Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұбан Молдағалиевтің «Ар - ұят» туралы өлеңі

04 ақпан 2015, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Жұбан Молдағалиевтің «Ар - ұят» туралы өлеңі
Оқып үйренудің негізгі мақсаттары:
Өлеңнің мазмұны мен негізгі идеясын ашуға дағдыландыру, танымдық ой дағдыларын дамыту.
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер:
«Өзара бөліп оқыту», «Мюнстенберг», «Дөңгелек үстел», «Әңгіме кестесі», «Ойланудың төрт қалпағы»
Оқу нәтижелері: тапсырмаларды орындай отырып өлеңнің тақырыбын, түйінін анықтайды, мазмұнын түсінеді, өзін - өзі бағалауға үйренеді.
Сыныптағы өзара әрекеттестік:
Топтық, жұптық жұмыс. Талантты, дарынды балалар жұмысы.
Бағалау, соның ішінде оқыту үшін бағалау: Формативті бағалау. (Жұлдызшалар, стикерлерлер) Жиынтық бағалау. Критерийлерді бағалау. Өзін - өзі бағалау.
Сілтеме, негізгі дереккөздер: Ә. Дайыр, Қ. Айтқалиев, Ш. Беркімбаева, Г. Құрманбай Әдебиет - 5сынып Алматы «Атамұра» 2005ж Интернет материалдары. www. bilimdiler. kz

І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу
Сыныптың ахуалымен танысу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Топқа бөліну (түрлі түсті геометриялық фигуралар арқылы)
Бағалау парақшаларын тарату

ІІ. Үй тапсырмасын конверт сұрақ арқылы қорытындылау
1. Қ. Аманжолов кім?
2. Ол қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
3. Қ. Аманжоловтың бойында тағы қандай өнері болды?
4. Ұлы Отан соғысы кезінде ақын еліне қандай қызмет етті?
5. Оның қандай шығармаларын білесің?
«Дауыл» өлеңін жатқа айтқызу. (1, 2, 7 - шумақтар)

ІІІ. Жаңа сабақ
- Балалар, өлеңмен таныспас бұрын «Ар - ұят туралы біз не білеміз? Кім, қалай ойлайды?» Осы сұрақ төңірегінде «Дөңгелек үстел» әдісі бойынша жазып шығайық.
(Оқушыларға ойларын жазғызу, оқыту)
Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқытады.
«Өзара бөліп оқыту» әдісі бойынша оқыту
• Өлеңді мәнерлеп оқу
• Бөлімдерге ат қою
• Бір шумағын өлең құрылысына талдау
«Әңгіме кестесі» стратегиясы бойынша кестемен жұмыс

Авторы
Өлеңнің мазмұны не туралы?
Өлеңге арқау болған кейіпкерлер бар ма? Тартыс неден басталды?
Жігіттің жасаған қылығы дұрыс па?
Қария неге ашуланды?
Өлең қалай аяқталды?

Топтық тапсырма: «Ойланудың төрт қалпағы»
Өлең тақырыбы бойынша сұрақ қояды (қызыл)
Өлеңдегі кейіпкерлер бейнесі нақтылап айтып шығады (сары)
Қарт пен жігіт арасындағы диалогты айтады (жасыл)
“Арыңды жасыңнан сақта” мақалының мәнін ашады (көк)

«Ар - адамдық өлшемі» тақырыбына эссе
(Алғаш болып жазған оқушының эссесін оқыту)

«Мюнстенберг» әдісі
ВншарашождананемоеабыройжаотатақлдпұятқунамыстижадаллджылоллдмектеплдопарызмолпджігерметлдлоқушыолапЖұбаншгдзейінждыжэхзппбалашещзбілімлещсадалолвщкміндетлдыжонаданпнущжігітзелнәтижедвщшқарияопгпедаадамвщшуақытжхухқайратушыгшжүрекмазжылущлдхтәжкүшбезхкндтдтқуатырщсенімдыушзпталапдлаплптөзімдмдтабиғат
Дұрыс жауабы
Ар, ождан, абырой, атақ, ұят, намыс, адал, жыл, мектеп, парыз, жігер, оқушы, Жұбан, зейін, бала, білім, міндет, надан, жігіт, нәтиже, қария, адам, уақыт, қайрат, жүрек, жылу, күш, қуат, сенім, талап, төзім, табиғат

Сабақ туралы кері байланыс (рефлексия)
Сабақ не туралы болды?
Бүгінгі сабақ ұнады ма? Қалай ұнады?
Бұл сабақта қиындық келтірген не болды?
Бұл қиындықты ненің көмегі арқылы еңсердің?
Бағалау (Бағалау парақшалары, топтардың бағалауы, бірін - бірі бағалауы)

Қортындылау: Мұхамбет (с. ғ. с.) Пайғамбардың сөзімен аяқтау
«Ойланудың, ұялудың бәрі - қайырлы іс. Адамдардан ұялыңыз. Алладан ұялыңыз. Өзіңізден - өзіңіз ұялыңыз. Кімнен ұялсаңыз да бұл қылығыңыздың бәрі де қайырлы болмақ»
12 713
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәбит Мұқанов «Шыбынсыз жаз»
Сәбит Мұқанов «Шыбынсыз жаз»
Сәбит Мұқановтың «Шыбынсыз жаз» мәтінін түсініп оқуға үйрету. Мазмұнын негізгі идеясын ашуға мүмкіндік жасау. Табиғатты қорғауға түсінік жасау.
Осы шақ, нақ осы шақ
Осы шақ, нақ осы шақ
Тақырыпты оқи отырып, идеясын тарау тақырыбымен байланыстыра ашуға мүмкіндік беру, батылдықтың негізгі маңызын түсіне отырып топпен жұмыс істеуге үйренеді
Жұбан Молдағалиев. Ар – ұят туралы
Жұбан Молдағалиев. Ар – ұят туралы
Қазаққа ар - ұят ең жоғары саналады. Ар - ұят - парыздың бақылаушысы, адам өмірін реттеуші. Арлы, ұятты, намысты адам өз елін, жерін, ұрпағын мәңгі қорғайды.
«Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі Кендебай бейнесі
«Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі Кендебай бейнесі
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қаюпова Жайнагүл Жақсылыққызы
"Төрт ана" Мұхтар Шаханов
"Төрт ана" Мұхтар Шаханов
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, "М. Ломоносов атындағы орта мектеп" КММ бастауыш сынып мұғалімі Абраимова Н.С.
Күнтізбелік жоспар
Күнтізбелік жоспар
Күнтізбелік жоспар Пәні: Қазақ тілі Сыныбы: 5 Жылдық сағат саны: 102 сағат Апталық сағат саны: 3 Оқулық авторлары: Ә. Дайыр, Қ. Айтқалиев, Ш. Беркімбаева, Г. Құрманбай Баспа: Алматы: Атамұра, 2010 Пән мұғалімі: Анар Арыстанғалиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×