Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жігіттің жеті өнерінің бірі –аңшылық

21 қараша 2011, Дүйсенбі
Астана қаласы №43 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі : Рүстемова Бибіжан Мырзашқызы
7сынып.


Сабақтың тақырыбы: Жігіттің жеті өнерінің бірі –аңшылық.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Жігіттің жеті өнері жайында жан-жақты білімдерін жинақтау ,Абай мен Мұхтардың суреттерлік шеберлігінің үндесуі.
Дамытушылық:Оқушылардың сөздік қорын дамыту ойлау қабылеттерін көркем әдеби тілде сөйлеу қабылеттерін дамыта түсу.
Тәрбиелік:Оқушыларға аңшылық, атакәсіпті үйренуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:слайд,флипчарт,үлестірме қағаздар,суреттер.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:талдау,жинақтау,салыстыру.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Жаңа сабақ.
3.Оқушылардың қызығушылығын ояту.
Аңшылық өнері он сегізінші , он тоғызыншы ғасырларда көптеген өлең –жырлар арқылы жазылған.Өйткені бұл кезеңдерде аңшылық қатты дамыған. Елдің серілері , ер-азаматтары осы өнерімен айналысыпты.Бұл өнерді қазақтың көрнекті адамдары да қатты ұнатқан. Әсіресе Абай, Ақан сері, Ілияс, Мұхтар. Ақындарымыз осы өнер жайында көптеген әңгіме өлеңдер,зерттеулер жазған. Аңшылық дегеніміз кәсіп,күнкөріс,өнер деп түсінеміз. Аңшылықты өнер түрінде танып суреттеген адамдар Абай, Мұхтар, Шәкәрімдер екен.
Абай жақсы аңшы болыпты. Ол көз алдында бүркітінің түлкіге түсіп,алысып жатқандарын көріп,сұлу көріністерінен ләззат алып, «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деген өлеңі туыпты.
Оқулықтан өлеңді мәнерлеп оқып,оқушылардың қызығушылығын ояту.
Осы өлеңде аңшылық ақын сезіміне қалай әсер еткенін көріп тұрмыз. Абай-жақсы –жаманның парқын біліп,тіршіліктің қыр-сырына зерде бойлатқан ұлы ақын.Оның ойы бойынша қыран құс тегін емес.
1.Оқулықтан мәтінді оқып,мазмұндау.
2.Мәтіннен сөз тіркесін теріп жазу.
3.Мәтін мазмұнына сүйене отырып,берілген сұрақтарға жазбаша түрде өз пікіріңді баяндап, жауап беру. /мәтін бойынша 10 сұрақ/
4.Сызба бойынша мәтінді әңгімелеу.

Жігіттің  жеті  өнерінің  бірі –аңшылық


Мағынаны ажырату.
Зерттеу.Деңгейлік тапсырмалар.
1.Абайдың өлеңіндегі аңшылар аңға жылдың қай мезгілінде шығуды қолайлы көреді?
2.Бұл мезгілді таңдауының себебі неде?
3.Аңшыға не қажет?
4.Бүркітші қағушы кім?
5.Аңшылар қандай әрекеттер жасайды?
6.Бүркіт аңға қандай тәсілдермен түседі?
7.Өлеңдегі бүркіт түлкіге қалай түскен?
8.Аңшылардың көңіл-күйін беретін өлең жолын көрсет.

Салыстырыңыз.Деңгейлік тапсырмалар.
Абай аңшыға не қажет деп таниды?
Оны Мұхтар қалай суреттейді?
Бүркіттің түлкіге түскен әрекеті Абай да қалай, Мұхтар да қалай суреттеген?
Бүркіт түлкіге қалай түседі?

Қолданыңыз.Деңгейлік тапсырмалар

Қазақ халқында аңшы адамға қыран бүркіт,жүйрік ат, жақсы жолдас, мықты қару керек дейді. Осыны өлең мен әңгімеден табу.

Қорытынды
Бүгін сабақта нені білдік?
Нәтижесі қандай?
Бүркітші әңгімесіндегі аңшы бойына жинақталған қасиеттерін көреміз, әсіресе, шыдамдылық, сезімталдық,тапқырлықты байқадық.
Міне, Абай жақсы-жаманның парқын біліп, тіршіліктің қыр-сырына зерде бойлатқан ұлы ақынымыз қыран құстың қасиетіне тегін таңданбаса керек.Аңшылықтың құпиясы сыры өте көп деп сезініп, қазіргі жастардың сол кәсіпті меңгеруіне насихаттау, Абай мен Мұхтар үніне үн қосып Аңшылық - жігіттің жеті өнерінің бірі деп сол өнерді үйренуіне ықпал жасау.

Үйге тапсырма:
«Аңшылық -өнер» тақырыбында эссе жазу.

Бағалау.
10 497
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
С. Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі
С. Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі
Оқушыларға С. Мұқановтың шығармашылығы мен өмірінен мәлімет бере отырып, «Саятшы Ораз» әңгімесінің мазмұнын меңгерту. Әңгімедегі Ораз бейнесін ашу, халқымыздың саятшылық өнері туралы мағлұмат беру;
Көбейту және бөлу
Көбейту және бөлу
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға түріндегі жазбаша көбейту және бөлу амалының әдіс - тәсілдерін таныстыру. Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа және жарастыру арқылы тез, тәрбиелеу.
Мамытбек Қалдыбаев «Еліктің лағы»
Мамытбек Қалдыбаев «Еліктің лағы»
Аңшылық кәсіп туралы мәлімет беру, елік туралы қысқаша тоқталу. Көркем мәтінмен жұмыс істей білуге үйрету, ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Сабақтың ұраны: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе»
Сәбит Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі
Сәбит Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі
Қызылорда қаласы, №138 Абай атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Пірімова Әсем Әбдірахманқызы
Қансонарда
Қансонарда
Аңшылық, саятшылық туралы, өлең мазмұны туралы түсініктерін кеңейту. Әдебиет теориясынан білімдерін дамыту. Композиция туралы ұғым қалыптастыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×