Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Салт және сабақты етістік

12 ақпан 2015, Бейсенбі
Қазақ тілі 6 сынып
Сабақ тақырыбы Салт және сабақты етістік
Жалпы мақсаты
• Оқушыларға етістіктердің мағынасына қарай сабақты етістік пен салт етістіктер болып бөлінетіндігі жайлы толық мәлімет беру.
• Ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой - пікірін қалыптастыру.
• Елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
• Етістік дегеніміз не екенін таниды, түрлерін ажырата біледі, жаттығуларды еркін орындайды.
• Пәнге қызығушылығы артады, шығармашылық ізденісте болады
• Топпен жұмыс істей алады, ауызбіршілікте болады.
Негізгі идеялар
Қазақ тілінде 9 сөз табы бар. Іс - қимылды, іс - әрекетті білдіріп, қайтті? не істеді? деген сұраққа жауап беретін сөз табы – етістік. Осы етістіктердің түрлерімен танысу
Ресурстар
Плакат, кеспелер, суреттер
Тапсырмалар
Жеке жұмыс: «Кім жылдам?»
Топпен жұмыс: жаттығулар орындау
Жеке жұмыс: кеспелермен жұмыс

I. Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
1. Сергіту сәті
2. Сандар арқылы 4 топқа бөлу
II. Үй тапсырмасын пысықтау.
Етістік дегеніміз не? Түрлерін ата.
1. 228 - жаттығу. Екі бағанға болымды және болымсыз етістікті бөліп жазу

III. Жаңа сабақты пысықтау. Етістіктер мағынасына қарай сабақты етістік және салт етістік болып екіге бөлінеді. Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер сабақты етістіктер деп аталады. Сабақты етістіктер кімді? нені? (кейде табыс септіктің жасырын түрі — не?) деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады. Мысалы: Сөзді сен баста. Бүл сөйлемдегі баста деген етістік сөз деген сөздің табыс септікте тұруын талап етіп тұр.
Мағынасы жағынан тура объектіні — табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады. Салт етістіктер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе беруі мүмкін, бірақ табыс септіктегі сөзбен байланыспайды. Мысалы: қаладан қайт немесе түсінде келді, т. б. болып қолданылса да, нені (ауылды, т. б.) қайт, нені түсінде, т. б.) келді деп айтуға болмайды. Сондықтан да бұлар — салт етістіктер.

IV. Топпен жұмыс: жаттығулар орындау.
I. II топ. 230 - жаттығуды орындайды
III. IV топ. 232 - жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:
Мәтіннен сабақты етістік бола алмайтын етістіктерді көшіріп жазыңдар
Бол, мақтану, жүріп, өскен, мақтанба; Екі топ та орындаған жаттығуды түгелімен тақтаға жазады. Оқушылар түгел дәптерге түсіріп отыру керек.

V. Жеке жұмыс.
231 - жаттығу. Етістіктерді септік жалғаулы сөзбен тіркестіріп жазу
VI. Бағалау. Оқушылар өзара бір - бірін бағалайды.
A деңгей. Морфологиялық талдау жасау.
B деңгей. Кеспелерге жауап беру
C деңгей. «Мағына» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
«Кім жылдам?» Сергіту сәті
VII. Бағалау. Суммативті бағалау.
VIII. Үйге тапсырма. Етістіктің түрлері 234 - жаттығу.
13 791
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сабақты етістік пен салт етістік
Сабақты етістік пен салт етістік
оқушыларға етістіктердің мағынасына қарай сабақты етістік пен салт етістіктер болып бөлінетіндігі жайлы толық мәлімет беру.
Сабақты етістік пен салт етістік
Сабақты етістік пен салт етістік
Етістіктің сабақты және салт етістік түрлерін табыс септігімен байланыстыра отырып меңгерту Тақырып бойынша алған білімдерін ауызша, жазбаша тілде пайдалану дағдысын қалыптастыру.
Сабақты етістік пен салт етістік
Сабақты етістік пен салт етістік
Сабақты және салт етістіктерін ұлттық ойындар арқылы дәстүрлі бағалай білуге, халқын салтын сүюге шақыру. Оның ойлы, мәдениетті азамат тәрбиелеу.
Етістік
Етістік
Заттың қимыл іс-әрекетін білдіретін сөзді етістік дейміз.
Етістік. Дара және күрделі етістік
Етістік. Дара және күрделі етістік
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы №31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тутеева Динара Серикбаевна
Қазақ тілінен сабақ топтамасы
Қазақ тілінен сабақ топтамасы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Аманкелді Аскерхан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×