Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дыбыс үндестігі

22 қараша 2014, Сенбі
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Тақырыбы: Дыбыс үндестігі
Сілтеме Қазақ тілі. Авторлары: Г. Қосымова, Ж. Дәулетбекова
Алматы «Атамұра»- 2010ж, интерактивті тақта, көрнекіліктер (стикерлер, маркерлер, карточкалар), бағалау критерийлері.
Сабақтың мақсаты: Дыбыс үндестігінің түрлері, ілгерінді ықпалдың, кейінді ықпалдың, тоғыспалы ықпалдың жасалуын түсіну, қолдану.
Міндеттері: 1. Оқушылардың белсенділігін арттыру.
2. Сабаққа деген қызығушылықтарын тудыру.
3. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды түсінуде, оқушылар жаттығулармен жұмыс барысында ойландыру, топтық жұмыста еркіндік беру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: Жеке, жұптық, топтық жұмыс, сұрақ - жауап, қорыту, талдау, бекіту, ауызша - жазбаша, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары ( ой тастау, топтастыру, т. б)
Сабақтың көрнекілігі Интерактивті тақта, әдістемелік құралдар, бағалау критерийлері
Күтілетін нәтиже:
1. Жаңа сабақ материалын толық меңгереді.
2. оқушылар мәтін бойынша бір - біріне сұрақты дұрыс қоя біледі
3. көрген, естігенін өз ойымен еркін жеткізе алады,
4. Бір - біріне сұрақтар қояды.
5. Ой қорытады.
6. Пікірлерін айтады.
7. Ұжымдасып еңбек етуді үйренеді.
8. Жұппен жұмыс істей алады.

Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу.
2. Шеңбер құру: Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Кәне, барлығың бір - бірлеріңнің көздеріңе қараңдаршы. Мен сендердің көздеріңнен мейірімділікпен, достықтың, сүйіспеншіліктің, әдеміліктің белгісін көріп тұрмын. Енді бір - бірімізге жылы, жақсы сөздер айтайық! Мысалы: Сен бүгін ақылдысың, әдемісің, күштісің. т. б.
3. «Сен кімсің» ойыны. Бір оқушының көзін байлаймыз. Ортаға шығарып, бір оқушының алдына апарады. Ол танымайтындай өзгертіп айту керек. Егер тапса ол кісі орнына барады.
4. Қиғаш қағаздарды беріп, таратамын. Ол қағаздардың шетіне 4 түрлі түсті жазылған дауыссыз дыбыстар. Сол 4 түске байланысты 4 топқа бөлінеді.
5. Алтын ережемізді еске түсіреміз. (2 мин)
Үй жұмысын тексеру (5 мин)
1. Мұғалімнің іс - әрекеті
1. Үй тапсырмасын тексеру: «Ой қозғау» буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды ата.
2. Перфокартаны толтыр.
Қосымшалар --------------- Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
- мен
- шы
- паз
- нікі
- қой
- дың
- кер

Жаңа сабақ (28 мин)
Сабақтың барысы
2. Мұғалімнің іс - әрекеті
Жаңа тақырып:
«Кім жылдам?» Тапсырма: Берілген сөздердің айтылғанда өзгеріске ұшырайтынын топ болып көрсету керек.
1 - топ: көп бала (ілгерінді ықпал - көп пала)
2 - топ: сөзсіз (кейінді ықпал - сөссіз)
3 - топ: Досжан (тоғыспалы ықпал - Дошшан)
4 - топ: ала қап (ілгерінді ықпал – ала ғап)
СТО ой тастау, Ал енді мына жазылған сөздерге қараңдаршы не байқап тұрсыңдар? Қандай ой келеді?, / Балалар, ықпал деген не? Осы ықпал сөзін естігенде қандай ой келеді?
Жеке жұмыс. Өзіндік жұмыс. (Кеспе қағазбен жұмыс)
(2 мин) тақтада тексеремін.

Топтық жұмыс. Әр топ осы тақырыптарға оқулықтан, интернет ақпарат көздерінен қарап қорғайды.
1 - топ. Дыбыс үндестігі.
2 - топ. Ілгерінді ықпал.
3 - топ. Кейінді ықпал.
4 - топ. Тоғыспалы ықпал.
Жұппен жұмыс. 331 - жаттығуды оқулықта берілген дауыстыдан басталған – ым, (- ім), - ы (- і), - ың (- ің), ып (- іп) қосымшаларын жалғап, қандай дыбыс үндестігіне ұшырағанын табыңдар. (2 мин)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
27 582
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мазмұндама «Екі дос»
Мазмұндама «Екі дос»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету, логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру, ойын жүйелі жеткізуге,
Қазақ тілінен ережелер (1 – 11 сыныптар үшін)
Қазақ тілінен ережелер (1 – 11 сыныптар үшін)
Фонетика – тіл туралы ғылымның бір саласы. Онда дыбыстар, екпін және буын, үндестік заңы қарастырылады. Қазақ тілінде 42 әріп және 37 дыбыс бар.
3 деңгей бағдарламасы бойынша жасалған қысқа мерзімді жоспар
3 деңгей бағдарламасы бойынша жасалған қысқа мерзімді жоспар
3 деңгей бағдарламасы бойынша жасалған қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 8 сынып
Дыбыс үндестігі
Дыбыс үндестігі
Ауызша, жазбаша жұмыстарын жүргізе отырып, оқушылардың теориялық білімін бекіту, іздендіре отырып, нәтижеге өз беттерінше жетуге үйрету.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кусаинова Асемгуль Кенжебековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×