Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шілде» өлеңі

Қазақ әдебиеті 5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шілде» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ақын өмірі, шығармашылығы туралы мәліметтер беру, «Шілде» өлеңінің көркемдік ерекшелігімен таныстыру.
Дамытушылық: Шығармаларына зерттеу жобасын жасау арқылы оқушылардың оқыған шығармаларынан негізгі ойды ажырата білу, саралау қабілеттерін дамыту, тезис, тірек - конспект ұғымдарымен таныстыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды жаз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыра отырып, әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойында сұлулықты сезінуді қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, әңгімелесу, ревин әдістемесі, рефлексия, талдау, шығармашылық, ойын, тренинг.
Сабақтың көрнекілігі: таныстырылым, таратпа қағаздар, сөзжұмбақ, стикерлер, жапсырғыштар, суреттер.
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу, музыка.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Психологиялық тренинг. «Менің жақсы көретін түсім». Оқушылар өздеріне ұсынылған түрлі - түсті парақтарды таңдайды. Таңдап алған түсіне қарай анықтамалар алады және топқа бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Серпілген сауал» ойыны.
Шарты: Үрленген шарды оқушыларға сұрақ қоя отырып лақтыру. Шарды ұстап алған оқушы сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаса, өз өнерлерін көрсетеді.
Сұрақтар:
1. Абай Құнанбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
2. Абайдың білімге, ғылымға шақырған қандай өлеңдері бар?
3. Қыс өлеңінде ақын қысты неге теңейді?
4. «Қыс» өлеңін жатқа айт.
5. Өлеңдегі Қондыбай, Қанай кімдер?
6. Қыстың қиындығын кімдер көреді?
7. Ақын адам болу үшін неден қашық, неге асық болу керек дейді?
8. Дүние де өзі, мал да өзі деген не?
9. Ғибрәтлі, нәфрәтлі сөздеріне анықтама бер.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Табиғат дыбыстарын тыңдату. Естіген дыбыстары жайлы ойларын сұрастыру.
Қандай дыбыстарды естідіңдер?
Бұл дыбыстар жылдың қай мезгіліне тән?
Осыған дейін табиғат туралы қандай шығармалармен таныстыңдар?
Қайсысың Ыбырай аталарыңның «Өзен», Абай аталарыңның «Қыс», «Күз» өлеңдерінен үзінді оқып бересіңдер?
2. Сөзжұмбақты шешейік. Дұрыс шешілген жағдайда бүгінгі сабағымыздың кейіпкерінің есімін табуға болады.
қыс
құлан
Толағай
тазша
Асан
Құнанбай
мақал
Абай
Махамбет
Ахмет
Бұқар
ертегі
3. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру. ДЖИГСО әдісі арқылы ақын өміріне байланысты мәтінді бөліп беру. Топ мүшелері оқып шығады, талқылайды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омбы уезінің Шарағай болысына қарасты Қарауыл Шабар ауылында (қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданы) туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған. Шоқпыт кедейліктің тақсіретін көп тартып, Қарауыл еліндегі бай жездесін паналап, малын баққан. Сонда үйленген. Байқоңыр, Сұлтанмахмұт деген балалары болған. Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі өліп, жетімдікті көріп өседі. Әкесі Шоқпыт әйелі өлген соң балаларын алып, өзінің туған жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына көшеді. Алғашқысында Сұлтанмахмұт әкесінен арабша хат таныған. Тортай, Мұқан деген ауыл молдарынан оқиды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 861
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Мен – қазақ»
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Мен – қазақ»
Өлеңді көркемдік ерекшеліктеріне қарай талдау дағдыларын дамыту, тақырып бойынша өз ойын ашық айтуға дағдыларын жетілдіру; Оқушыларды оқу - білімге деген құштарлыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
С. Торайғыров. “Шілде” өлеңі (слайд)
С. Торайғыров. “Шілде” өлеңі (слайд)
Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров. “Шілде” өлеңі (слайд) Шілде өлеңі Түскендей әуе жерге қырық күн шілде, Ішкен мас жегендер тоқ күнде - күнде. Қысқа түн қымқырылды таң көрінді: “Кел, шық” деп, иек қағып жарық күнге.
Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірімен таныстыра отырып, «Арыстан мен Тышқан» арасындағы мысалды оқып, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
С. Торайғыров «Шілде» өлеңі
С. Торайғыров «Шілде» өлеңі
Оқушыларды С. Торайғыровтың өмірімен танысып, өлеңінің идеясын ашу, білімдерін жан-жақтылы кеңейтеді, сөз байлығы кеңейеді, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді, өз ойын толық жеткізіп, өлеңнен негізгі түйінді таба білуге дағдыланады.
Арыстан мен тышқан
Арыстан мен тышқан
Бастауыш сынып мұғалімі: Мусина Айнұр
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 23 октябрь күні қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×