Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Айтыс шебері – Жамбыл

30 қаңтар 2015, Жұма
Сабақ тақырыбы: Айтыс шебері – Жамбыл

Сабақтың мақсаты:
білімділік – а) айтыскер ақын Жамбылдың өмір жолы, айтыс ақыны ретінде танылуы, айтыстарындағы сол кездегі әлеуметтік мәселенің көтерілуі,
ә) Жамбылдың айтыстағы ақындық шеберлігі туралы мағлұмат беру;
дамытушылық – а) оқушылардың әдеби дүниетанымын кеңейту, ақын туралы қосымша деректер келтіру арқылы пәнге қызығушылығын арттыру,
ә) өзіндік пікір айту дағдыларын дамыту; тәрбиелік – ақын бойындағы ізгі қасиеттерден үлгі алуға, адамның жан дүниесін тани білуге, көркем әдебиетті сүйіп оқуға, өлеңді талдату арқылы елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ, танымдық сабақ.
Сабақ әдісі: баяндау, мәнерлеп оқу, сұрақ - жауап, салыстыру, әңгімелеу, талдау, іздену, зерттеу.
Сабақтың көрнекілігі: ілестірме қағаздар, тест тапсырмасы, ақын өмірі туралы буклет, тірек сызбалар, нақыл сөздер, фото слайдтар, көркем әдебиеттер.
Пәнаралық байланыс: тіл, халықтық педагогика, тарих.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық жүргізіледі.
Сынып үш топқа бөлінген. Әр топ жетекшісі өз топтарының сабаққа әзірлігін тексеріп шығады.
Сабақ тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ақын, жазушы, Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде жазып келген «Ілияс Жансүгіров – қазақ өнерінің жыршысы» атты тақырыпта шығармалары оқылады. Оқушыларға екі нұсқада тест жұмысы таратылып орындалады.

ІІІ. Ой ашар.
Жаңа сабаққа әзірлік.
1. Жамбылдың «Зілді бұйрық» өлеңі мәнерлеп жатқа оқылады. Өлеңнің мазмұны 1916 жылғы Ұлт - азаттық күреске байланысты жазылғандығы айтылады.
2. Айтыс өнері, оның даму кезеңі, айтыс ақындары, Жамбылдың айтыстары туралы ойлары ортаға салынады.

IV. Мағынаны тану.
Жаңа сабақ.
Тақтада ілінген көрнекіліктер арқылы сабақ түсіндіріледі.
1. Өмірі туралы мәлімет. Халықтың мұң - мүддесін қорғаған, қазақ халқының бақытты болашағын армандаған бұқарашыл бағыттағы Абай, Махамбет, Сүйінбай, Шернияз секілді ақындар мектебінің ірі өкілдерінің бірі – жыр алыбы Жамбыл.
қаусырып жатқан ұлы тұлға!
Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы 1846 жылы ақпан айында Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген...
2. Шығармашылығы. Жамбыл шығармашылығын төрт топқа бөліп қарауға болады. Өзі кедейлікті көп көрген ақын алдымен байларды, халықтың қолы жете алмаған байлықты сынайды. Ондай көріністер «Сәт сайланарда», «Мәңке», «Шалтабайға» т. б. өлеңдерінде жиі кездеседі.
Малы көп бай жылайды қар жауғанда,
Бәрін тастар ниеті малға ауғанда.
Жерден алтын тапқандай кедейлер жүр,
Әйелі шелек толы сүт сауғанда.
Тағы бір өлең - жырлары соғыста жүрген майдангерлерге қуат беріп, ерлікке үндейді.
3. Айтыстың асқан шебері. Жамбылдың даңқы алдымен айтыс өнері арқылы шыққан. Өз тұсында небір бұлбұл, небір дүлдүл ақындармен айтысып тізе бүктірген. Алғашқы айтыстары ойын - тойларда өтеді. Жамбыл жастықтың салтын сақтап, Айкүміс, Бұрым, Сара сияқты қыздармен айтысады:
Сыртың бір сұлу жан екен,
Сыпайы көзге көрінген.
Сыр мінезің бар екен,
Сөйлесуге ерінген.
Қамқа камзол киінген,
Қас қабағың керілген.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 553
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жыр дүлдүлі Жамбыл /Ж. Жабаев өмірі, шығармашылығы/
Жыр дүлдүлі Жамбыл /Ж. Жабаев өмірі, шығармашылығы/
Жамбыл Жабаевтың өмір жолы, ақындық қызметі, шығармашылығынан мәлімет беру. Ақынның суырыпсалмалық қыры, айтыс өнеріндегі өзіндік өрнегін таныту, толғауларын үлгі ету;
Жамбыл Жабаевтың сатиралық өлеңдері "Кәдірбайдың төбеті" атты өлеңі
Жамбыл Жабаевтың сатиралық өлеңдері "Кәдірбайдың төбеті" атты өлеңі
Оқушылардың ақын туралы алған білімдерін молайту, сатиралық өлеңдері мен таныстыру. Ақын өлеңдері арқылы жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, шындықты ашық айту дағдыларын арттыру.
Жүз жасаған Бәйтерек. Жамбыл - айтыс шебері
Жүз жасаған Бәйтерек. Жамбыл - айтыс шебері
Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Нұрмұханбетова Гүлбадан Тачстыбайқызы
Жамбыл – жыр дүлдүлі
Жамбыл – жыр дүлдүлі
Ақтөбе қаласы, №31 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Жамбыл - айтыс шебері
Жамбыл - айтыс шебері
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Н.Бозжанов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абылхапова Баян Тұрсынбайқызы
Жыр алыбы - Жамбыл
Жыр алыбы - Жамбыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі. Музыка пәнінің мұғалімі Серібаева Баян Төлепбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×