Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мағжан Жұмабаев «Мен кім?», «Қазақ елі»

24 қаңтар 2015, Сенбі
Қазақ тілі 6 сынып
Сабақтың тақырыбы Мағжан Жұмабаев «Мен кім?», «Қазақ елі»
Жалпы мақсаты:
● Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы сұрау, өлеңдерінің мазмұны мен негізгі идеясын ашу;
● Оқушыларды мәнерлеп оқуға машықтандыру, өз пікірін нақты жеткізе білуге, шығармашылыққа баулу;
● Өз ұлтын, елін сүйетін патриот азамат тәрбиелеу;

Күтілетін нәтижелер:
● Мағжан сыршыл ақын екенін, Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен күшті ақын екенін біледі, өлеңдерінің негізгі идеясын ашады;
● Логикалық ойлау қабілеті дамиды, шығарма - шылық ізденіске талпынады;
● Жүрегі өз ұлтым деп соққан нағыз патриот азамат тәрбиеленеді;

Жалпы идея «Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай… Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін»
М. Әуезов
Ресурстар: Электрондық оқулық, ақын портреті, постер, маркер, смайликтер

Тапсырмалар: Топпен жұмыс: «Біздің пікір»
Жеке жұмыс: «Ой толғау», «Пікірлесу»,. «Лайықты сөз», «Топтастыру». «Қала мен дала», Венн диаграммасы.

I. Ұйымдастыру кезеңі(2 минут)
а) Сыныпта жағымды ахуал туғызу
ә) Топқа бөлу (конвертке ақынның шығармашылығы туралы сөздер беріледі, сол арқылы оқушылар бір - бірін тауып 4 топқа бөлінеді)
II. Үй тапсырмасын пысықтау. (10 минут) 1. А. Байтұрсыновтың I – топ «өлеңдерін», II – топ «мысалдарын», III - топ «аудармаларын», IY - топ «оқулықтары» жайлы айтады
2. А. Байтұрсыновтың «Анама хат» өлеңін жатқа айту
III. Бағалау. (Бас бармақпен бағалау)
IY. Жаңа сабақты меңгерту. «Ой таным» (5 минут)
(Алдын ала М. Жұмабаевтың шығармашылығы мен өмірі жайлы оқып, қарап келу болатын)

Мұғалім: Мағжан - сыршыл ақын. Мағжан сөзі тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсың. Абайдан соң өлең өлшеулерін түрлендірген де – Мағжан.
Y. Оқулықпен жұмыс.(10 минут, постер қорғау)
I – топ Мағжан кім?«Топтастыру». Отбасы жайлы мәлімет беру II – топ «Мағжан - ақиық ақын» деген пікірмен келісесің бе?
III - топ Қазақ тілінің бүгінгі таңдағы маңызы қандай? IY - топ Мағжан ғана емес, өзге де арыстарымыздың қайғылы қазасына не себеп болды? Айыпты – адам ба, заман ба?
YI. Бағалау. (Смайликпен бағалау)
YII. Ұжымдық жұмыс «Поэзия сәті» (5 минут)
Мағжанның «Мен кім?», «Қазақ тілі» өлеңдерін мәнерлеп оқу.
YIII. Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар. (3 минут)
А - деңгей. 1. «Ой толғау» «Ақын – ұлт презенті» «Ұлт» деген сөзді қалай түсінесің?
2. Ана тілінің келешегіне деген ақын сенімі, үмітінің өміршеңдігін дәлелдеп көр.
В - деңгей. 1. Ақынды толғандырған не?
С - деңгей. Ақын білім алған оқу орындары.
IX. Бағалау. (Бағдаршаммен бағалау)

X. Топтық жұмыс «Мағынаны аш» (5 минут)
1. Өлең құрылысына талдау
Күш кеміді // айбынды // ту құлады, а
Кеше батыр // – бүгін қорқақ // бұғады. а
Ерікке ұмтылған // ұшқыр жаны // кісенде, б
Қом суынған // жүрек // солғын соғады. а
Шумағы: 4, тармағы: 16, бунағы: 3, буыны: 11, ұйқасы: қара өлең ұйқасы

2. Әдеби теориялық ұғымдар
Метафора: айбынды ту, ұшқыр жан, алтын ана, жауыз тағдыр, нұрлы жұлдыз.
Теңеу: арыстанмын, жолбарыспын, күнмін, жасықпын, тұлпармын, теңізбін.

3. Сөздікпен жұмыс
Ерікке ұмтылған, ұшқыр жаны кісенде, қос қанат, кең тілім.

XI. Сабақты қорыту.
Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың заманы бір, ойы бір ақын екендігін аңғартатын өлең жолдарын, яғни ой - арманының үндестігін табу
Венн диаграммасы
XII. Бағалау. Сөзбен мадақтау
XIII. Кейінгі оқу. С. Дөнентаев шығармалары, өмірі, өлеңдері жайлы біліп келу
Кейінгі тапсырма. Өлеңдерді жаттау. Қазақ тілі туралы өлең шумақтарын шығарып келу.
4 812
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы
М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасынан алынған үзіндідегі әдебиет пен тарихтың өзара үндестігін зерттеу арқылы оқушылардың білімін тереңдете түсу
Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі
Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Қарасу ЖОМ Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Абишева Айсулу Даирбековна
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев
Ақтөбе қаласы, №31 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Атырау облысы, Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагулова Гүлжан Жәрдемқызы
Мағжан Жұмабаевтың "Шолпы" өлеңіндегі шолпының түрлері, тәрбиелік мәні
Мағжан Жұмабаевтың "Шолпы" өлеңіндегі шолпының түрлері, тәрбиелік мәні
Дауылпаз ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірден өз орнын анық тауып, артына өшпес мол мұра қалдырғанын анық білеміз. Оның лирик ақын екені де баршаға аян.
Мен жастарға сенемін!
Мен жастарға сенемін!
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылының №41 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Алибекова Баян Байкеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×