Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абайдың табиғат лирикасы

05 қазан 2014, Жексенбі
10 – сынып. Өзбек сыныбы.
Сабақтың тақырыбы: Абайдың табиғат лирикасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Абайдың табиғат лирикасын оқыта отырып, оқушылардың ой - өрісін кеңейту, тіл байлығын молайту, ізденгіштігін қабілеттерін арттыру
Дамытушылық: Оқу материалының ең бастысын мазмұнын ажырата білу қабілетін дамыту
Тәрбиелілік: Табиғат пен өнердегі сұлулықты түсінуге, Сатылай кешенді талдаудыңнысанасы болатын нысандар арқылы оқушы бойында танымдық, адамгершілік, сабырлылық қасиеттерін сіңіру.
Сабақ түрі: Сайыс сабақ
Сабақ әдісі: Талдау, Сұрақ - жауап, Іздендіру
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Үлестірмелі қағаз, бүктеме
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, өзбек тілі
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды төрт топқа бөлу(А - 1, А - 2, А - 3, А - 4 таңдау жетондары бойынша)
І. Кіріспе «Бой сергіту» ойыны

Сұрақ беріледі мерзімдерге байланысты (сөздік түсінік)
ІІ. Сөйлесім. «Идеялар тоғыстыру»
1. «Мәнерлі оқушы» (өлеңді мәнерлеп оқу)
2. Сөздік жұмыс.
4. «Желсіз түнде жарық - ай» өлеңі
5. «Үндестік» топтастыру
ІІІ. Қорытынды.
«Ғажайып алаң» тест, диктант
І. «Бой сергіту» ойыны

1 - топ Күз мезгілінің сары, күрең, қоңыр күз деп аталу себептерін ата
Күз айларының мазмұнын түсіндір
2 - топ
Ұлпа, қасат, домбы қар сөздеріне түсінік беріңдер, қыс айларының атауының себептерін түсіндір
3 - топ
Жазғытұрым, көктем сөздеріне түсінік беріңдер, көктем айларының аталу себептеріне түсінік беріңдер
4 - топ
Жасыл жаз, жайдары жаз сөздеріне түсінік беріңдер.
Жаз айларының аталу себептеріне түсінік беріңдер.
ІІ. Сөйлесім
«Идеялар тоғыстыру
1. «Мәнерлі оқушы» ( Әр топтан жыл мезгіліне сәйкес өлеңді жатқа мәнерлеп оқиды.)
2. Сөздік жұмыс (берілген сөздерді өзбек тіліне аудару, әр топқа 3 сөзден беріледі)
Түсі суық, анталаса, бұрқ - сарқ етіп долданғанда, алты қанат ақ орда, домбығу, масатыдай құлпыру, салбыраңқы тартып, шуда жіп, күзеу, сұры қашып, сыз.
3. Лирикалық өлеңдерді талдау

Үлгі: Абайдың лирикалық өлеңдері (Әр топ жылдың төрт мезгіліне байланысты өлеңді талдайды)

4. «Желсіз түнде жарық - ай» өлеңін әнімен орындау
5. «Үндестік» топтастыру

ІІІ. Қорытынды. Жалпы оқушыға беріледі 1. Өлеңді толықтыр (мұнда оқушылардың өлеңді толық жаттағанын байқауға болады.) Дұрыс жауабы арқылы тексеріледі.
1 Жасыл.... бәйшешек.... бұрынғыдай
... күлме, жүгірмес... шулай
2. Дем алысы.... аяз бен қар
Кәрі.... қыс келіп,.... салды.

3. Жан - жануар.... анталаса,
.... құлпырар.... жүзі.
4. Көрінбей жердің....,
... жасыл.... жүзі
2. Сұрақ - жауап (Мұнда оқушылар сұраққа жауап жазады) Дұрыс жауабы тексеріледі.
Абай Құнанбайұлының «қыс»өлеңіндегі кедей ауылдың аты? (Қондыбай)
2. Абайдың аяқталмаған поэмасы? (Әзімнің әңгімесі)
3. «Ескендір» поэмасы қай қолбасшының өмірі жайлы аңыз негізінде жазылған (Македонский)
4. Ескендір поэмасының негізгі кейіпкері? (Ескендір)
5. Заттың немесе құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтау үшін қолданылатын бейнелі сөзді не деп атаймыз? (Эпитет)
6. Өлеңнің 4, 6, 8, жолынан құралып, біршама ой түйген бөлігін не дейміз? (шумақ)
ІV. Бағалау
V. Үйге. Абайдың қара сөздері

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 097
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абайдың табиғат лирикасы
Абайдың табиғат лирикасы
Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдерін мазмұнын меңгерту, адам мен табиғат арасындағы байланыс туралы түсінік беру.
А. Құнанбаевтың табиғат лирикасы
А. Құнанбаевтың табиғат лирикасы
Абай Құнанбаевтың табиғатқа байланысты өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігін меңгерту. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру.
Абайдың шығармаларына иллюстрация жасау
Абайдың шығармаларына иллюстрация жасау
Иллюстрация туралы мағлұмат алу, Абайдың табиғат көрінісін суреттейтін өлеңдеріне иллюстрация орындау
Дыбыс сөздің тірегі
Дыбыс сөздің тірегі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жекеева Гүлнар
Абайдың табиғат лирикасы
Абайдың табиғат лирикасы
РФ Алтай Республикасы, Қосағаш ауданы қазақ тіл мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Актанова Токжан Мудиновна
Абай Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай...»
Абай Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай...»
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Т. С.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×