Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың қолөнер бұйымдары

08 қараша 2014, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың қолөнер бұйымдары

Мақсаты: Қазақтың қол өнер бұйымдарымен жақынырақ танысу, оларды бағалай білгізу.

Білімділігі. Қазақтың әшекей бұйымдарының қолданылу ерекшеліктерін түсіндіру.
Домбыра, қобыз сияқты қазақтың ұлттық аспаптарының пайдалану
ерекшеліктерін ауызша және іс жүзінде жеткізе білу. Оқушыларды сауатты жазып, сұрақтарға орынды жауап беруге үйрету.
Тәрбиелілігі. Оқушыларды еңбекке баулу және домбырамен күй өнерін тамашалата отырып оқушыларды қазақ өнерін бағалап, құрметтей білуге баулу.
Дамытушылығы.
Қазақтың қол өнер бұйымдары туралы түсініктерін кеңейте түсу.
Күнделікті өмірде пайдаларына жарата білу. Түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың сөйлеу тілін, сауатты жаза білуін, ойлау қабілеттерін арттыра түсу.
Сабақтың көрнекіліктері: Білезік, сақина, сырға (Ескі, жаңа үлгілері), сәукеле, құрақ көрпеше, қобыз, домбыра және олардың үлкейтілген суреттері, интерактивті тақта
Сабақтың түрі, әдісі: Саяхат сабақ, Ойын, сұрақ - жауап әдістері

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі
3. Мұражайға саяхат жасау
4. Мұражайдан алған әсерлерін сұрау
5. «Қоржын той» ойынын ойнату
6. Ребус шешу
7. Сурет бойынша жеке жұмыстар
8. Бекіту. Қорытындылау
9. Үйге тапсырма беру
10. Бағалау.

1. Ұйымдастыру бөлімі. – Сәлеметсіздер ме, балалар? Отырыңыздар.
- Бүгін сыныпта кезекші?
- Кезекші, сыныпта кім жоқ?
- Жақсы, рахмет
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Бізге қонақтар келіп отыр
- балалар, қане кім айтады, қазір қай ай? (Қазір наурыз айы)
- Дұрыс, қазір қандай мейрам болып жатыр. Немесе келе жатыр? (Қазір наурыз болып жатыр)
- Наурыз қандай мейрам? (Жыл басы)
- Наурыз мейрамында қалай киінеді? Қандай киімдер? Және тағы нелер болады?
( Әдемі, жаңа киімдер киеді. Қазақша киімдер киеді.., Сырға, сақина, білезіктерін тағады
Ән айтады, би билейді, домбыра, қобызда ойнайды т. б.)
Иә, дұрыс айтасыздар. Наурыз мейрамында домбырамен ән айтып, күй тартады. Қазақтың
дәстүрлері көрсетіледі. Түрлі қол өнер бұйымдары болады. Киіз үйлер тігіледі.
Бүгінгі біздің сабағымыздың да тақырыбы осыған байланысты «Қазақтың қолөнер бұйымдары» деп аталады.
Сіздер бүгін қазақтың қол өнер бұйымдарымен қысқаша танысасыңдар Бұл заттарды мұражайға саяхат жасау арқылы танимыз, үйренеміз.
Мұражайға саяхат бәрімізге түсінікті ме? (Путешеств в музей)

3. Саяхат жасамас бұрын дәптерлеріңізге күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазып қоямыз.
- Сендер мұражайда болып көрдіңдер ме?
- Ақтөбеде қандай мұражайлар бар?
- Енді біздің мектебіміздегі қазақтың қолөнер бұйымдары мұражайына саяхат жасайық.
Мына заттардың жеке - жеке суреттерін интерактивті тақтадан көрсетемін.
Көрпе, сәукеле, білезік, сақина, сырға, домбыра, қобыз және ол заттардың өздері тақтаның басқа шетінде ілулі болады
Ал бәріміз мұражайға келдік деп елестетейік. Енді сіздерге мұражайды аралатып, қазақтың қол өнер бұйымдарымен таныстырып шығайын.
1 - слайд
Мынау - көрпе. Бұл не үшін керек? Төсеніп отыру үшін, тоңсақ жамылу үшін қажет. Көрпелер әртүрлі болып жасалады. Әжелеріміз, аналарымыз өздерінің фантазияларымен
түрлендіріп тіккен. Қонақ, жәй, шай көрпе деген сияқты түрлері көп болады.

2 - слайд
Сәукеле. Сәукеле - келіншек бас киімі. Оны ұзатылған қыздар және жанына ерген
құрбылары киген. Сәукеленің негізгі бөліктері - тәж, төбе, құлақбау және артқы бойы.
Сәукеленің төбесі қиық конус тәрізді болады. Ол өте биік болады. «Тәж» бөлігін асыл тастармен әшекейлейді.

3, 4, 5 - слайд қазақтың зергерлік әшекей бұйымдары. Бұл әшекей бұйымдарды сәндік
үшін таққан. Көбіне күмістен жасаған. Түрлі ою - өрнектермен әшекейленген. Қазіргі кезде де көп. Күміс, алтын сияқты қымбат металдардан жасаған.

6 - слайд
Домбыра. Домбыра - қазақтың ең кең танымал музыкалық аспабы. 2 шекті, 9 пернелі. Ән - күй, терме, жырлар орындайды. Өздеріңіз қазір жиі көріп жүрсіздер. Қазақтың иісін
шығаратын аспап.

7 - слайд. Қобыз. Қобыздың түрлері көп. Ши, қыл, шаң қобыз т. б. Орыстың скрипкасына келеді. Күй, жыр орындайды.
Әр суретке тоқталған сайын сол заттың түп нұсқасын да көрсетіп шығамын. Саяхаттың соңында балалардың қолдарына беріп көрсетемін.

IV. Мұражайдан алған әсерлерін білу.
Сонымен біздер жаңа мұражайда болып келдік.
А) Онда не болды? Не көрдік?
Ә) Осы заттардан сіздерде қайсысы бар?
Б) Араларыңызда домбырада ойнай алатын бала бар ма?
( Болса, ойнатамыз. Жоқ болса, басқа класс балаларының арасынан дайындап қоямыз)

V. «Қоржын той» ойынын ойнату
- Балалар, қазір қандай мейрамның кезі?
- Дұрыс. Наурыз мейрамы. Бүгін бізде той. Тойға келген адамдар мына қоржыннан ұнаған затын сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы алуға болады.
Тапсырмалар:
1. Қазақша келіншек бас киімі
2. Қазақша жаңа жыл қашан болады?
3. Наурыз туралы өлең білесің бе?
4. Жер, ел, Отан, тіл туралы мақал айт
5. Домбыра туралы өлең оқып бер
6. Білезік, сақина, сырға қандай бұйымдар?

VI. Ребус шешу. ( Наурыз сөзі жасырылады)- На (н)– (та) у - (қа) р(б) ыз
VII. Наурыз сөзімен сөздер құрғызу ( 2 минут уақыт беріледі)
VIII. Суретпен жеке жұмыстар жасату
1 қатарға – көрпе, білезік.
2 қатарға - сәукеле, білезік
3 қатарға - қобыз, домбыра
Осылардың суреттері беріледі. Оларды толықтырып бояп, сол заттарды қатыстырып 2 - 3 сөйлем құрату (жазбаша). 3 - 4 баладан сұрап қалғандарының жұмыстарын жинап аламын.

Бекіту. Балалар, бүгін біз сабақта не үйрендік? Олар не үшін керек? Біз бұл заттарды үйрену мақсатымыз не? Сұрақтарға ауызша жауап аламыз.

Үйге тапсырма беру.
1. Мұражайға саяхатта саған не ұнады, не ұнамады? деген сұрақтарға жауап жазып келу.
2. Білезік қобыз, домбыра - сөздеріне фонетикалық талдау жасау
Бағалау
8 851
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақтың ұлттық аспаптары. Ата-аналар мен балалар арасындағы викториналық сайыс
Қазақтың ұлттық аспаптары. Ата-аналар мен балалар арасындағы викториналық сайыс
Балалардың қазақтың ұлттық аспаптарына деген қызығушылығын дамыту. Балалардың ұлттық аспаптарға деген қызығушылығы арқылы патриоттық сезімін ояту, шығармашылық қабілетін жүзеге асыру. Ұлттық аспаптар туралы түсінігін кеңейту.
Қазақтың ұлттық нақышта жасалған бұйымдарының нобайлары орындау.
Қазақтың ұлттық нақышта жасалған бұйымдарының нобайлары орындау.
Баяндама. Қазақтың ұлттық нақышта жасалған бұйымдарының нобайлары орындау.
Қазақтың ұлттық бұйымдарымен таныстыру
Қазақтың ұлттық бұйымдарымен таныстыру
Мақсаты: Халқымыздың қайнар көзі – қазақтың ұлттық бұйымдары туралы ұғымды бала жадына кең, бай, мағыналы көлемде түсінік бере отырып, олардың шығу, жасалу, қолданылу тарихы туралы сыр шерту.
Қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдары
Қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдары
Ақтау қаласы, «Гимназия сыныптары бар №20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі»ММ Беккожина Нуржамал
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып Қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылық екеніне көздерін жеткізу.
Қазақ халқының қолданбалы өнері
Қазақ халқының қолданбалы өнері
Қазақтың ұлттық бұйымдарының түрлері: киіз, тұскиіз, текемет, сырмақ, қоржын, алаша, аяққап, тұтқыш. Ағаш бұйымдары: сандық, кебеже, адалбақан.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×