Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Антонимдер

26 қаңтар 2015, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Антонимдер
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
А) 83 - жаттығу
ә) Лексика дегеніміз не?
Б) Омоним дегеніміз не? Көп мағыналы сөздерден айырмашылығы. Мысал келтір.
В) Синоним дегеніміз не? Мысал келтір.

3. Жаңа сабақ.
Суреттер арқылы мысал келтіре отырып, анықтамасын шығару.
Биік ағаш - аласа ағаш, үлкен тау – аласа тау.
Тілімізде мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер де болады екен.
Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздерді антонимдер дейміз.
Антонимдер мен болымды – болымсыздық мағыналары бірдей емес.

Венн диаграммасын құру.
● Антонимдер
Жақсы – жаман
Ал – бер
Сулы – құрғақ
Көңілді – қапалы

●ортақ
қарама - қарсы
мағына береді

●Болымды – болымсыз
жақсы – жақсы емес
ал – алма, бер – берме
сулы – сусыз
көңілді – көңілсіз

Оқулықпен жұмыс
87 - жаттығу
1. «Қандай әсем сөйлейді!» мағынасын ашу.
2. Әсем, тез, шебер, зор сөздерінің антонимін табу.
әсем – нашар, тез – жай, баяу, шебер – олақ, зор – пәс

88 – жаттығу.
Тақырып: «Жүректілік»
Синонимдер: қайғы, қасірет,
Күші, шымырлығы
Күшті, батыл, ер жүрек
Антонимдер: ізгілік – зұлымдық

Сергіту сәті: Ойын « Кім тапқыр?»
«Миға шабуыл» стратегиясы (Өз бетімен жұмыс)
Антонимдік мағынадағы 1 - 2 мақал, жұмбақ, жаңылтпаш жазу
Мақал:
Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.
Дұшпан күлдіріп, дос жылатып айтады.

Жұмбақ: Үсті тас, асты тас, ортасында піскен ас.(таба нан)
Аяғы бар, басы бар, Арқалаған тасы бар. (Тасбақа)

Жаңылтпаш: Ақ тайлақ ақ па? Қара тайлақ ақ па?
Күн бе, түн бе, Пілге мінбе.

Үлестірме қағаздармен жұмыс
Ажырату диктанты

Антонимдер:
Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.
Дұшпанға тастай қатты бол,
Досыңа балдай тәтті бол.
Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.
Жаман сөз – жанға кірген тікен,
Жақсы сөз – таусылмайтын кен.
Болымды – болымсыз: Мал сақтама, ар сақта.
Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен.
Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
Жүйелі сөз жүйесін табар,
Жүйесіз сөз иесін табар.
Ердің өзіне қарама, сөзіне қара.

Сабақты бекіту: 1. Қазір қай мезгіл? Абай атамыздың осы күз мезгіліне арнаған өлеңін оқып бере қойыңдар.
Сұр бұл түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тоңғаныма, тойғаныма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Антоним болатын сөздерді табу. Суық – жылы, аспан – жер, дымқыл – құрғақ т. б.

2. « Топтастыру» стратегиясы
Антонимдер

Мағыналары қарама - қарсы
Болымды - болымсыздық мағыналары болады.
Мақал - мәтелдер, жұмбақтарда көп қолданылады
ойды бейнелі түрде жеткізеді

5. Бағалау.
6. Үйге тапсырма: 89 – жаттығу. Ережелерді жаттау.
Антонимі бар 5 мақал, 3 жұмбақ жазып келу.
25 463
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Антонимдер
Антонимдер
Сөз мағыналарынан алған білімдерін пысықтай отырып, мағыналары қарама - қарсы сөздерге мысал келтіре отырып, антонимнің анықтамасын оқушылардың өздері ойланып, шығаруға бағыт беру
Антоним
Антоним
Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы болатын сөздер антонимдер деп аталады. Мысалы: ақ - қара, қараңғы - жарық, ашық - жабық т. б. Антонимдер – ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы.
Антоним
Антоним
Балалар, антоним грек тілінде anti – қарсы, onota - атау дегенді білдіреді.
Антонимдерді қайталау
Антонимдерді қайталау
Ақмола облысы, Астана қаласы, Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Баймаганбетов Руслан Тлепович
Антонимдер
Антонимдер
Атырау қаласы, Абай атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Досжанова Райхан Лекерқызы
Антонимдер
Антонимдер
Жангелдин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекенова Индира Қонысбекқызы Сыныбы: 5 Сабақтың тақырыбы: Антонимдер Сабақтың мақсаты: Білімділік - антоним сөздерді бір-біріне салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×