Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі

01 ақпан 2015, Жексенбі
Қазақ әдебиеті 7 сынып
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі
Мақсаты: а) ақпараттық: Ғ. Мүсірепов туралы мәлімет беріліп, «Ананың анасы» әңгімесінің мазмұнын, идеясын, тақырыбын меңгерту;
ә) коммуникативтік: Оқушылар алған білімдерін ауызша және жазбаша тілде қолдана білімін қалыптастыру;
Б) проблеманы шешу: Жаңа материал бойынша берілген сұрақтар мен тапсырмаларды өз бетімен орындауға дағдыландыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Көркемдеп оқу, сөздік
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Білім беруді ізгілендіру, Дамыта оқыту, СТО.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, портрет
Пәнаралық байланыс:. Қазақ тілі

Сабақтың барысы:
Мұғалімнің қызметі
- сәлемдесу;
- оқушыларды түгендеу;
- оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
- сабақта жоқ оқушыларды айту;
- сабаққа назар аударады.
С. Мұқанов « Балуан Шолақ» повесін мазмұндау.

Жасырын сұрақтар:
1. С. Мұқанов өмір сүрген жылдар.
2. «Есіл бойында» әңгімесі қай романнан алған үзінді.
3. «Есіл бойында» әңгімесіндегі әнші жігіт кім?
4. «Есіл тасып барады» әнін айтып бер.
5. Аңшылық, құсбегілік туралы жазған әңгіме?
6. «Есіл бойында» әңгімесіндегі кейіпкерлер.
1. 1900 - 1973
2. «Өмір мектебі» романнан алған үзінді
3. Мырзатай
4. Есіл тасып барады жардан асып,
Қар жауады жаңбырмен араласып.
5. «Саятшы Ораз» әңгімесі.
6. Мырзатай, Бекберді, Ұлпа, Мұратбек.

IV. Жаңа материалды меңгерту
Ғабит Мүсірепов
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы 22 наурызда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. 1916 жылы 14 жасында Обаған деген жердегі нағашысының көмегімен орыс мектебіне оқуға түседі.
1923 - 26 жылдары мектепті бітіріп, Преснегорьковтағы екі кластық орыс мектебін, жұмысшы факультетінде оқып, ауыл шаруашылық институтында оқиды.
1929 - 30 жылы «Қос шалқар» «Талпақ танау», «Ана туралы новеллалар», «Автобиографиялық әңгіме», «Көк үйдегі көршілер», «Күсен», «Қыз жібек» шығармаларын аударды.

Ананың анасы
«Ананың анасы» атты әңгімесінің мазмұны ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңген, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған.

V. Жаңа білімді бекіту
1 - тапсырма
Көркем шығарманы сатылай кешенді талдау.
Шығарма авторы:
Тегі, түрі:
Тақырыбы:
Идеясы:
Шығарманың композициялық құрылысы:
1. Сюжеттің басталуы:
2. Сюжеттік байланыс:
3. Шиеленісуі:
4. Шарықтау шегі:
5. Шығарманың шешімі:
6. Шығармадағы кейіпкерлер:
7. Әдеби теориялық ұғымдар:
эпитеттер:
8. Дисфемизмдер:
9. Көнерген сөздер:

1 - тапсырма
Көркем шығарманы сатылай кешенді талдау.
Шығарма авторы: Ғ. Мүсірепов
Тегі, түрі: проза (әңгіме)
Тақырыбы: Қазақ анасының ұлттық бейнесін жасауы
Идеясы: Ананың балаға, адамзатқа деген ұлы махаббатын паш ету
Шығарманың композициялық құрылысы:
1. Сюжеттің басталуы: Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады.
2. Сюжеттік байланыс: Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуы, жылқыны барымталауы, қызды олжалап, мінгестіріп алуы.
3. Шиеленісуі: Қызын арашалай алмаған жылқышының мерт болуы, ананың барымташылардың алдын орап алуы, тоқтатуы
4. Шарықтау шегі: Кейкінің үкімі, қызды шешесімен күңдікке алу.
5. Шығарманың шешімі: Сөзден жеңіліп, тосылып қалған Жалпақ балуан Ана мен қызына бостандық береді.
6. Шығармадағы кейіпкерлер: Жалпақ балуан, Кейкі, Әйтілес қария, Рамазан, Жанай балуан, ана, қыз т. б.
7. Әдеби теориялық ұғымдар: теңеулер: сабасындай, тымақтай, етектей сақалы, жауырыны қақпақтай, оқтаудай ойнап, ұршықтай ойнап. т. б.
эпитеттер: шаңқай түс, найза бойы, құлан, тұяқ т. б.
8. Дисфемизмдер: Қар қатынның, байым өліп, елсізде туғыр бала би.
9. Көнерген сөздер: жабағы, күпі, тоқым, құл, күң, сауға, құнбарымта т. б.

2 - тапсырма
«Ананың анасы» әңгімесінің желісі бойынша кестені толтырыңыз.
Шығарманың аты
Кейіпкерлері
Ұнаған
эпизод

2 - тапсырма
Шығарманың аты: «Ананың анасы» әңгімесі
Кейіпкерлері: Ана, жалпақ балуан, Кейкі, Әйтілес, Рамазан
Ұнаған эпизод: Қызын арашалай алмаған жылқышының мерт болуы, ананың барымташылардың алдын орап алуы, тоқтатуы.
3 - тапсырма
«Анам менің көгімдегі жұлдызым» өз аналарыңызға тән қасиеттері топтастырып жазыңыз.
3 - тапсырма
Ана - ақылшым, батыл, көпшіл, қайраты, қамқоршы...
VI. Үйге тапсырма 1. Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесін мазмұндау.
2. Ақын туралы мәлімет іздену. Үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

VII. Бағалау.
Қорытынды. Оқушылар бағаланып, сабақ қорытындыланады. Бағаланған оқшылар күнделікке бағасын қойғызады.
10 753
0
  • 80
3 дауыс


Жаңалықтар
Сабақты етістік пен салт етістік
Сабақты етістік пен салт етістік
Етістіктің сабақты және салт етістік түрлерін табыс септігімен байланыстыра отырып меңгерту Тақырып бойынша алған білімдерін ауызша, жазбаша тілде пайдалану дағдысын қалыптастыру.
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі
Алматы облысы, Талғар қаласындағы №7 мектеп-лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дарменқұлова Ғалия
Cәбит Мұқанов «Балуан Шолақ»
Cәбит Мұқанов «Балуан Шолақ»
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенті Жанашова Гауһар Бисенбайқызы
Келер шақ. Мақсатты келер шақ
Келер шақ. Мақсатты келер шақ
Сабақтың тақырыбы: Келер шақ. Мақсатты келер шақ
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы»
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы»
Қызылорда қаласы, «Казрис» негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әсем Пірімова
Ғабит Мүсірепов шығармашылығындағы ана, әйел тақырыбы. «Ұлпан» романындағы Ұлпан образы
Ғабит Мүсірепов шығармашылығындағы ана, әйел тақырыбы. «Ұлпан» романындағы Ұлпан образы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің психологі Сейітова Гүлзада Пернебекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×