Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Cөз мерген (сынып сағаты)

25 қазан 2012, Бейсенбі
«Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп - гимназиясы» ММ
Кемпрекова Жанар

Тақырыбы: Cөз мерген (сынып сағаты)
Сабақтың мақсаты:
Қоғамымызда болып өткен түрлі тарихи ахуалдар негізінде белең алған кейінгі буын бойындағы ой және тіл жұтаңдығын ескере отырып, олардың сөздік қорын байыту, сауатты сөйлеуді үлгілеу, ұмыт болуға айналған мақал - мәтелдер мен көне сөздерді ұтымды пайдалана отырып, қолданысқа ендіру, тіл мәдениетін жетілдіріп, тіл тазалығы мен шұрайлылығына көңіл аударту
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың түрі: ойын сабақ

Сабақтың барысы:
Жүргізуші:
Ар ма ардақты ағайын
Алқалы жұрт көз көрген,
Бүгінгі сабағымызда
Тіл сайысы сөз мерген

Ж - Осыдан тура 21 жыл бұрын - 1989 жылы қыркүйектің 22 - күні Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданған болатын. Ол заңда, сол кездегі Қазақ ССР - нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі - ұлтаралық тіл деп бекітілді.
Осыдан бері 22 қыркүйек күні республикада Қазақстан халықтарының Тілдері күні атап өтілуде. Бұл мереке ерекше, өйткені ешқандай елде мұндай мереке атап өтілмейді. Қазақстан – жүзден астам ұлт өкілдері тұратын көпұлтты мемлекет.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Ол осы елде өркендеп, дамуы тиіс. Оны осы елдің әрбір азаматы көзінің қарашығындай қорғап, мәртебесінің биіктеуіне барынша үлес қосу міндетті. Осы мақсатта біз бүгін «сөз мерген»ойынын өткізіп отырмыз Бұл – көне сөз, астарлы ұғым, мақал - мәтелді бір кісідей білетін сенімді жандар сайысқа түсетін ойын.
Ендеше Бүгінгі ойынымызға төрешілік ететін қазылар:
1.
2.
3.

Ж - Бүгін ойынымызға қатысатын оқушыларды таныстырып өтейін
1. Бірінші ойыншымыз -
2. Екінші ойыншымыз -
3. Үшінші ойыншымыз -
Сіздерді ойынымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
Ойын 3 кезеңнен тұрады. Әр кезеңде ұпайы аз ойыншылар ойыннан шеттетіледі. 3 - ші кезеңге жетіп, ойынның шарттарын толық орындаған, ұпайы жоғары ойыншы «Сөз мергені» деп танылады.
Жүрг.- І. Бірінші кезеңіміз Мықты болсаң, тауып көр деп аталады
Ойынға қатысушылар тұрақты сөз тіркесін тауып айтуы керек
Жүрек

Алтын
Тұз
Тас
Күміс

Ашық

Құлақ
Аяқ
Қол
Мұрын

Жүрг.- Осымен ойынымыздың бірінші кезеңі аяқталды. Сөз кезегін енді төрешілерге береміз.

Жүрг. ІІ. Екінші кезеңіміз Жүйрік болсаң, шауып көр деп аталады
Берілген сөздерден мақал - мәтелді құрау керек
Деген сөздер берілген

Тіл

Өнер
Мәдениет
Сурет
Ғылым

Теңіз

Үй
Қоныс
Білім
Ғылым

Осымен ойынымыздың екінші кезеңі аяқталды. Сөз кезегін енді төрешілерге береміз.

Жүрг.- Біз сізді құттықтаймыз, қарсыластарыңыздың бәрін жолда қалдырып, озып шықтыңыз, енді «Сөз мергені» атану үшін сіз үшінші кезеңіміз Ойлы болсаң, озып көр деген сыннан өтуіңіз керек. Бұл кезеңде сіздің сөз саптауыңыз, шеберлігіңіз сынға түседі. Берілген тақырыпқа ой толғау жасайсыз Ал біздің бүгінгі тақырыбымыз кеше бүкіл Республика көлемінде тойланып өткен Бауыржан атамыздың 100 жылдық мерейтойына байланысты болады. Ендеше ой толғау тақырыбы «Біз батырдың ұрпағымыз» Сізге ойлануға 5минут уақыт беріледі

Сатыбалдин Бекнұр Дихан Әбіловтың «Туған тілім» өлеңін оқиды.

Жүрг.- Сізге көп рахмет, енді қазылардың шешімін тыңдайық

Мұғалім - Бәрекелді сіз біздің бүгінгі ойынымыздың «Сөз мергені» атандыңыз, құттықтаймыз!!!«Сөз мерген»ойыны «... Өткірдің жүзі, Кестенің бізі - Өрнегін сендей сала алмас» деп, қуаттылығы мен нәзіктігін Абай ақын тамсана жырлаған қазақ тілінің құдіреттілігін паш етеді. Міне Бүгін осыған баршамыз күә болдық Тіл мерекесі баршаңызға құтты болсын!

Жүрг.- Ғабдулкәрім Болат Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін оқиды

Слайдын жүктеу
7 766
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл
Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл
1989 жылы «Республикадағы қазақ тілінің жайы» туралы қаулы қабылданды. 1989 жылы қыркүйектің 22 - і күні «Қазақстан Республикасындағы тілдер» Заңы қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
Атырау қаласындағы №32 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бернияшова Мөлдір Жұмабайқызы
Тілім менің – тірлігімнің айғағы
Тілім менің – тірлігімнің айғағы
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, № 2 Ақсуат орта мектебінің Ағылшын тілі мұғалімі Ахметалина Әсем Биғазықызы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
Астана қаласы, №35 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Оразбекова Гульсум Булатовна
9 мамыр
9 мамыр
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Арналы бұлақ асыл сөз
Арналы бұлақ асыл сөз
22 қыркүйек «Тілдер мерекесі». 1989 жылы қыркүйектің 22 күні Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданған болатын. Осыдан 22 қыркүйек күні республикада Қазақстан халықтарының тілдер күні деп аталып келуде.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×