Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай Құнанбайұлының «Он жетінші» қара сөзі

12 желтоқсан 2014, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының «Он жетінші» қара сөзі
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар, мұғалімге арналған нұсқаулық, СТО стратегиясы, 8 - сынып оқулығы
Жалпы мақсаты: Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету, он жетінші қарасөзінің мазмұнын меңгерту.
Оқыту нәтижесі: Оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным - түсініктерін дамыту.
Оқыту формасы: Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Оқуда қолданылатын модульдер мен әдістер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін және оқуды бағалау.

Мұғалімнің іс - әрекеті
Сәлемдесу арқылы сыныпта психологиялық жақсы ахуал қалыптастыру.

Үй тапсырмасы сұралады.
Абайдың «Өлең ‐ сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін жатқа сұрау.
Қайталау сұрақтары:
Абай Құнанбайұлы қай жылдар аралығында өмір сүрген?
Қай өңірде дүниеге келген?
Ақын кімдердің тәрбиесін көп алған?
Абай ақын өлең жазуда кімдерге еліктеді?
«... Маған «Абай» деген сөз «қазақ» деген сөзбен тең түсетіндей кездері бар секілді» пікірінің авторы кім?

Қызығушылықты ояту
Осыны оқып ойлай бер, болсаң зерек,
Еңбекті сат, ар сатып неге керек.
Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Оқушылардан қайрат, ақыл, жүрек туралы сұрап, жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын оятады.

Абай өз қарасөздерін 1890 - 1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл - ойы толысып, жасы кемелденген, көрген - білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қарасөздерін жазуды қолға алған. Өзінің қарасөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қарасөзінде атап көрсетеді: «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған бел байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ».
Абайдың қарасөздерінің саны ‐ 46. Бірақ біз 46 - ншы қазақтардың шығу тарихы жайлы жазылған «Біраз сөз қазақтардың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген қарасөзін өз алдына жеке тарихи шығарма, очерк ретінде қарастырып жүрміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 748
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай қара сөздері. Он жетінші қара сөз
Абай қара сөздері. Он жетінші қара сөз
Данышпан Абайдың тағылымдық тәлімі мен қара сөздерінің тәрбиелік мәні
Абай Құнанбайұлы «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі
Абай Құнанбайұлы «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі
Абай өмірінен қысқаша мәлімет алады, «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін мәнерлеп оқиды мазмұнын түсінеді
Абайдың он жетінші қара сөзі
Абайдың он жетінші қара сөзі
Қара сөз дегеніміз – ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қара сөзбен жазылған еңбек. Абайдың 1890 - 1898 жылдар арасында жазған 45 қара сөзі бар. Ақынның қара сөздері алғаш Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрген. Қара сөздер
Абай Құнанбаев «Он жетінші қара сөзі»
Абай Құнанбаев «Он жетінші қара сөзі»
Ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының қарасөздерін оқыту арқылы адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы асыл қасиеттер болуы үшін күресе білуге, мәтін тақырыбын аш білуге үйрету.
Абай Құнанбаев "Отыз жетінші сөз"
Абай Құнанбаев "Отыз жетінші сөз"
БҚО, Казталов ауданы, Қараөзен мектеп - лицейі Тасқалиева Альбина Ерболатқызы
Абай Құнанбаев Он жетінші қара сөзі
Абай Құнанбаев Он жетінші қара сөзі
Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылы, №94 мектептің мұғалімі Тақырыбы: Абай Құнанбаев Он жетінші қара сөз
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×