Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарауылбек Қазиев «Менің шешем»

19 қазан 2012, Жұма
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университеті жанындағы қазақ-түрік лицейі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Махамбетәлиева Роза Әбілғазықызы

Сыныбы: 8
Пәні: әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Қарауылбек Қазиев «Менің шешем»
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Қарауылбек Қазиевтің «Менің шешем» әңгімесін қорытындылау, алған білімдерін жинақтап бекіту, соғыс жылдарындағы аналар еңбегі туралы білімдерін толықтыру.
Ә) Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, ой белсенділігін дамыту.
Б) Тәрбиелік: Оқушыларды ананы құрметтей білуге, мейірімділікке, ана еңбегін ақтай білуге, төзімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді жинақтау, қорыту сабағы
Сабақтың әдісі: іздендіру, сайыстыру, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, автор орындығы.
Техникалық құралы: интерактивті тақта, компьютер
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі
Сабақтың барысы:

Жоспары:
І Бәйге (зымыран сұрақтар)
1. Қарауылбек Қазиев қай жылы қай жерде дүниеге келді?
2. Соғыс ауыртпалығы ауылда кімдерге түсті?
3. Бала түн жарымына дейін неге ұйықтай алмады?
4. Бала түнде неліктен сыртқа жүгірді?
5. Анасының аяғы неліктен қанайды?
6. Ауданнан келген өкілдерге анасы қандай жауап береді?
7. Нан жегісі келген баланың әрекетіне қалай қарайсыңдар?
8. Баланың шешесі қандай адам, ол қандай жұмыс істейді?
9. Әңгімеге арқау болған оқиға?
10. Әңгіменің негізгі тақырыбы мен идеясы қандай?

ІІ Көкпар (мақал-мәтел айту)
Әр топтан бір-бір адамнан шығып, ана мен еңбек тақырыбында мақал-мәтел айту керек.

ІІІ Тіл-өнер (тақтамен жұмыс)
1. Ошақтағы ... та өшірусіз, уатылған сексеуіл де кіргізілген жоқ, бұзауың да байлаулы қалпында. (от, огонь, fire)
2. ...болса, асығып-үсіккенді күнделікті әдетіне айналдырып алған. (шешем, мать, mother)
3. Асылында, бұл адамның махаббаты ... мен біте қайнасқан қасиетті махаббат қой деп ойлаймын. (өмір, жизнь, life)
4. Бұл өзі ... соғысының соңғы жылдарындағы оқиғалар еді. (Отан, Родина, hometown)
5. ...орнымнан атып тұрып, есіктің алдында тұрған шешемді итеріп жіберіп, далаға жүгіріп шықтым. (мен, я, me)
6. Елжіреген ... менің, әлі тосып жатырмысың? (жүрегім, сердце, heart)
7. Әкелерің тізесінен қан кешіп жүргенде, біздің ... жұмысынан тартынғанымыз жараспас. (үй, дом, home)
8. Әрине, ...айтып келе жатқан сен емессің, қайран анам, болса да ол – жастар жағы. (ән, песня, song )

ІV Жанды сөз (кітаппен жұмыс)
Жазушының тіліне, сөз қолданысына назар аудару.
1. Жұмысқа асығып бара жатқан ана бейнесі.
2. Қарны ашқан, нан жегісі келген баланың ашуы.
3. Әңгімедегі аналар еңбегі.
4. Ана үміті.

V Білгірлер (дәптермен жұмыс)
Бұл кезеңде дәптермен жұмыс жасаймыз және «автор орындығы» әдісін пайдаланамыз. Дәптерге «Ана», «Майдан», «Тыл» сөздеріне топтастыру әдісі бойынша білетіндерін жазып шығу керек.
«Автор орындығы» әдісі бойынша орындыққа отырып, өз ойларын емін-еркін айта білу керек.
1 – тапсырма. Әңгіме неге «Менің шешем» деп аталған? Өздерің қалай атар едің?
2 – тапсырма. Егер сен баланың орнында болсаң сенің іс-әрекетің?
3 – тапсырма. Осы шығарманы өзің жазсаң қалай аяқтар едің?

VІ Ділмар (түйінді ой айту)
Ана - теңдесі жоқ құдірет.
Ана – сарқылмайтын күш.
Ана махаббаты – киелі күш.
Берілген тақырыптарға ана махаббатының құдіретін дәлелдеу мақсатында бірлесе отырып, топ мүшелері мәтін дайындайды. Әр топ өз өкіліне сөз береді.

Сергіту сәті
Ойлан тап (сөзжұмбақ шешу)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 653
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ХІХ ғасыр әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)
ХІХ ғасыр әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақ әдебиетінің аса бір сүбелі кезеңі ХІХ ғасыр – ХХ ғасыр бас екені анық. Бұл қазақ елінің бостандыққа ұмтылған, өзін - өзі іздеген, өткен күндерін аңсай еске алып, бүгінінен түңіліп, бірақ болашағына үмітпен қараған шағы еді.
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Қызылорда қаласы, М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Керимханкызы Актоты
Ана - теңдесі жоқ құдірет
Ана - теңдесі жоқ құдірет
Сам орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бегендикова Жазира
Қазақ әдебиетін тереңдетуге арналған күнтізбелік жоспар 8-сынып
Қазақ әдебиетін тереңдетуге арналған күнтізбелік жоспар 8-сынып
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. 8-сынып. Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту (аптасына -3 сағат. Барлығы -102 сағат)
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы қазақ-түрік лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Махамбетәлиева Роза Әбілғазықызы
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы қазақ-түрік лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Махамбетәлиева Роза Әбілғазықызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×