Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Одағай туралы түсінік

14 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Қазақ тілі 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Одағай туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға одағай және оның түрлерімен таныстыру,
алғаш мағлұмат беру.
Міндеттері:
Білімділік. Оқушыларға жаңа сөз табы одағай туралы мағлұмат беріп, одағайдың түрлері, айтылу ерекшеліктері, жазылу емлесі жайлы кеңірек түсінік беру, сөйлем ішінен тауып, түрлеріне ажыратуды үйрету.
Дамытушылық. Оқушылардың есте сақтау қабілеттері мен сөздік қорларын арттыру, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуін, таным деңгейін дамыту.
Тәрбиелілік. Оқушыларды ана тілін ардақтауға, халқымыздың салт - дәстүрін, ырым - жоралғыларын біле жүріп, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: тест, түсіндіру, деңгейлік тапсырмалар, семантикалық карта, сұрақ - жауап, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, оқулық, төрт түлік суреттері, смайликтер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Кезекші кім екенін анықтау.
Бағалау парақшаларын таратып, шартын түсіндіру.

ә) Үй тапсырмасын сұрау бөлімі. Өткенді қайталауға арналған тест слайдпен көрсетіледі. Оқушылар орындап болған соң, жауаптары шығады. Оқушылар бір - бірінің дәптерлерін алмастырып тексереді.
1. Негізгі зат есімді табыңыз:
А) кәсіпкер в) зейнет с) зейнетақы
2. Сын есімнің мағыналық түрлері нешеу?
А) екеу в) үшеу с) төртеу
3. Реттік сан есімді табыңыз:
А) екеу в) үшеу с) алтыншы
4. Берілген сөздердің қайсысы есімдік?
А) мынау в) биік с) тыңда
5. Болымсыз етістікті көрсет:
А) жина в) мақтанба с) оқы
6. - дыр, - дір, - тыр, - тір – қай етістің жұрнағы?
А) өздік етіс в) ортақ етіс с) өзгелік етіс
7. Есімше тұлғалы сөзді көрсет:
А) оқыған в) барыпты с) келеді
8. Бүгін, қазір, жаздыгүні деген сөздер үстеудің қай түрі?
А) мақсат в) мезгіл с) мекен
9. Бейнелеуіш сөзі бар тіркесті тап:
А) мырс - мырс күлді в) гүрс ете құлады с) жалт бұрылды
10. Шылаулардың түріне жататын сөзді тап:
А) сабақты в) септеулік с) сапалық

б) Жаңа сабақты түсіндіру. – Балалар, қазақ тілінде неше сөз табы бар? Кәне, атап шығайықшы: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеу сөз, шылау, одағай. Біз өтпеген қай сөз табы қалып қойды?
Ендеше, бүгінгі өтетін тақырыбымыз: «Одағай туралы түсінік» деп аталады. Одағайдың түрлері бар. Түрлерінің өзі қызық! Одағай сөзін буынға бөлейікші!
- О - да - ғай. Неше буын бар?
- 3 буын бар.
- Қызықтың өзі осында. Одағай сөзінде қанша буын болса, сонша түрі болады. Бірінші түрі, ол - Көңіл күй одағайлары деп аталады. Көңіл күй одағайлары қандай мағынаны білдіруі мүмкін?
- Қуану, шаттану, таңдану, жылау, армандау, өкіну, ренжу, т. б.
- Ал екінші түрі - Шақыру одағайлары деп аталады. Шақыру одағайлары нені білдіруі мүмкін? Кімнің қандай ойы бар?
- Білімге шақыру, мектепке шақыру, төлді шақыру.
- Керемет! Ойларың керемет екен. Шақыру одағайлары – ол ит, құс, малды шақыру, мысалы: моһ - моһ, шөре - шөре, кә - кә, т. б. және оларды қуумен байланысты: пырс, ара.
- Үшінші түрі ол – Жекіру одағайлары. Ол – тыйым салу мағынасын білдіреді. Мысалы: тәйт, жә.
Одағай

Көңіл күй
Шақыру
Жекіру

- Ендеше, үш одағайдың түрлеріне бір - бір одағай айтып, көркем етіп жазалық.
Бәрекелді, шөре - шөре, тәйт.
Берілген сөздерді дәптерге жазып алу.
Одағайдың ережесін жаздыртамын.
Толық мағынасы жоқ, сондықтан затты, құбылысты, әрекетті нақты білдірмей, тек адамның әр түрлі көңіл күйін, сезімін білдіретін немесе жан - жануарларға қаратылып айтылатын сөздер одағай сөздер деп аталады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 464
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Одағай сөздер
Одағай сөздер
Одағай сөздер туралы оқушыларға жан - жақты, мол мағлұматтар беру. Оқушылар сөйлем ішінен одағай сөздерді жаңылыспай табуға машықтанады.
Одағай сөздер
Одағай сөздер
Одағай сөздер туралы оқушыларға жан - жақты, мол мағлұматтар беру
Оқшау сөздер
Оқшау сөздер
Оқшау сөздің түрлері қаратпа, қыстырма, одағай сөздер туралы жан - жақты мағлұмат беру, жай сөйлемдерге оқшау сөздерді қосып қолдана білуге үйрету, сөйлемдегі сөздерді сатылай кешенді технологиясы арқылы талдай білуге машықтандыру;
Одағай. Одағайдың түрлері. Одағайдың тыныс белгілері.
Одағай. Одағайдың түрлері. Одағайдың тыныс белгілері.
Оқушыларды халықтық педагогика тұрғысынан тәрбие беру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, халықтық болмыс бітімі тілінде екенін түсіндіру, ым – ишараттан ұғу.
Сөздің түрлері. Атауыш, көмекші және одағай сөздер (қазақ тілінен күнделікті сабақ жоспары)
Сөздің түрлері. Атауыш, көмекші және одағай сөздер (қазақ тілінен күнделікті сабақ жоспары)
Сөйлемде қолданылған сөздердің мағыналары бірдей бола бермейді. Сөздердің көпшілігі белгілі бір ұғымның атауы болады да, жеке тұрғанда белгілі бір лексикалық мағынаны білдіреді.
Одағай
Одағай
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті, Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ауелбаева Арайлым
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×