай ажыратыңдар.
1. Күлипа жылап жүріп айналадан тас іздей бастады.
2. Бүгінде олардың басына ескерткіш белгі қойылған.
3. Мұғалімнің тақтаға жазған хаттарын айна - қатесіз тез жаттап алып жүрді.
4. Есі кіргеннен бастап Шоқан олардың да сөздерін тыңдауды жақсы көрді.

5 – тапсырма. Орындаңыз.
Семантикалық карта.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 221
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімдерін толықтыру, сөйлем мүшелері туралы пысықтау, таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер туралы түсінік беру, сөйлем ішінен тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қоя білуге үйрету
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту;
Пысықтауыштың мағыналық түрлері
Пысықтауыштың мағыналық түрлері
Етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, қимыл - сын мен себеп, мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесін пысықтауыш дейміз.
Тұрлаусыз мүшелерден өткенді қайталау
Тұрлаусыз мүшелерден өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: өтілген материалдар жөнінде алған білімдерін пысықтауы, олардың грамматикалық белгілерін меңгеруі.
Күрделі сөздерді қайталау
Күрделі сөздерді қайталау
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы,Тасқала ауылы, Қ. И. Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шакирова Айымкөз Қуатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×