Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қаныш Сәтбаев

09 қаңтар 2015, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Қаныш Сәтбаев
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының мақтанышы Қаныш Сәтбаев туралы кеңірек мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау белсенділігін, ой - өрісін арттыру, сөздік қорын молайту, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке баулу, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, слайд суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
а) амандасу.
ә) кезекшімен сөйлесу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
- Балалар, біз өткен сабақта Ыбырай Алтынсариннің қандай әңгімесін өттік? (Жауап береді).
- Ол әңгімеде не туралы айтылып еді, енді соны еске түсіріп өтейікші... (Тақтаға 4 оқушы шығып, рөлге бөліп, жатқа оқиды).
- Ал енді үйге қандай тапсырма берілді? (Жауап беріледі).
- Тапсырма бойынша, бұлақ басындағы «Әй, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол!» деген жазудың мағынасын басқаша қалай жазар едіңдер? (2 - 3 оқушыдан сұрау).
- Енді, балалар, мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші:
1. Бұрынғы Қазақ КСР Ғылым академиясы қазір қалай аталады?
2. Қазақ Ғылым академиясы қай жылы ашылды?
3. Ғылым академиясы кімнің есімімен аталады?
4. Қаныш Сәтбаев кім?

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз осы қазақ халқының біртуар ұлы Қаныш Сәтбаев туралы болмақ. (Слайд - шоуды тамашалау).
(Мұғалім Қаныш Сәтбаев туралы әңгімелейді).
- Күннің жады мен бүгінгі сабақтың тақырыбын дәптерімізге жазып қояйық.
Мәтінмен таныспай тұрып, жаңа сөздерге назар аударайық.

ІV. Сөздікпен жұмыс.
Көпқырлы – разносторонний
Ықпалын тигізу – оказать влияние
Қағида – правило
Қорған – защита, опора
Ұшан - теңіз – безгранично
Баршынгүл – гладиолус
Бөртегүл – сирень
(Әуелі мұғалім оқиды, оқушылар хормен қайталайды, жеке оқушы оқиды).

Жаңа сөздерден сөз тіркесін құрау.
V. Мәтінмен жұмыс.
Мұғалім оқиды. 3 бөлікке бөліп, 3 оқушы оқиды.
VІ. Топтық жұмыс.
І топ:
1. І бөлікке ат қою.
2. Синонимін тап: тұңғыш, табыс, ынтымақ, сіңірген.
3. «Бейнетте – береке» деген не мағына береді?
4. «Еңбек» сөзін тәуелдік жалғауының І жағында септе.
ІІ топ:
1. ІІ бөлікке ат қою.
2. Синонимін тап: байлық, ерлік, ұшан - теңіз, тірегі.
3. «Жер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды» деген мақалдың мағынасын талдау.
4. «Ерлік» сөзін тәуелдік жалғауының ІІ жағында септе.
ІІІ топ:
1. ІІІ бөлікке ат қою.
2. Синонимін тап: есім, ықпал, үлкен, жан - жақты.
3. «Ерлік – ердің ісі» дегеннің мағынасын талдау.
4. «Ел» сөзін тәуелдік жалғауының ІІІ жағында септе.
VII. Сөйлесу (Диалог).
VIII. Сабақты қорыту:
Бағалау.
Үйге тапсырма:
«Кім боламын?» тақырыбына эссе жазу
7 511
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қаныш Сәтбаев
Қаныш Сәтбаев
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899 - 1964) - аса көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик, қоғам қайраткері. Ол 1899 жылы Павлодар облысында туған.
Қажымұқан Н. Есенов
Қажымұқан Н. Есенов
Мәтіннің мазмұнын ашу, автордың берген ойын, идеясын түсіндіру.
Қажымұқан Н. Есенов.
Қажымұқан Н. Есенов.
Мәтіннің мазмұнын ашу, автордың берген ойын, идеясын түсіндіру. Сөздік қорларын дамыту, тіл байлығын молайту.
Тәуелсіздік алған күн
Тәуелсіздік алған күн
Өлеңнің өзекті идеясын және онда бейнеленген идеялық сезімді оқушыларға қарапайым, түсінікті тілмен жанды түрде жинақтап беру.
Қазына көтерген бала
Қазына көтерген бала
М. Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің III деңгейлі сертификатталған «Бастауыш сынып мұғалімі» Балешова Шынар
Ыбырай Алтынсарин "Таза бұлақ"
Ыбырай Алтынсарин "Таза бұлақ"
Жалғабаева Жанар "Атамекен орта мектебі мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×