Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қадыр Мырза Әлі «Нұр» өлеңі

20 қараша 2014, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза Әлі «Нұр» өлеңі

• Білімділік: Қадыр Мырзалиевтің өмірімен, шығармашылығымен таныстыру. “Нұр” өлеңінің мазмұнын ашу, талдау.
• Білімділік: Қ. Мырзалиевтің өмірімен, шығармашылығымен таныстыру. “Нұр” өлеңінің мазмұнын ашу, талдау.
• Тәрбиелік: Оқушыны табиғатты аялай білуге, қоршаған ортаны қорғауға, табиғат сырын түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Әдіс - тәсілдері: СТО стратегиялары, өлең мәтінімен жұмыс, сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка, физика, география.
Көрнекілігі: Қ, Мырза Әли портреті, кітаптары, суреттер, қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, фразеологиялық сөздік.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексе - ру, сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
М. Мақатаев “Аққулар ұйықтағанда” поэмасы
- Өмір дегенге
Тіршілікте, сірә, жетер ме ой!
Жарық дүниеден басқаның бәрі бекер ғой.
Бекер ғой бәрі
Бекер ғой бәрі, бөтен ғой,
Өмір дегенің
Бір күндік сәуле екен ғой!- деп жырлап өткен М. Мақатаев – ғасыр ақыны. Оның бір түнде, бір деммен жазып шыққан 1722 жолдан тұратын поэмасы – ғажап туынды. Поэма табиғат пен ақынның сезімінің үндесуінен туған.
/ Өткен сабақта поэманы оқып, талдаған, мәнерлеп жатқа айтылды. Сондықтан қорыту есебінде жалпы композиция туралы білімдерін тексеріп өту./

Поэма композициясы туралы сұралады.
Поэма тақырыбы - аққулар. Аққу - сұлулық, адалдық символы. Тақырып өте өміршең. Жер бетіндегі әр адамның тіршілігі қоршаған ортамен байланысты. Табиғатта баланс, тепе - теңдік деген бар. Ол бұзылған жағдайда адам өміріне де қауіп төнеді. /Мысалға М. Әуезовтың «Көксерегін», Ш. Мұртазаның «Жүз жылдық жара» шығармаларын мысалға келтіру/. Поэмада ақын табиғатты сақтайық, тіршілік тамырына балта шаппайық деп үн қатады.

Оқушыларға сұрақ.
Ал осы табиғаттың тынышын бұзған кім? АНА...
Сонда қалай әйел жаны нәзік дегеніміз бекер болғаны ма?
Ал осыны түсіндіріп беріңіздерші... Ортаға сұрақ тастайық...
Ананың аққуды атып, табиғат перзентіне қиянат жасауы дұрыс па?
Оқушылардан жауап алу. Ана махаббатының күштілігіне байланысты мысалдар келтіру.
Сонымен, Мұқағалидың табиғаттың сұлулығын сүйіп, оны жыр жолдарына шебер айналдырғанына тәнті болсақ, келесі ақын да табиғатты суреттеуде кенже қалмапты. Ол туралы Мұқағалидың өзі «Қадыр - найзағайлы ақын. Қалайда бір жалт беріп, тіліп өтпей тоқтамайды»- деп айтқан екен.

ІІІ. Жаңа сабақ тақырыбы: Қадыр Мырза Әлі « Нұр» өлеңі /Интерактивті тақтамен жұмыс/
Жаңа сабақ жоспары: Тақырыбы: Қадыр Мырза Әли “НҰР”
1. Қ. Мырзалиевтің өмірімен танысу.
2. Шығармашылығымен танысу.
3. Көрнекілікпен жұмыс.
4. “Нұр” өлеңінің мазмұнын ашу, қара сөзге айналдырып әңгімелеу, талдау
5. Оқушыларды мәнерлеп оқыту.
6. Дәптермен жұмыс.
Оқушыларға Қадыр ақын шығармашылығын үйден оқып келуге берілген. Сондықтан оқушыларға сұрақтар беру.
1. Қадыр Мырза Әлі қай жылы, қайда дүниеге келген?
2. Алғашқы өлеңі қай журналда жарияланған, қай жылы?
3. Тұңғыш өлеңдер жинағы қалай аталады?
4. Драма жанрында қандай шығармалары бар?
5. Ақынның соңғы өлеңі қалай аталады?
6. ҚР рәміздерінің /бұрынғы/ қайсысының авторы болып табылады?
7. Ақынның қандай жинақтары бар?
8. Ақын өлеңдері қандай тілдерге аударылған?
9. Өмірінің соңғы кезінде қай қалада тұрды?
10. Балаларға арналған қандай шығармаларын білесіңдер?
11. Алғашқы жұмыс орны қай баспада?
12. Қандай сыйлықтардың лауреаттары?
13. Ақынның қандай өлеңдерін білесіңдер?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 633
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қадыр Мырза Әли «Ана» өлеңі
Қадыр Мырза Әли «Ана» өлеңі
Қадыр Мырза Әли өмірі мен «Ана»өлеңінің мазмұнын оқушыларға меңгерту.
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Поэмаға талдау жасай отырып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы жайында игерген білімдерін тереңдету, поэманың идеясын, мақсатын ұғындыру.
Қадыр Мырза Әлі «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі
Қадыр Мырза Әлі «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі
Қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы алыптарының бірі – Қ. Мырза Әлінің өмірімен және шығармашылығымен таныстыру, ақын туралы оқушы білімдерін толықтыру.
Олжас Сүлейменов «Арғымақ» өлеңі
Олжас Сүлейменов «Арғымақ» өлеңі
Оқушыларды мемлекетіміздің белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. «Арғымақ» өлеңінің негізгі идеясы мен мазмұнын ашу.
Қадыр Мырза Әли «Нұр»
Қадыр Мырза Әли «Нұр»
Ақынның «Нұр» өлеңімен таныстыра отырып, оқушының білім - білік дағдыларын қалыптастыру. Өлең - негізгі идеясын ашу. Өлеңді оқыта отырып, оқушының сөздік қорын, тіл байлығын, ой-өрісін дамыту.
Қадыр Мырза Әлі
Қадыр Мырза Әлі
Сабақтың мақсаты: Қадыр Мырза Әлі ақынмен, шығармашылығымен таныстыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×