Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еліктеу сөз

29 желтоқсан 2014, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздер
Мақсаты:
Білімділік: Еліктеу сөздер туралы түсінік беру, оның басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, еліктеу сөздердің түрлерін ұқтыру;
Тәрбиелік: Тіл өнерінің құдіретін ұғына білуге, туған жерін сүюге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың сауаттылығын, танымдылығын, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу тілін, ой жүйелеу шеберлігін дамыту;
Сабақ типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, ойландыру, оқушы әрекетін ұйымдастыру, ізденушілік қабілетін ояту
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, шар, сағат, барабан

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық дайындық (көңіл күйлерін анықтау)
II. Жаңа сабақ: жаңа сабаққа байланысты ортақ сұрақ:
А) сөз таптары қазақ тілінің қай бөліміне жатады?
Ә) қазақ тілінде неше сөз табы бар?
III. Сыныпты топқа бөлу: 1). төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек қиындылар арқылы топқа бөлу, басшы сайлау, бағалау қағазын беру
2) Мәтін үлестіру»Еліктеу сөздер», әр топқа плакат үлестіру, мәтін бойынша өз ойларын ортаға салу, жоба қорғау, ереже шығару
IY. Сергіту сәті: (жіберілген әуен арқылы түрлі дене қимылдарын жасау)
Тәжірибе көрсету (өмірмен байланыстыру)»Дыбыстық еліктеуіш» сөздерді ұғыну:
А) Сіріңкені жағып, стақандағы суға батыру
- От қалай сөнді? (От быж етіп сөнді )
- Дыбысты қай сезім мүшелері арқылы қабылдадыңдар?(құлағымызбен естідік)
Ә) Сағат аламын да, стол үстіне қоямын
- Сағат қалай жүріп тұр? (Сағат тық - тық жүріп тұр)
Б) Барабан соғу
- Барабан қайтті? (Барабан дүңк - дүңк етті)
В) Шар үріп, жару
- Шар қалай атылды? (Шар тарс етті)
Сұрақ; Өздерің байқағандай, не көріп, не естідіңдер? Дыбыстарды қай сезім мүшесімен қабылдадыңдар?
Бейнелеуішті ұғындыру: Оқушының атын атап шақыру, өзіме қарату (жалт қарау)
Шам жағып, сөндіру (жарқ ету)
Мұғалім жүріп келе жатып, кенет тоқтау ( кілт тоқтау)
Сендер біраз нәрсені көрдіңдер, не ұқтыңдар? (ереже шығарту, оқулықпен салыстыру)
Сонымен, оқушылар, табиғаттағы, күнделікті өмірдегі дыбыстарды, қимылдарды естіп немесе көзбен байқаймыз. Тіліміздегі кейбір дыбыстарды, дауыстарды көзбен көріп бейнелеп, екінші бір сан алуан сөздерді құлақпен есту арқылы анықтаймыз

Y. Тапсырма
1 - топ «Кім тапқыр?» (еліктеу сөздерді тауып, қай түріне жататынын табу)
2 - топ»Сөз ойла»(еліктеу сөздердің сыңарын табу)
3 - топ «Жұмбақ шешу» (жұмбақ шешуін тауып, ішінен еліктеу түрлерін табу)

YI. Үш топқа ортақ тапсырма:
а) Суретке қарап, еліктеуіш, бейнелеуіш сөздерді қатыстырып, мәтін құрастыру

ә) Семантикалық карта бойынша жұмыстану
Еліктеу сөз, дара, күрделі, еліктеуіш, бейнелеуіш

б) деңгейлік тапсырмалар
в) 300 - жаттығу. Еліктеуіш сөздердің қай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіп, мағынасын ажырату

YII. Сабақты қорыту, бекіту сұрақтары:
Еліктеу сөз дегеніміз не?
Мағынасына қарай еліктеу сөз нешеге бөлінеді?
Бейнелеуіш сөз дегеніміз не?
Еліктеуіш сөзді қалай түсінесіңдер?

YIII. рефлексия
IX. үйге тапсырма: 301 – жаттығу (шарты бойынша орындау)
X. Бағалау
13 921
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еліктеуіш сөздер
Еліктеуіш сөздер
Еліктеу сөздер туралы түсінік беру, оның басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, еліктеу сөздердің түрлерін ұқтыру.
Еліктеу сөз туралы түсінік. Еліктеу сөздің түрлері. Еліктеуіш сөздер
Еліктеу сөз туралы түсінік. Еліктеу сөздің түрлері. Еліктеуіш сөздер
Оқушыларға еліктеу сөз туралы толық мағлұмат бере отырып, жасалу жолдарын іс әрекетте орындау, мысалды талдау арқылы дәлелдей білуге үйрету.
Негізгі және туынды еліктеу сөздер
Негізгі және туынды еліктеу сөздер
Сабақтың мақсаты: Еліктеу сөздердің құрамдық ерекшелігін, басқа сөз таптарынан айырмашылығын таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Еліктеу сөздер туралы түсінік
Еліктеу сөздер туралы түсінік
«Қостанай қаласындағы №9 орта мектебі» ММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Скендирова Г.А
Еліктеу сөз туралы түсінік
Еліктеу сөз туралы түсінік
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, "Кемербастау" жалпы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Жуасова Нұржамал Кауысовна
Еліктеу сөздер, түрлері
Еліктеу сөздер, түрлері
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы, Қ. Байсықов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Избасарова Бағдагүл Сайынқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×