Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақшаңыз қалай?

15 ақпан 2015, Жексенбі
Шығармашылық тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері сабақтарында оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту»
“Ғылымның апаты – естен шығару және ғылымға қызығушылығы жоқ адамдарға үйретіп уақытыңды босқа өткізу” / Хадистен /

Тақырыбы: Қазақшаңыз қалай?
Мақсаты:
1. Білімділік: Қазақ тілінің қадір - қасиетін біліп, қазақ тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2. Дамытушылық: Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал - мәтелдер арқылы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тәрбиелік: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, қазақ тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру.
Көрнекілігі: плакаттар, «Ана тілі – рухани даму негізі» кітап көрмесі, ұпай беретін таяқшалар, мадақтау қағаздары, Microsoft Pover Point программасында безендірілген презентация.
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Мұғалімнің сөзі:
Тәуелсіздік - бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік - түнектерде тұңшығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

Таңғажайып атың да дәл табылды
Табылды да талай жұртқа танылды.
Қазақ елі, көкке жетті көк туың,
Сен – тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі!!!
Құрметті ұстаздар бүгін біз Қазақ тілі апталығына арналған
«Қазақшаңыз қалай?» атты шарамызды ашық деп жариялаймыз.
Бұл шарада мұғалімдер сайысқа түседі.
Шарамыздың мақсаты:
Қазақ тілін терең меңгеруге құштарлықтарын ояту,
Қазақ тілінің кең қанат жаюына үлес қосуға, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Қазақстанның, қазақ тілінің құдіреті туралы түсініктерін кеңейту және дамыту.
Сайысқа қатысушыларды сараптау: Мақалдардың жартысы айтылады, қалғанын қатысушы тауып айтады.
1. Тіл тас жарады,... (Тас жармаса, бас жарады)
2. Аңдамай сөйлеген,... (Ауырмай өледі )
3. Түйедей бойың болғанша,... (Түймедей ойың болсын)
Сайыстың жалпы турлары:
1. «Білімді мыңды жығады»- қазақ тіліне тән дыбыстарға мысалдар табу, дұрыс жазу - 1сайыс
2. «Бес бармақ - бір тіл» - ым - емеурін, қол әрекеттерін сөзбен жеткізу - 2 - сайыс
3. «Кім тапқыр?»- жазушылардың суреттеріне қарап аты - жөнін, шығармаларын
айту - 3 сайыс
4.«Кім жүйрік?» - болжау, берілген әңгіменің соңын жалғастыру - 4 сайыс
5. «Сөз табу» берілген сөздерден кім қанша сөз табады екен - 5 сайыс
6. «Есің болса, есте сақта» тыйым сөздерден оқып, есте қаншасы
қалғанын анықтау - 6 - сайыс
7.«Асыл сөз» - сұрақтар беріледі алған әріптерінен келетін жауап береді - 7 сайыс.
8. « Жаңылмайтын жақ» - жаңылтпаштарды айтып, бір әріптен тұратын ең ұзын
сөйлем құрау - 8 - сайыс
9. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - Мәнерлеп оқу 1 минөтте қанша сөз оқиды - 9 - сайыс

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- деп әділ қазылар алқасын сайлаймыз.
3 әділ қазылар алқасы сайланады.
Төселген жазушы емес менің затым
Көркемді жұмыс емес жазған хатым
«Сергек ой – ер серігі» дейді қазақ,
Салмақтап ел танысын ерлер атын – деп 1 сайысымызды бастаймыз:

1. «Білімді мыңды жығады»- қазақ тіліне тән дыбыстарға мысалдар табу,
дұрыс жазу - 1сайыс
Дана халқымызда мынадай сөз бар:
Сөз қисынын жүйесі білер, Ішер асты иесі білер.
Ә, Ө, Ү, Ұ, Ң, Һ, І

2. «Бес бармақ - бір тіл» - ым - емеурін, қол әрекеттерін сөзбен жеткізу - 2 сайыс
Дана халқымызда мынадай сөз бар:
Көз – қорқақ, қол - батыр
1. өтірікші, өте жақсы, есуас
2. мархабат, түсінбедім, анау
3. қош бол, қалайсың, көресің әлі

3. «Кім тапқыр?»- жазушылардың суреттеріне қарап аты - жөнін, шығармаларын
айту - 3 сайыс
Дана халқымызда мынадай сөз бар:
Екпінді болсаң елің сыйлайды, Құрбы - құрдас, теңің сыйлайды.

4. «Қиялдау - күнә емес» - болжау, берілген әңгіменің қалғанын жалғастыру - 4 сайыс
Дана халқымызда мынадай сөз бар:
Шешеннің тілі өткір, Шебердің бізі өткір.
Бірде Қожанасыр жолда келе жатса, жолда бір тауықтың жұмыртқасы жатыр екен. Олжалы болғанына қуанып, жұмыртқаны қолына алып, отыра кетіп қиялдай бастады:
Ал Қожекең нені қиялдады, не істеді? Әр біріміз өз қиялымызды айтамыз.

5. «Сөз шебері - шешен» берілген сөздерден кім қанша сөз табады екен - 5 сайыс
Дана халқымызда мынадай сөз бар: Жақсы сөз – кілт, көңіл құлпын ашатын
Жарқанат,

6. «Есің болса, есте сақта» тыйым сөздерден оқып, есте қаншасы қалғанын анықтау - 6 - сайыс
Дана халқымызда мынадай сөз бар: Аю күшіне сенеді, Адам есіне сенеді.
1. Ұмытып кетпе, есікті теппе!
2. Ізет танытып, әдепті сақта да, жатқан кісінің үстінен аттама
3. Құр бекерге ермекке, бос бесікті тербетпе
4. Шаршасаң сәл аялда, бірақ та жер таянба
5. Тарту тарт, тар келместей тақымыңа, мылтық, пышақ сыйлама жақыныңа
6. Кеңеске салақ қарама, кір жайма түнде далаға
7. Төрге шығып теріс қарап отырма
8. Ұлттық салттан бұлжыма, жұма күні кір жума
9. Өзім қумын деме, кісі ақысын жеме
10. Қашанда болсын есте, үлкеннің алдын кеспе
7.«Асыл сөз» - сұрақтар беріледі алған әріптерінен келетін жауап береді - 7 сайыс.

Дана халқымызда мынадай сөз бар:
Көңіл көзін сөз ашар, Сөйлемесе кір басар.
1. Қазақ тілі пәні ұнай ма?
2. Досың кім?
3. Әдемі адамның арманы не?
4. Бүгін қандай күн?
5. Сенің көзің қандай?
6. Жігіттер сырға таға ма?
7. Бала оқытатын адам?
8. Бос уақытыңда не істейсің?
9. Қандай тағамдар ұнайды?
10. Жасың нешеде?
11. Мақал білесің бе?
12. Есімің кім?
13. Аспанда не бар?
14. Мектеп мұғалімдері қандай?
15. Қар қай кезде жауады?
16. Алма тәтті ме?
17. Кім болғың келеді?
18. Адамдар неден қорқады?
19. Сыныбыңда неше оқушы бар?
20. Қандай қаланы білесің?

8. « Жаңылмайтын жақ» - жаңылтпаштарды айтып, бір әріптен тұратын ең ұзын
сөйлем құрау - 8 - сайыс
Дана халқымызда мынадай сөз бар:
Сөзің тәтті болсын, Ашуың қатты болсын.
1. Шіл пілге таңданбапты, Піл шілге таңданыпты.
2. Ақ шәйнекке ақ қақпақ, Көк шәйнекке көк қақпақ.
3. Шын еңбекші - өрмекші, Өрмекші - шын өрнекші.

9. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - Мәнерлеп оқу 1 минөтте қанша сөз оқиды - 9 - сайыс
Дана халқымызда мынадай сөз бар:
Жүзден біреу шешен, мыңнан біреу көсем.
Мәтін беріледі, сол мәтіннен қанша сөз оқып үлгереді, қатесі ескеріледі.
Қатысушылар өз көңіл сөздерін айтып, тілек білдіреді.
Абай атамыз айтқандай: «Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез» деп,
Әділ қазылар алқасына сөз, қатысушыларды мадақтау.
Қорытынды:
Мұғалім сөзі: Тіл - қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Ә. Тәжібаев.

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте
Қ. Мырза - Әли

Міне, осындай өлең шумақтарымен қазақ тілі апталығына арналған «Қазақшаңыз қалай?» атты шарамызды аяқтаймыз. Келіп, көріп, баға беріп, ат салысқандарыңызға көп рахмет!!! Сау болыңыздар!!!
5 786
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ана тілім – ардағым
Ана тілім – ардағым
Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін
Ана тілім - ардағым
Ана тілім - ардағым
Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал - мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту. 3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне
Сөз мәйегі – мақал –мәтел
Сөз мәйегі – мақал –мәтел
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
Сөз мәйегі - мақал-мәтел
Сөз мәйегі - мақал-мәтел
Оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал - мәтелдер
"Кім тапқыр?"
"Кім тапқыр?"
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×