Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абайдың өлеңдері

21 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Қазақ әдебиеті (10 - сынып)
Сабақтың тақырыбы: Абайдың өлеңдері (слайд)
Сабақтың мақсаты: Абай Құнанбаевтың өмірі, шығармашылығы туралы түсініктерін пысықтай отырып, өлеңдерімен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау. Өлеңнің мазмұнын түсіндіру.
2. Дамытушылық: тақырып бойынша алған білімдерін пысықтау және тереңдету. Оқушының дүниетанымын кеңейту, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: оқушыларды жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, әңгімелеу, топтық жұмыс «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»технологиясы
Сабақтың көрнекілігі: Абайдың портреті, өлеңдері, интерактивті тақта(түрлі - түсті слайд)
Пәнаралық байланыс: ән, қазақ тілі, орыс тілі.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу.
II. Үй жұмысын тексеру. Тіл дамыту сұрақтарын қою. Сұрақ - жауап:
Абай кім?
Абайдың шын аты?
Абайға ертегі, әңгіме айтып өсірген кімдер?
Абай қай жылы туған?
Абайдың қанша қара сөздері бар?
Абайдың әжесінің аты кім?
Абайдың анасының аты кім?

III. Жаңа сабақ: Оқушылар екі топқа бөліп отырғызылған. I. Қызығушылықты ояту сатысы:
1 - слайд
• Бұл кімнің өлеңі? Қалай ойлайсыңдар?
2 - слайд
Дұрыс, Абай атамыздың өлеңі.
Басқа қандай өлеңдерін білесіңдер?
Қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер? Кім айтады?
Оқушылар өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтады.
Абай Құнанбаевтың өлеңдері туралы не білеміз?

II. Мағынаны ажырату сатысы:
ББҮ сызбаны толтыру.
Абай Құнанбаевтың өлеңдері туралы не білеміз? Оқушылар өз ойларын сызбаның «Не білемін?» бөлігіне жазады
4 - слайд
Енді Абайдың өлеңдеріне тоқталайық. Балалар, Абай Құнанбаев өлеңдерін әр түрлі тақырыпта жазған. топталып алынған.
Интерактивті тақтаға қарайық. Топқа бөлінген өлеңдерімен таныстыру.
5 - слайд Табиғат лирикасы
6 - слайд Өнер - білім туралы өлеңдері
7 - слайд Маххабат лирикасы
8 - слайд Көңіл күй лирикасы

Еңді әр өлеңге жеке - жеке тоқталайық. Жеке - жұппен - топпен жұмыс істейміз. Әр топтан бір оқушы өзіне берілген өлеңді мәнерлеп оқып шығады. талдайды.
Сұрақ - жауап:
Бұл өлеңдердің тақырыптары не?
Не туралы айтылған?
Ақын жас ұрпаққа не айтқысы келді?
Өлеңнің құрылысына қарай талдаймыз. Әр топтан бір оқушы шығып, өлең жолдарын талдайды. Жауаптарының дұрыстығын 11 - 12 слайд бойынша тексереміз.
11 - слайд
I топ
3 бунақты, 4 тармақты, бір шумақты, аралас буынды қара өлең ұйқасы.
12 - слайд
II топ
3 бунақты, 4 тармақты, бір шумақты, аралас буынды қара өлең ұйқасы.

III. Ой толғаныс сатысы
Тақтамен жұмыс
Абай Құнанбаевтың өлеңдерімен таныстық.
Енді сызбаның (4 - слайд) «Не білдім?» бөлігін толтырамыз. Оқушылар өз ойларын дәптер бетіне түсіріп, оқып шығады.
Абай атамыздың өлеңдері туралы не білгіміз келеді? Сызбаның «Не білгім келеді?» бөлігін толтырамыз.
Сабағымызды қорытындылай келе, Абай атамыздың алғашқы өлеңдер жинағының сақталған данасын көрейік.
13 - слайд
Семейдегі Абай мұражайы

Қорытынды: Автор орындығы «Мен ақын болсам қандай тақырыпта өлең жазар едім»
IV. Үй тапсырмасы: Өлең жаттау. Сызбаның «Не білгім келеді?» бөлігіндегі сұрақтарға жауап жазамыз.
V. Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.
VI. Бекіту: Бұл өлеңдерде қандай насихат айтылған. Сендерге қандай ой салды? Сабағымызды «Көзімнің қарасы»» әнімен аяқтайық

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
28 068
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай және орыс әдебиеті
Абай және орыс әдебиеті
Абай, оның өмірі, шығармашылығын қалай меңгергенін анықтау. Өз бетінше іздендіруге, шығармашылық жұмысқа үйрету. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, сөздік қорын байыту.
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.
А. Құнанбаевтың өлеңдері (күнделікті сабақ жоспары)
А. Құнанбаевтың өлеңдері (күнделікті сабақ жоспары)
Абай Құнанбайұлының алдына қойған мақсаты қараңғы қазақтың көзін ашу, көңілін ояту оларды мәдениетті елдердің қатарына қосу еді. Осы мақсатпен ол оқушыларды оқу - білімге шақырған «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі еді.
Абайдың табиғат лирикасы
Абайдың табиғат лирикасы
РФ Алтай Республикасы, Қосағаш ауданы қазақ тіл мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Актанова Токжан Мудиновна
Құлақтан кіріп бойды алар, әсем  ән мен тәтті күй...
Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй...
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Шерубай Нұра негізгі мектебі бастауыш сынып мұғалімі Аманбек Дауренгул
Абайдың ән-күйлері (шығармашылық жұмыс)
Абайдың ән-күйлері (шығармашылық жұмыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×