Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Морфология. Зат есімнің түрленуі. Көптік жалғау

10 қараша 2014, Дүйсенбі
Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Морфология. Зат есімнің түрленуі. Көптік жалғау
Сабақтың білімділік мақсаты:
Зат есімнің түрленуі туралы түсінік беру, зат есімнің қасиеттерін ашу;
дамытушылық мақсаты: оқушылардың өз бетімен іздену қабілеттерін дамыту, еркін сөйлеуге баулу, ойларын дәл, нақты айтуға дағдыландыру;
тәрбиелік мақсаты:: өнер - білімге деген құштарлықтарын арттыру, адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдісі: түсіндіру, ой қозғау, деңгейлік тапсырмалар орындау, талдау.
Сабақтың көрнекілігі:
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау.
10 - 11 жаттығулардың орындалысын жеке оқушылардан сұрап, тексеру.

3. Жаңа сабақ.
Морфология (грек. «түр») - тілдегі сөздердің формаларын, сөзге қатысты гарамматикалық мағыналарды тексеретін сала; тілдегі сөздердің өзгеруі, түрленуі туралы тіл білімінің саласы.
Зат есімнің түрленуі

Ой қозғау
- Зат есімнің мағыналық ерекшелігі неде, яғни зат есім нені білдіреді?
- Жалқы есім мен жалпы есімнің ерекшеліктері неде?
- Жалқы есімдер қалай жазылады?
- Қазақ тілінде неше жалғау бар? түрлері

ЗАТ ЕСІМ

Сөз табы
Кім? Не?
Бастауыш
Жалпы есім, Жалқы есім
Заттың атын білдіреді

Зат есімді түрлендіретін тұлғалар оның жалғаулары болып табылады.
Жалғау

Көптік
Тәуелдік
Септік
Жіктік

Жалғау:
1. Өзі жалғанған сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстейді;
2. Өзі жалғанған сөзді екінші сөзбен байланыстырады.

Зат есім

Көптеледі
Тәуелденеді
Септеледі
Жіктеледі

(тек адамға байланысты)
Мысалы: Мен бала - мын, сен бала - сың, сіз бала - сыз, ол - бала

• Кейде салыстыру үшін адам мәнінде қолданылған зат есімдер де жіктеледі.
Мысалы: Мен асқар таумын, сен төбесің;
Сен темірсің, мен көмірмін, еріткелі келгенмін.

Көптік жалғау 6 түрлі: - лар,- лер,- дар,- дер,- тар,- тер

1. Сөзге (зат есімге) үндестік заңы бойынша осылардың біреуі жалғанып, заттың көптігін білдіреді.
Мысалы: оқушы - лар, үй - лер, қаз - дар, мектеп - тер т. б.
2. Көптік жалғау өзі жалғанған сө заттың тек көптігін ғана емес, сонымен бірге сол зат көпке ортақ екенін де білдіреді.
Мысалы: Үйлеріңе қайтыңдар, қонақтар шайларын ішті. Зейнептер есік алдында тұр (Зейнептің көптігі емес, Зейнептің қасында бірнеше адам бар екендігі туралы ой жинақтау түрінде)

Жаңа сабақты меңгерту тапсырмалары.
36 - жаттығу.
1. Мәтінді түсініп оқып, Тоныкөк өздеріңе белгілі Орхон жазуының авторы екендігін біліп алыңдар.
2. Зат есімдерді тауып, оларға жалғанған жалғаулардың түрлерін ажыратыңдар.

37 - жаттығу.
Тапсырма:
1. Көп нүкте қойылған орындардың қажетті деген жеріне көптік жалғауларының тиістісін қойып жазып, қандай үндестік заңына бағынып жалғанғанын түсіндіріңдер.
2. «Боз іңген» күйін тыңдау, алған әсерлерін жазбаша жазып шығу.

Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей тапсырмасы. Көптік жалғауын қабылдайтын зат есім қатысқан бір сөйлем құра және оған морфологиялық талдау жаса.

ІІ деңгей тапсырмасы. Көптік жалғауын қабылдайтын зат есімдері бар өлең шумақтарынан мысал тауып айт.
Үлгі:
Қазақтың ірілері,
Абайдың інілері -
Сәкен, Ілияс, Бейімбет.

ІІІ деңгей тапсырмасы. Төмендегі сұрақтарға жауап жазып, бұл кісілер саған кім болатынын және сол сөздер қай сөз табына жататынын айт.
Бұлар кімдер?
1. Ағаларыңның жұбайлары саған кімдер?
2. Әпкелеріңнің күйеуі ше?
3. Шешеңнің туыстары ше?
4. Әкеңнің балдыздары ше?
5. Шешеңнің сіңлісінің баласы ше?

Сабақты қорытындылау.
- Зат есім қалай жасалады?
- Көптік жалғау нені білдіреді?
Үйге тапсырма.
1. Көптік жалғауын қабылдайтын зат есімдерді қатыстырып, қазақтың салт - дәстүріне байланысты шағын шығарма жазу.
2. 38 - жаттығу.
Тапсырма. Мәтіннен көптеліп тұрған және көптелмейтін зат есімдерді тауып, себебін түсіндіру.
3. Ережені оқу.
11 031
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есімдердің түрленуінен өткенді қайталау
Есімдердің түрленуінен өткенді қайталау
Бүгінгі сабағымыз морфология тарауы, соның ішінде есім сөздердің түрленуінен өткенді қайталау мен бекітуге арналып «Білім керуені» деп аталады.
Зат есімнің түрленуі. Көптік жалғау
Зат есімнің түрленуі. Көптік жалғау
Сөйлемдерден түбір мен қосымшаны ажыратып, жалғаулары арқылы зат есімдерді көптей алады. Басқа сөз таптарының арасындағы өзгешеліктерге мысал келтіріп, ойлана алады.
Морфология. Зат есімнің түрленуі. Күнделікті сабақ жоспары
Морфология. Зат есімнің түрленуі. Күнделікті сабақ жоспары
Зат есімнің түрленуі туралы түсіндіру, оқушылардың ой - өрісін кеңейту, зат есім тақырыбынан алған білімдерін еске түсіру, зат есім тақырыбы бойынша білімін жетілдіру;
Қазақ тілінен ұзақ мерзімдік жоспар (7сынып)
Қазақ тілінен ұзақ мерзімдік жоспар (7сынып)
Павлодар қаласы, №19 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каденова Жансұлу Журсиновна
Морфология. Зат есімнің түрленуі
Морфология. Зат есімнің түрленуі
Ақтөбе қаласы, №33қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі: Абылшеева Мадина
Зат есімнің түрленуі. Көптік жалғау
Зат есімнің түрленуі. Көптік жалғау
Оңтүстік Қазақстан облысы , Арыс ауданы, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×