Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шыңғыс Айтматовтың "Найман - Ана"әңгімесіндегі мәңгүрттік мәселесі

29 желтоқсан 2014, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Шыңғыс Айтматовтың "Найман - Ана"әңгімесіндегі мәңгүрттік мәселесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әңгімедегі өзекті жайдың шынайы өмірден алынғандығын нанымды баяндау арқылы әңгіме түйініне назар аударту.
Тәрбиелік: Адамзаттың ақыл - ойының өзгеге тәуелді болуында – мәңгүрттік нышаны жатқанын ұқтыру. Отанға, адам игілігіне деген құрмет сезімдеріне әсер ету.
Дамытушылық: Оқушының ой еркіндігін, пікірін саралай білуге, тиянақты, мәдениетті сөйлей білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру.
Сабақтың әдістері: А) оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
ә) проблема туғызу.
Б) оқиғаның шешімін іздеу.
Сабақтың көрнектілігі: аудио, тірек сызба, суреттер.
Пәнаралық байланыс: тарих.
Стратегиялар: топтастыру, кубизм, инцерт.

Сабақтың барысы:
1 - кезең. Ұйымдастыру.
Мақсаты: оқушылардың көңіл - күйін сабаққа аудару.

2 - кезең.
Талданғалы жатқан мәселені хабарлау. Мақсатын қою. Белсенді игеруге дайындау. Маңыздылығын, қажеттілігін сезіндіру, түсіндіру.
Сұрақ: 1. Шыңғыс Айтматов кім?
2. Қандай шығармалар жазды?
3. Балалар, қазір мына үзіндіні тыңдаңдар. Осы үзінді арқылы мен бүгінгі өтер сабағымыздың тақырыбын ашқалы отырмын.

Үзіндіде: Ертеде, қалмақ пен қырғыз шапқыншылығы тұсында, екі жақ бір - бірімен құл етіп ұстау үшін тұтқын алып отырған. Ол тұтқын мал соңында салпақтат жүргенімен күндердің күні болғанда ебін тауып, қашып кетер деп, оларды мәңгүрт етіп тастайтыт болған. Ол үшін алдымен тұтқынның шашын тақырлап алып тастап, жас сойылған түйенің мойнағын не сиырдың терісін басына қаптайды. Оған қайыстан тіліп, бау өткізіп, самайдан тарттырып, мықтап байлайды. Сөйтіп, шыжып тұрған күннің астына қол - аяғын байлап тастайды. Тұтқын сонда екі бірдей азапқа түседі екен. Алдымен, жас тері ыстықтан жиырылып, басын бүріп, сүйегін сындырып жібере жаздаса, екіншіден, өскен шаш кептелген теріні тесе алмай, кері қайырылып, құйқасын ине сұққандай етіп бұрғылап, есте сақтау қабілетін мүлде жойып жібереді. Бір жұма, он күннен кейін не өліп қалады, не мәңгүртке айналады. Аты - жөнін, шыққан тегін ұмытып, тек өз қожасының айтқанын ғана орындайтын ќара күш иесіне айналады...
Дүниедегі ешбір зұлымдықтың мына қасіретке тең келері болмас, сірә?

- Осы әңгімеде не туралы айтылған?
- Мәңгүрттік.
Дұрыс, олай болса, біз сіздермен бүгін қырғыздың атақты жазушысы, қазақ елі өз перзентіндей көріп. «Адамзаттың Айтматовы»деп сүйсінген заңғар жазушы Ш. Айтматовтың «Боранды бекет»романынан «Найман - Ана»атты үзіндіні өтпекпіз. Мұнда дүние жүзі ғалымдарын алаңдатқан «ғасыр қылмысы» атанған мәңгүрттік мәселесін көтермекпіз. Сабағымыздың «Мәңгүрттік - мәңгі қасірет»деп аталу себебі де осында.

3 - кезең. Мәселені жан - жақты ашу, қабылдату, тұжырымдату, ой елегінен өткізу, жалпылау және жүйелеу.

4 - кезең. Көрнекіліктерді пайдалана отырып, түйінді сұрақ қойып, пікір туғызу.
1. Көрініс сырын ашу. Бүгінгі әңгімемізге мына көріністің қандай қатысы бар? Онда: садақ, ақ жаулық құс, түйе бейнелері бар.
2. Құбылыс сырын аша отырып, пікірлерді жүйелеп, ортақ шешімге келеміз.
5 – кезең. Тақырыптың түйіні болар мына сұраққа назар аудартамын.
1. Бүгінгі әңгімедегі мәселені халықаралық, мемлекеттік дәрежеге көтерудің маңызы бар ма?
2. Мәңгүрттіктің ең төменгі сатысы µз ортаңда кездесе ме?
Сұрақтарға Кубизм стратегиясы бойынша жауап алынады.
1. Салыстырыңыз.
2. Талқылаңыз.
3. Қолданыңыз.
4. Суреттеңіз.
5. Баяндаңыз.
6. Қарсы шығыңыз.
Сұрақтар бірнеше қырынан ашылған соң, қорытынды шығарылады.

6 - кезең. Болжау стратегиясы.
- Балалар, осынау Сарыөзектің сары аптап шөлінде тынымсыз ызыңдаған жел сарыны қазақтың қай аспабының үніне ұқсайды?
- Қобыздың.
- Дұрыс, ендеше осы қобыз сарынына құлақ тоса отырып, сендерге берер үзіндіні өз еріктеріңмен аяқтаңдар.
- «Жоламан! А, Жоламан! Амансың ба, құлыным!»- деп дауыстады.
Баласы жалт қарағанда, қайран ана қуаныштан үні де оқыс шығып, үміттеніп қалды, сөйтсе ұлы...
Нұсқалар:
а) Анасын танып қараған екен.
ә) Құр дауысқа елеңдепті.
б) Жүрегінде жылт етіп жылылық пайда болды.
в) Мәңгүрт емес екен.
Балалар жазған ойларын топтастырып, жинақтайды.

7 - кезең. І. Инцерт стратегиясы. Сабақ мазмұнына баға беру.
Бүгінгі сабақты қалай қабылдадың?
ІІ. Топтастыру стратегиясы.

8 - кезең Үйге тапсырма.
1. Бүгінгі айтылған жайға сүйене отырып ой толғау.
2. Шағын шығарма жазу.
Бағалау. Мадақтау. Қоштасу.
13 581
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ш. Айтматов «Найман – Ана»
Ш. Айтматов «Найман – Ана»
Ш. Айтматовтың романынан алынған үзіндінің мазмұнымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбымен жазушының идеялық мұратын оқушыға жан-жақты меңгерту.
Ш. Айтматов «Ерте келген тырналар» (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ш. Айтматов «Ерте келген тырналар» (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, «Ерте келген тырналар» хикаятын меңгерту.
Шыңғыс Айтматов. «Найман - Ана» үзіндісі
Шыңғыс Айтматов. «Найман - Ана» үзіндісі
Қызылорда қаласы, №138 Абай атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Пірімова Әсем Әбдірахманқызы
Шыңғыс Айтматовтың "Найман-Ана" ("Ғасырдан ұзақ күн" романнан үзінді
Шыңғыс Айтматовтың "Найман-Ана" ("Ғасырдан ұзақ күн" романнан үзінді
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жаңашар ауылы Т.рысқұлов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Темиркулова Мадина Сулейменқызы
Шыңғыс Айтматов «Найман – Ана
Шыңғыс Айтматов «Найман – Ана
№6 орта мектептің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Ихуанова Гүлзада Зинеденовна
Шыңғыс Айтматов «Найман ана», «Ғасырдан да ұзақ түн» романынан үзінді
Шыңғыс Айтматов «Найман ана», «Ғасырдан да ұзақ түн» романынан үзінді
БҚО, Орал қаласы, №1 жалпы орта білім беретін мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алипова Гүлназ Түрақбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×